Қожа Ахмет Иасауидың еңбектері «Диуани Хикмет», «Ақыл кітап» – Қожа Ахмет Иасауидың дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы, «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әріпімен көшірілгені.
Кейіннен, бұл ескерткіш 1887 – 1901 жылдары Қазан қаласында, 1901
жылы Стамбұлда, 1902 – 1911 жылдары Қазан қаласындағы баспалардан жарық көрген. «Диуани Хикмет» – әрбір адамды имандылыққа,
ізгілікке, адамгершілікке бағыттайтын,
тәрбиелік мәні аса зор еңбек, Қожа Ахмет Иасауи әрбір адамның қадір-қасиетін оның жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді және адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді отыруы тиіс деп түйіндейді. «Мират ул-кулуб», «Көңіл айнасы» – XIV ғасырда жазылған Қожа Ахмет Иасауидің рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисаланы жинақтаған – Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи. Ол Қожа Ахмет Иасауи шәкіртерінің бірі болған. Оның қабірі,
Әлим Шейхтың мәлімдеуінше, Отырар қаласында жатыр. «Көңіл айнасының» жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: