«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет57/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

19 Дәріс. Араб мәдениеті.

  1. мәдениеттің даму ерекшкліктері.

  2. білім, Ғылымның дамуы.

  3. Тарих, география, медицина.

  4. Араб мәдеиетінің дүние жүзілік мәдениетте алатын орны.

Араб ренесансы Араб мәдениеті – Таяу және Орта Шығыстың, Солт Африка мен Оңт.-Бат. Европада орта ғасырларда арабтар мен басқа да халықтар жасаған есебінде ғылымда қолданылатын термин. Бұл мәдениеттің сырттай негізгі белгісі – Араб тілі. А. мәдениеті деп тарихи дамудың өн бойында араб халқы ғана жасаған мәдениетті де айтады. А. мәдениеті алғаш Бат., Орт. Және Солт. Арабияда туды. Мұның алдында сабей тілінде сөлейтін Оңт. Арабия халқының көне мәдениеті болған, ол өзіндік жазу түрін шығарған. Сирия, Ливан, ПалестинаИрактағы арамей халықтарының мәдениеті сияқты бұл мәдениет те жаңа туып келе жатқан Арабмәдениетінде елеулі әсерін тигізеді. 4 ғ. шамасында Арабтарда жазу шықты; ол арамей жазуының дамытылған түрі сияқты еді. 7 ғ-да Арабтың тоекратиялық мемлекеті құрылды. 8 ғ-дың ортасында жаулау нәтижесінде Арабия ұлан байтақ феод. империяға – Халифатқа айналды. Оның құрамында Арабтық Шығ., Солт. Африка, Иран, Ауғанстан, Пириней түбегінің басым көпшілігі, Закавказье мен Солт.-Бат. Үндістан кірді. Халифаттағы қатынас құралы араб тілі болды. Халифаттың қол астындағы халықтардың мәдениетің бойына сіңіріп, көне грек, эллин – рим, арамей, иран, үнді мәдениетінің зор жетістіктеріне сүйене отырып, арабтар Халифат құрамындағы өзге халықтармен игілікті қарым-қатынастар жасау арқылы мейлінше дамыған мәдениет жасады. Бұл мәдениет басқа халықтарға, атап айтқанда Бат. Европа халықтарына игі әсерін тигізді және дүние жүз. мәдениетке орасан зор үлес боп қосылды. А. мәдениетінің қалыптасып дамуында сириялықтар, парсылар, Орта Азия мен Кавказ халықтары үлекен дәуірлеп гүлденген шағы 8 – 11 ғ. болды.
Феод. Халифаттағы өндірістің даму қарқыны табиғат ғылымдары мен дәл ғылымдардың даумына талап етті. Көне грек, эллин ғалымдарының, оның ішінде Эвклит Птоломей еңбектері үнді математиктерінің еңбектерімен қатар араб тіліне аударылды; олардың жетістігі жер өлшеу, теңізде жүзу, жердіқолдан сүрау ісіне тығыз байланысты дамыған араб геометриясы мен астрономиясының негізіне алынды. Астрономияның одан әрі дамуна араб ғалымдарының жақсы жабдықталған обсерваторияларда жүргізген бақылау жұмыстары зор роль атқарды. Бақылаулардың дені астрологияға байланысты болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін аңықтады. Негізін үндіден алып, арабтар санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдалану жолын тауып, математиканың дамуына жол ашты. Арабтар (әл-Баттани, 858 – 929) тригонометриялық функцияны енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебр. теңдікті шығарудың бірнеше жолын тапты. Бұл салада Хиуалық әл-Хорезми (9ғ.) зерттеулерінің айрықша мәні болды. Әдетте жан-жақты энциклопедиялық білім иесі болған араб оқымыстылары негізінен теориялық медицинамен, дәрігерлік тәжірибе жұмыстарымен көп шұғылданды. Галленнің, Гипократтың еңбектеріне негізделген мед. ғылымына арабтар елеулі үлес қосты. Офтальмология айрықша дамуды; көздің құрлысы жөнідегі арабтардың түсінігі қазіргі замандағы ұғымға жақын келді. Геом. оптиканың жетістіктері офтальмологияға байланысты туды. Бұл салада Хайсамның (965 – 1035) еңбегі аса маңызды еді. Мед. Білімнің жиынтығы ар-Рази (864 – 925) еңбегінде берілді. Медицинаның және оған байланысты фармакологияның мұқтаждығы химияның дамуына жағдай жасады. Сода. Селитра. Т.б. хим. Заттар өндіру саласы табысқа жетті.алхимия кең тарды. Кристалдандыру, сүзу, қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру тәсілдері де арабтан шықса керек. Жабир ибн-һайям (Гербер, 712 – 815) араб алхимиясының атасы атанды. Шығыста туған компос, қағаз, оқ-дәрі т.б. арабтар арқылы Европаға тарады. Дәл ғылымдар мен табиғат ғылымдары Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Бирунидің араб тілінде жазылған еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Саудаға, алым-салыққа байланысты дамыған шолу сипатындағын географиямен қатар Птоломей еңбектеріне негізделген ғылми география өркендеді. Бұл салада парсы Ибн Хордадбех (820 – 912 ж.ш.), арабтар әл-Маъсуди (10ғ.), әл-Муқаддаси (10ғ.) еңбектерінің даңқы шықты. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік қайшылықтар мен тап күресін едәуір жақсы бейнеледі. Халифаттағы үстем идеология – ислам діні (суннизм) теология ғылымының идеологиялық негізі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ тарих, филос. ғылымдарының да ірге тасын қалады. Араб тарихнамасы Мұхаммед пен оның әріптестерінің өмірі жайындағы аңыздардан туып дамыды да, құбылыстардың себеп-салдары туралы мәселеге терең үңілмеді, оларды алла тағаланың құдіретінен деп түсіндірді. Аздаған ғана тарихшылар (Белазури, 892 ж. ө.) экономикалық-әлеуметтік құбылыстарға назар аударды. 10 ғ-дың басында Табаридің (923 ж. ө.) «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» жазылып бітті. Кейініректе ол араб мұсылмандардың жалпы тарихының жасалуына үлгі болды. Араб философиясы алланың өзі мен оның жазмышы жайындағы мұсылмандық діни айтыстар төңірегінде туды. Исслам өкілдері (Мутакаллимшілер) 7–8 ғ-да шектен шыққан идеолизм позиция сында тұрды. Жаңашыл раббылнамашылар мен еркін ойлы ақыл иелері консерваторларға қарсы алғаш рет ежелгі грек, эллин философиясының кейбір қағидаларын пайдаланды. 9 ғ-да неоплатонизмге, Аристотель мен Платонның іліміне негізделген дүниелік философияға қарама-қарсы раббылнамалық-филос. жүйе-кәләм шықты. Аристотелизмнің арабтағы жақтаушылары араб философиясындағы прогресшіл бағыттың өкілдері болды. Олардың ішінде Отырарда туып өскен, Шығыста екінші Аристотель атанған Әбу Наср әл-Фараби мен араб философы әл-Кинди бар. Раббылнаманың философияға қарсы ұзақ күресі исламға суфизмнің едәуір элементтерін енгізген әл-Ғазали еңбегінде айқын көрінеді.

Арабта екі түрлі мәдениет болды: феодалдар, бай саудагерлер, дін иелері жасаған мәдениет пен халық бұқарасы жасаған мәдениет. Еңбек шілердің антифеодалдық күресі әртүрлі мұсылман секталарының ілімінде бой көрсетіп отырды. Кейбір прогресшіл ақындар философтар, секталармен байланысты болды. әдебиетте исламға дейінгі 6-7 ғ-дағы поэзия дәстүрі басым еді; оны араб филосовтары 9-10 ғ-да жазып алып жинастырған. Олардың ең әйгілісі - Әбу Таммам құрастырған «хамаса» (9 ғ) мен Әбу-л-Фараж Исфаһани жинаған «Китап әл-Ағани» (10 ғ.). Омейя әулеті мен Аббас әулетінен болған алғашқы халифтар тұсындағы сарай поэзиясы дүниелік тіршілікті жырлау сипатында болды.Тіпті құдайға, мұсылмандық моральға тіл тигізуге дейін барды (Әбу Нуас, Әбу-л-Атахия т.б.). араб поэзиясы Мутанабби (10 ғ.) творчествосында биік шынға көтерілді. Әбу-л-Аъла әл-Матърри (11 ғ.) феодалдық езгіге, теңсіздікке, діни нанымдарға қарсы жалынды күрескер еді. Арабтың «шаттыққа тол азат ойдын» лебі ескен әдеби творчествосы Европаның Қайта өркендеу дәуірі үшін зор маңыз алды деп Ф. Энгельс. Араб халифатындағы архитектура мен өнер көп халықтың тәжірибесін бойына сіңіре отырып, өзіндік үлкен ерекшеліктерге ие болды. Архитектура дәуірлеп, үйдің жаңа үлгілерін туғызды: мешіт, медрессе, минареттер салынды, көбі бай ою-өрнектермен әшекейленді. Тұрмыс юұйымдарын әшекейлеу, сәндеу өнерінің тамаша үлгілері жасалды. Жануарлар мен адамның суретін бейнелеуге ислам діні жол бермеді. Халифат дәуірінен бүгінге дейін сақталып қалған – мешіттер мен сарай архитектурасы. Михраб, минарет, күмбез сияқты мешіт құрлысының әсем бөліктері 7 ғ-дың 2-ші жартысында пайда болды. Халифат дәуірі архитектурасының үздік ескерткіштері: Меккедегі Қағба ғибадатханасы (қазргі түрі 705 жылғысындай), Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль сионистері өртеген) мен 688 ж. салынған күмбезді Қубат ас-Сахра Омейя әулетінің Дамаскідегі сәнді мозайкалы Бани-Омейя мешіті (8 ғ.), Самарр мен оның төнірегіндегі мешіттермен сарайлар, Мшатт пен Қаср әл-Хайрдегі бекіністі әскери лагерьлер, тұрмыс-салт тақырыбын бейнелейтін әшекей өрнектері бар Кусейр-Амар қамалы, Бағдадтағы құрылсытар. Араб өнерінің Азиядан тыс жердегі орталығы Египет болды. Мұнда сәулет өнері (ибн Тулун мешіті. 9 ғ., күмбезді мавзолейлер т.б.), тұрмыс бұйымдарын әшекейлеу және сән өнері мықтап дамыды. Батыста (Тунис, Алжир, Марокко, Испания) Мавритания өнері аталған өнер дамып, сәулет өнерінің тамаша үлгілерін туғызды (Тунистегі Қайрауан қ-сының мешіті, 7 – 9 ғ. Кордовадағы бағаналы үлкен залы бар мешіт, 8 – 9 ғ. т.б.). Орта ғасырдағы араб өнерінде металдан, әйнектен көзеден, ағаштан жасалған көркем бұйымдар, әшекейлі мата кілем тоққуүлкен орын алды; кітап миниатюрасы жоғары дәрежеге көтерілген нәзік хуснихат (каллиграфия) өнерімен ұштасты.
Араб музыкасы арабтар жаулап алған елдер мен арабтар өнерінің тоғысуы нәтижесінде туып қалыптасты. Арабтардың «бәдәуи» дәуіріне жататын ескілікті муз. Мұрасы поэзия мен музыка бірлігі (синкретизм) арқылы ерекшеленеді. Араб музыкасы көне мәдениеттердің бірінен саналды. Арабтардың ертедегі профессионал әнші-ақындары (шайырлары) мен ән жанрының түрлері (хида – керуен әндері), соқпалы, үрмелі және шертпелі муз. аспаптары туралы деректер сақталған. 7 ғ-да Иран мен Византияның бөлігін жаулап алумен, Орта Азия мен Египетке үстемдік жүргізумен көбірек дамыған дәстүріне (грек муз. теориясының негіздері; араб музыкасының аспаптық музыкасы мен кейбір ладтарына иран музыкасының әсері) ықпал етеді. Араб классикалық музыкасының гүлденуі 7 ғ-дың аяғына саяды. Орта ғасырда вокальдық-аспаптық араб музыкасы Испанияның, Португалияның муз. өнеріне, кейбір Европа муз. аспаптарының қалыптасуына әсер етеді. Осы кезде арабтардың муз. ғылымы да шарықтай түсті: әл-Кинди, әл-Исфаһани, Сафи ад-Дин Урмағи сынды орта ғасырлық муз. теоретиктері шығады. Орта Азияның Әбу Наср әл-Фараби («Музыканың ұлы кітабы»), ибн Сина сияқты ірі ғалымдары муз. туралы тракттаттарын араб тіліне жазады. Араб классикалық музыкасы 7 баспалдақты ладқа негізделеді. Ән айтқанда бір дыбыстан бір дыбысқа сырғып өту тәсілдерін кеңінен қолдану, мелизмдік әшекей-өрнектер және вокальдық-аспаптық музыкадағы полиритмия (алуан ырғақтылық) араб музыкасына өзгеше үн бояуын береді. Классикалық араб музыкасы көбінесе вокальдық сипатта келеді. Араб музыкасындағы негізгі жанр – вокальдық-аспаптық ансамбль, мұнда әнші жетекшілік роль атқарады. Аспаптық музыка дәстүрі, әсіресе соқпалы аспаптарда ойнау салты араб музыкасында күні бүгінге дейін сақталған. Омейядтар дәуірі кезінде ибн Сурайж, Мабад, ибн Айша, Маик ат-Таи Жәмила сияқты атақты әншілер шықты. Аббасидтер династиясы кезінде Ибраһим әл-Маусили (742 – 804) мен оның баламасы Бағдад мектебінің негізін салушы – Исхақ әл-Маусили (767 – 850) сияқты музыканттар еркше көзге түседі. Ірі халифаттар ыдырағаннан кейін, А. музыкасы Солт. Африка мен Азияда өріс алды.
11 ғ-дың аяғына таман Халифатта феод. қатынастардың даму процесі аяқталып, халифат мүлде ыдырады. Салжұқтардың жаугершілігі, крест жорығына қарсы күрес, әсіресе 13 ғ-дағы монғол шапқыншылығы кезінде бағалы мәдени ескерткіштер қиратылды, өндіріс пен мәдениет құлдырады. Сонымен қатар Африка мен Пиреней түбегіндегі араб елдерінде бұл кезеңде ірі мәдени жетістіктер туды. Орта ғасырдағы Европада ең жоғары мәдениеті бар ел Кардова мемлекеті болды. Оның орталығы Кордова, Севилия, Малага және Гранада ун-ттері еді; оларда математика, астрономия, химия, мед. ғылымдарын оқыту жоғары дәрежеде жүргізілді. Гранада ун-ті студенттерінің ішінде көршілес католик дініндегі елдерден келген европалықтар да аз болмайтын. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Европа астрономиясының негізін салды. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Эксперименттік зерттеу тәсілдерін кең пайдаланған араб ғылымы шарықтап тұрғанда, философияның прогресшіл бағыты дамыды, екі жақты ақиқат жөніндегі ілімді туғызды және әлемді «алланың әмірімен ғайыптан пайда болды» дегенді теріске шығарды. Бұл ілімді араб философтарының көбі, әсіресе Кордовалық Ибн Рушд (Аверроэс, 1128 – 1198) ілгері дамытты, сөйтіп, Бат. Европа философиясының дамуына игі ықпалын тигізді. А. мәдениетінің тағы бір ұлы жетістігі Ибн Халдунның (1332 – 1406) тарихи-әлеуметтік теориясы еді. Бұл кезеңде көркем әдебиет саласында да елеулі құбылыстар болыд, Египет пен Сирия қаһармандық романдар, «Мың бір түн» ертегілерінің соңғы жетілдірілген нұсқасы туды. Әсіресе Мавтритания өнері дәуірлеп өсті (Гранада маңында 13 – 14 ғ-да салынған Альгамбра қамал-сарайы, Мароккадағы Фесе қ-сының 14 ғ. ортасында салынған медресесі, испан-мавритан көзе өнері т.б.).

Араб елдерін 16 ғ-дың басында түріктердің жаулап алып, өз үстемдігін орнатуы, одан кейін (19 – 20 ғ-да) Европа отрарлаушыларының езгісіне түсуі араб халықтары мәдениетінің дамуын мықтап бөгеді. Оның ендігі даму жолы 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап араб елдеріне жаңа, капит. қатынастың орнауы мен шетелдіктердің үстемдігіне қарсы ұлттық тәуіелсіздік жолындағы халық күресіне байланысты келді. Араб халықтары мәдениетінің азіргі ең күшті дамыған жері – Египет (БАР) пен Сирия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет