25 Дәріс. Кейінгі орта ғасырлардағы Монғолия. Мақсаты: Саяси дамуы.
Жоңғар хандығының құрылуы.
Әлеуметтік – экономикалық дамуы.
Ламаизм
26 Дәріс. Африка. Мақсаты: Жоспары Африкалық қоғамдардың өркениеттік және әлеуметтік ерекшеліктері.
Мемлекеттік құрылымдар. (Гана, Мали, Сонгай т.б.)
Еуропалық мемлекеттердің отарлауының басталуы.
Африкалық қоғамдардың өркениеттік және әлеуметтік ерекшеліктері
Мәдениеті: VI ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезі Қытай ғылымы мен мәдениетінің гүлдену ғасыры болды. Ол уақытта ерте орта ғасырлық Европа ғылыми ой-тұжырымдар шіркеу қол астында болған болса, Қытайдың ортағасырлық ғылымы мисстика мен схоластикадан аулақ болып, елдегі мәдени мұралардың сарқындары мен ішкі қақтығыстарға қарымастан тез дами бастады. Қытай ғалымдары бұл кезеңде бірнеше ғылыми және техникалық ашулар жасады. VIІІғасырдың басында будда монахтары И Цзин мен Лян Лин-ңзянь қозғалмайтын жұлдыздардың ара қашықтығы жөнінде өз ойларын білдірді. 725 жылы меридиан градусының ұзындығы өлшенді. Алгебра, геометрия, физиканың дамуына үлкен үлес қосылды. 626 жылы Ван Сяо-тун «Ежелге арифметика» атты еңбек жазып, онда Қытай математикасы дамуының бірнеше жылдар бұрынғы көрінісін ашты. VII ғ. бірінші жартысында тандық Қытайдағы дәл ғылымдардың дамығанын, біз осы кездегі 3260 ғалым-математиктардың болғанымен дәлелдейміз. Ал, құрылыс техникасының тамаша жетістіктері айтарлықтай орын алды. Қытайдағы е көні 37 метрге жететін тастан жасалған Хэбэйдегі көпір болып, ол өзінің келбетін осы күнге дейін сақтап, транспортта қолдануда.VІ ғасыр аяғында ксиолография-тақтайшаларға жазылған жазулар пайда болды. Ксилографияның даму негізінде иероглифтык жазу жүйесі қалыптасады. Қытай медицинасы шипалы емдік дәрілер шығарды.
VII г. Қытай саудагерлері мен пилиграимдары Қытайлық, үнділік және цейлон кемелері арқылы, бірнеше рет оңтүстік азиялық муссондық жол аркылы Малай археологиясына, Бенгалия мен Цейлонға сапар шегеді.
629-645 жылы Қытай буддисті Сюань Чжуан - ер жүрек зерттеушісі орталық Азия мен Индия болады. Сюань Чжуанның қалдырған Оңтүстік және Орталық Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігі атты жазба ескерткіштері «Батыс елдері туралы жазбалар» атты кітапшағып шығарын, кейінгі кездерге дейін олардың тарихи зерттеудегі аса маңызды дерек көзі болып табылады. Сюань Чжуан Қытайға үнді ғылымының дамуы мен будда тарихындағы догматикамен таныстырды. Бір жағынан, Сюань Чжуанның арқасында - Индия мен Қытай халқының арасында достық гүлденіп Индияда Қытай мәдениеті белгілі бола бастады. Ол санскрит тіліне Лао-Цзыдың философиялык «Даодэцзии» атты еңбегін аударды. 671-695 жж. Қызығушылык барысында Суматра аралына Индияға, Непалга теңіз жолы арқылы, баска будда монахы, ғалым И.Цзин келеді- Ол өзінің жүзуінде кұнды географиялык зерттеулер жазады. И Цзин VII ғ. орта шегіне дейінгі 37 кытай миссионерлерінің теңіз арқылы Гуан-чжоудан үнділік жағалауға шыққанын келтіреді. Өте үлкен табыс зерттеулерінде Хань дәуірінен Танға дейінгі уақыт аралығындағы тарихи шығармалар баяндалады. Император Ли Ши-Миньнің өзі Цзинь династиясының тарихының басын жазады. Акырындап, мемлекет тарихынын дамуын өз қолына ала бастайды. Император сарайының ауласында әдейі ұйымдастырылған канцелярия жұмыс жасап, оның негізгі функциясы - Тан династиясының тарихын зерттеу болды. VI ғ. аяғына дейін император ауласында кітаптарды сақтау және жинау мәселесі орын алды. Императорлар жібек матасын ежелгі ғалымдар мен әдебиетшілердің жазған еңбектерін тапқандарға, үлкен сыйлықтар берді. VII ғ. сарай кітапханасы қорында 90 мың том кітапқа жетті.
Чиновтиктік қызметке түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кажет болды. Мұндай жүйе Қытайда б.з.д. II ғасырда пайда болып, оның нық басқан кезі тандық кезеңмен тұспа-тұс келеді. Жоғарғы шен алғысы келгендер, аулалык академияға келіп, емтихан тапсырулары тиіс болды. Емтиханда иероглиф жазуымен өте әдемі етіп жаэумен жазу және өлең шығару керек болды. Конфуцийлік ілімді жатқа айту керек еді. Міндетті түрде өту керек емтихадар, жоғарыдағыларға білімінің керек екенін дәлелдеді. Ел астанасында үш жоғары училище болды. Мұнда тан аристрокаттарынын сегіз мың балалары оқыды. Облыстық, округтік және үздік орталықтарда арнайы мектеп ұйымдастырылды. Тандық кезеңде Чаньанда әлемде ең алғаш рет газет шығарылады. Олар ағаш тақтайшаларына басылды. Біздің кезге дейін келіп-жеткен металдан өнделіп жасалған бұйымдардан қарап, белгісіз қытай - шеберлерінің шеберлігіне таңдай қағамыз. Қағазды пайдалаудан біз, кытайдың өнері -коллиграфияның дамытанын көреміз. Қытай халқының қол жеткізген жетістіктерінің бірі- живопись, скульптура мен архитектура болды. Әсіресе живописьтің жібек матасы мен қағазға жасалған түрі кең түрде етек жайды. Дәстүрлі діни сюжеттерден картиналардағы суреттер көрініс тапты.
Елдегі жаңа әлеуметтік - экононикалық жағдайлар қоғамдық өмірде және әдебиеттің дамуына әсерін тигізді. Әріесе, елдің ірі қалаларында, Чаньанда және Лоянда, көптеген ақын-жазушылар өмір сүріп, өздерінің шығармаларын жарыққа шығарды. Олардын шығу тегі көбіне кішігірім кызмет атқарған чиновниктердің, ұсақ жер иленушілердің, ал кейбір жағдайда олардың өзі мемлекеттік кызметтегі адамдар болды. Олардың арасында елдің ары қарай дамуы мен қиыншылык туғызатын мәселелері алаңдатты.Осы кезде өзінің гүлденуін публицистика бастан кешірді. Оның көрнекті өкілдерінің бірі Хань Юй болды. Оның қоғамынан шыққан көптеген мақалалар, жолдаулар, шығармалар шықты. Өзінің көз қарасы бойынша Хань Юй, адамды жер бетіндегі тірі ағзалардың ішінен бөліп қарастырған жоқ. Оның пайымдауынша, табиғаттан адамды бөліп қарастыруға болмайды деді. Себебі, Адам – табиғаттың үлкен бөлшегі. Оның философиялық трастаты - «Адам туралы» деп аталады.
Адамның бойынан ол тек қана жеке ерекшеліктерін ғана анықтамай. Сонымен қатар қоғамдық өмірдің негізгі көрінісі деп пайымдады. Филосой ежелгі дәуірге көз жұмып карауды тоқтату керек деді. Қытайдағы VII-ХІ ғғ. Қоғамдық тұжырымдар мен әдебиетті жандандыру үшін ең бірінші ежелден бастау алу керек екендігін айтты. Хань Юй ежелдегі Хань империясы мен Чжоу патшалығындағы көне ескерткіштерді қарастырды. Ол әр түрлі әдебиеттерде сол дәуірдің адамының әлемдегі ең құнды бөлігі деп түсінді деді. Философ дінді жоғары қойғандарға карсы болып, ол дінде тек қана дінді дәріптеушілік болады деп айтты. Сонымен қатар Хань Юй «будданың сүйегі» атты үлкен баяндама жасайды. Осы жазған еңбегі имперағорга деген қарату болып, император буддизмнің жақтаушысы болғандықтан, Хань Юйды елден қуып жібереді.
Бейнеленген новеллалар адамды өмірге деген көзқарасын оятқанда болды. Осы кезде Қытайда алгаш рет әсерлі бейнеленген әдебиет жарық:көріп, ол өмірдің шындық сәттерін уайымдады. Осы уақытты «Тан новелласының» биікке өрлеген кезі деп қарастыруға болады. Оның ірі шебері Юань Чжэнь еді. Тан империясы тусындағы ең танымал поэт Бо Цзюи өмір сүреді. Бо Цзюидің «Прекраснобровая пошбла под копытами коней» атты поэмасында «Өмірлік нышандық» деген трагедиялық еңбегінде байлауыш киген ананы көрсетеді. Поэма, көбіне тарихи тұрғыда жазылғанымен, бірақ онда ез еркі мен білместікпен қате жібереді. Ян Гуифей атты кейіпкер император ұлдарының бірінің колында болады, ал Мин-хуан ол кезде алпысқа толады, ол қызды өзінің гаремдігіне алады делінген. Ань Лушань Чаньанды жаулап алған кезде, император 72 жаста, ал Ян-гуифей қырықка келіп жетті дейді. Ань Лушань акылды әрі саналы генерал болады. Ол өзінің іс-әрекеттерін алыстан ойлайтын. Бірақ, ең соңында оның ойлаған жоспарлары құрдымға кетеді. Император Сычуань провинциясының батысына тығылуға мәжбүр болады. Чаньанды көтерілісшілерден азат етеді, бірақ Мин-хуан тақтан бас тартып, өзінің өмірінің соңына дейін Сычуанда калады.
Тан империясының сарайы гүлдену үстінде болды. Императордың «Аспан сарайының» кұрылысы үшін күнделікті онда он мыңға жуық мемлекеттік барщина етуге тиіс шаруалар мен ремеслинниктер еңбек ету тиіс болды. Сарайды әсемдеу үшін 300 - ден астам тонна медь кетті.VII ғ. Екінші жартысында, бір тан чиновнигі трон билеушісіне былай доклад: «Елдің әскер 800 мың адамды кұрайды. чиновниктер, саудагерлер, монахтар - жерге дән екпей, Тек кана жеуді білетіндер, елдің түрғындарының бес-алты есесін кұрап отыр. Өте ауыр істе жүрген шаруаларды аяусыз қанап, жеті туеядтарды киіндіріп және тамақтану үшін жағдай туғызады» деп жазады. Император сарайында күрес туындайды. Көп уақытқа дейін императорлар мен ен арасындағы дауды евнух-царедворлык пайдаланып қалуға тырысты. Осы таптық өкілдері орталық мемлекттік жэне әскери органдардан кызмет алу үшін күреседі. Ақыры, олардың кол атына сарай гвардиялары түседі.
Caxapаның оңтүстігінде орналасқан Африка халықтары ұзақ та, өзіндік тума тарихи даму жолынан өтті. Бірақ Африка тарихының жеткіліксіз зерттелуі ол жолды толық ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен қазірге дейін жинақталған ғылыми мәліметтер Африка халықтарының көпғасырлық тарихына азды-көпті талдау жасауға жол ашады.
Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка аудандарының даму қарқыны бірдей болмады. Орта ғасырлардың бас кезінде бір халықтарда таптық қатынастар қалыптасып, мемлекеттік бірлестіктер құрылса, енді бір халықтары алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатты. Сондықтан Сахараның оңтүстігіндегі Африка территориясында қоғамдық қатынастары мен экономикалық өмірінің дамуы жағынан ұқсас ірі аудандарды бөліп қарастыруға болады. Ол аудандарға Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка мен Оңтүстік Африка жатады.
Тропикалық Африка халықтарының көпшілігі ежелден егіншілікпен айналысты. Тек берберлер мен Оңтүстік Сахараның туарегтері, фульбе (Батыс Африка), масаилар, галлалар (Шығыс Африка) сияқты біраз көшпелі халықтар мал шаруашылығымен айналысты. Табиғи жағдайдың ерекшеліктері, әсіресе жердің құнарлылығы, тек өсірілетін дақылдар түріне ғана емес, егіншілік құрал-жабдықтарының түріне де әсер етті. Тропикалық Африканың топырағында құнар өте аз, оның жоғарғы беті ғана құнарлы. Оны терең жырту пайдасыз. Терең жыртқанда құнарлы топырақ желге ұшады. Сондықтан бұл жердегі халық ұшына темірден жасалған тіс орнатылған кетпенді (мотыға) пайдаланып келді. Оның бірнеше түрі болады. Африкаға тән дақылдар негізінен сорго, тары және күріш болды. Сондай-ақ бұршақтың бірнеше түрлері: сиыр бұршағы, жер бұршағы (земляные бобы) - өсірілді. Май алынатын өсімдіктерден - кунжут (сезам), кокос кокос пальмасы өсірілді. Кен тараған техникалық дақылдар: мақта (хлопчатник), индиго (бұршақ тұқымдас), қант тростнигі болды. Огородтық дақылдар да, әсіресе тамыржемістілер көптеп өсірілді.
Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Әр қауымда ерекше әлеуметтік жағдайдағы қолөнершілер топтары болды. Олардың қатарына темір ұсталары, гончарлар, тері өңдеушілер мен тоқымашыларды жатқызуға болады. Қауым қажетті қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі қамтамасыз ететін.
Қолөнердің маңызды салалары металл өндеу, ауылшaруашылығы құрал-жабдықтарын және қару-жарақ жасау, тақыма және гончарлық іс болды. Африкалықтар металл өндеудің ерекше тәсілін пайдаланды. Темір мен мыстан гөрі алтын аз өндірілді. Қауымдық шаруалар барлық африкалық қоғамдардың негізгі өндіргіш күші болды. Африкада жер иесінен алынбайтын. Бағындырылған жердің адамдары сол өз иеліктерінде қала беретін де, тек салық төлеумен шектелетін.