Байланысты: «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер. 1595 жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл антифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан ағайынды Абдалхалим мен Дели-Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери маңында сұлтан әскерін талқандады. 1601 жылы көтерілісшілер сәтсіздікке ұшырады. Кара-Язшы деп аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді. Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға паша етіп қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Әзірбайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы кетеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.
2.4 ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Осман империясының қол астындағы араб елдері өзінің тәуелсіздігі үшін күресті.
ХҮІ ғасырдың аяғында Ливанды эмир ІІ-Фахреддин басқарды. Алғашқы кезде ол сұлтан қазынасына тиісті салықты уақтылы және толық жинап беріп отырды. Сұлтанның сенімі мен қолдауына ие болған Фахреддин өзінің иелігін бірте-бірте кеңейте берді. Оның жалдамалы отряды болды. Бұл отряд қарулы күштердің негізі болды. Олардың құрамында 40 мың жауынгер болды.
Иелік жерінің көлемі кеңіген сайын Фахреддиннің қазынасы байып, қуаты арта түсті. Бірте-бірте Фахраддин өз еркімен шет елдермен байланыс орната бастады. Мысалы, Флоренциямен сауда келісімін жасады. Мұндай өзін-өзі билейтін тәуелсіз мемлекеттің құрыла бастауы түріктерге ұнамады. 1609 жылы Дамасск патшасы етіп түрік үкіметі Ахмед Хафизді тағайындады. Фахреддин әскері жаңа пашаға қарсы тұрды. 1618 жылы Ливандықтардың 100 мыңдық әскері Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықтағы түрік билігін жойды. 5 жылдан соң Дамасск пашасының әскері жеңілді. Фахреддин мұнан кейін Палестинаны Ливанға қосып алды. Бірақ, 1633 жылы түріктер ақыры Фахреддинді жеңіп, оның өзін тұтқынға алып, өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық калпына келтірілді.
Жоғарыда айтылғандай, І-Селим (1515-1520) сұлтанның тұсында, дәлірек айтсақ - 1517 жылы Египет Осман империясының қол астына кірді. 2-3 жылдан кейін мұнда түріктер билігіне қарсы бас көтерулер басталды. Ол наразылықтарды басу үшін түрік сұлтаны Сүлеймен Эль-Кануни 1525 жылы өзінің жақын досы Ибрагим-пашаны Египетке жіберді. Ол келе салып әскер күшімен катаң тәртіп орнатты. Египеттіктер үшін "Кануннамэ - мысыр" деген заңдар жинағы жасалды. Ол заңдар жергілікті феодалдардың артықшылығын, шаруалардың міндеткерлігін анықтады. Египетті 1-3 жыл аралығында қайта тағайындалыл отыратын түрік пашасы басқаратын болды. Ол пашаның қолшоқпары янычарлар мен мамлюктерден құрылған улан болды.
Каир пашасының ең басты міндеті - Стамбулдағы сұлтанның қазынасына египет жұртшылығынан түсетін салықты уақтылы жіберіп отыру болды. Жердің бәрі мемлекеттің меншігі болып табылды. Мемлекеттікі деген - сұлтандыкі деген... Сұлтанның египеттегі өкілі - пашадан жер алып, пайдаланьш отырғандар мультазимдер деп аталды. Мультазимдердің міндеті - қол астындағы феллахтардан салық жинап, пашаға тапсырып отыру болды. Мультазимдер өздері емес, деревня старосталары арқылы жинады. Салық тек ақшалай емес, заттай да жиналды. Египет жылына 600 мың лиастр төлеуі керек болды. Салық уақтылы жиналмаса паша мультазимді иелігінен айыруға хақылы болды. Мультазимнің иеліктері мұра ретінде беріле алатын болды.
Түрік үкіметі салық жинауға мұқият көңіл бөле отырып, щаруашылықты жетілдіруге мән бермеді. Турік рыноктарында тек шет елдік товарлар ғана сатылды. Осының бәрі Осман империясының экономикалық жағдайын нашарлатты