Байланысты: «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
Жаулап алынған халықтардың осман-түріктерге қарсы көтерілістері. Ол халықтар өздерінің тәуелсіздік жолындағы күресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары - "гайдуктер" деп аталды. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік чиновниктері мен жауынгерлеріне шабуыл жасады. Гайдуктер жиі-жиі қажетсіз қаталдыққа барып, тонаумен және зорлық-зомбылықпен айналысты. Славян феодалдарының едәуір бөлігі ислам дінін қабылдап, сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кетіп отырды.
Осман империясына кірген жерлер ірі әскери-әкімшілік бірліктерге-уалаяттықтарға, ал олар - санджактарға бөлінді. Уалаяттарды, санджактарды басқарушылар тек азаматтық билікке ие болып қана қоймай, жергілікті әскерлерге де басшылық етті. Сот билігі әкімшілік өкіметтерге тәуелсіз судьялардың -Кадилердің қолында болды. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырылды. Болгария мен Сербиядағы православиялық шіркеулердің дербестіктері жойылды. Балқан түбегіндегі барлық православиелік халық Константинопольдегі грек патриархының қарауына кірді.
ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркияның және оның жаулап алған жерлерінің экономиқалық жағдайлары біршама жақсарды. Түркия үкіметі мен түрік армиясы қолөнері мен сауданың өркендеуіне мүдделі болды. Қолөнершілердің цехтық бірлестіктері эснафтар деп аталды. Түріктер әдетте сауда жұмыстарымен аз айналысты. Көпестер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар мен еврейлерден құралды. Өнеркәсіп товарларын шет елден әкеліп тұруды көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне сауда артықшылықтарын беріп, баға салығын төмендетті. Мұның өзі жергілікті көпестердің қызметтеріне мейлінше кедергі жасап, жергілікті қолөнер кәсібінің өркендеуіне зиян келтіріп отырды. ХҮІ ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алуы аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті. Әскери-феодалдар әскердегі қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке меншігіне айналдыра бастады. Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан жалтарды, армияның саны кеміді. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың аяғынан Осман империясының құлдырауы басталды.
2.3 ХҮІ ғасырда түрік мемлекетінің әскери-феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Осман Империясындағы калыптасқан әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен сұлтанның (1520-1566) тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітілді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол "заң шығарғыш" деген сөз. Заң жинағы "Канун-намэ" деп атадды. Бұл заң бойынша шаруалар феодалдың рүқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қол өнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді.
Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес, сұлтаннын өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға (ротаға) бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, тәртібі күшейді. Сүлейменнің кезінде Түркияның 200 мындық әскер, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды.
Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқтары шектеулі болды.