«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет64/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

Әдебиеттер тізімі:

  1. Васильев Л.С.- История Востока.-М., В 2-х т.-М, 1998 т.1

  2. Всемирная история В 24.-Т.- Минск, 1996 Т.9

  3. Тортаев С.А. – Орта ғасырдағы Шығыс елдерінің тарихы.- Алматы, 1998

  4. Хитцель Ф.- Османская империя.- М.: Вече, 2006

  5. История Востока. Т.2.: Восток в средние века.- М, 1995



22 Дәріс. Осман мемлекеті.
Мақсаты:

  1. Осман империясы.

  2. І Сүлейман кезеңі.

  3. Мемлекеттік құрылысы.

Осман мемлекетіндегі феодалдық қатынастар. Түркияда жер мемлекет меншігі болды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар және 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын заимдар болып, әсіресе әскери лендер басым болды. Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сүлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір әскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді- хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған зандар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін және олардын шаруалармен қарым-қатынастарын катаң қадағалады.
Халықтың басым бөлігі - феодалдық тәуелділіктегі шаруалар - өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық - харадж, джизья төлеп тұрды.
ХҮ ғасырдың 20-шы жылдарында Баязит балалары арасындағы араздық басылып, Түркии мсмлекеті қайта күшейген кезде, олар назарын қайтадан Константинополге аударды. 1422 жылы түріктер Констаптинопольді қоршап алды. Бірақ, көп ұзамай, елде ақсүйектер бүлігі қайталана бастаған соң ІІ-Мұрат сұлтан қоршауды қойып, кейін қайтуға мәжбүр болды. Византия Макслония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды. Сөйтіп, низантнилықтар бір кездегі ұланғайыр иеліктерінің болмашы қалдықтарын ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі зкономикалық орталыгы - Фессалониканы басып алды.
2.2 ХҮІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. 1457 жылы Албанияны басып ала алмаған түріктер оны 1468 жылы ақыры бағындырып алды. Албан халқының ұлттық батыры Скандарбег (1405-1468) шайқаста қаза тапты. Скандарбсг Кастриоти деген албан князінің әулетінен шыққан. Ол бала кезінде түрік сүлтанына кепілдікке бсрілген, ІІ-Мұрат сүлтанның қолында тәрбиеленіп, ат жалын тартып мінісімен, соның әскерінде қызмет атқарды. Әскер басқарудағы ерекше қабілеті үшін "бэй" атағын және Александр Македонскийдің құрметіне Ескендір атьын алды. Бұл ат бұрмалана келіп "Скандарбег" болып кеткен. Өз халқының түрік сұлтандығына қарсы күресіне жан-жақты дайындалды. Оның ішкі және сыртқы жауларымен қатынас орнатты. Венгр әсксрбасы –Янош Хуньядимен келіссөз жүргізді.
1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер Қырымдағы Каффаны (казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп өтпей, түріктер Донның Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.
Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ 1457-1467 жылдары III Иванмен одақтасып, түріктерге қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның қол астында болды. (1793 жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті). 1473 жылы Кіші Азиядағы Қараман эмиратын басып алғаннан кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген мемлекетінің қарсылығына тап болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет