Байланысты: «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
Тақырып: 2.Деректер, тарихнамасы. Орта ғасырлық Шығыс елдерінің деректемесі.
Тарихнамасы.
– орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректерін, олардың түрлерін, алатын орнын білу, медиевист тарихышлардың еңбектерінде ғылыми көзқараспен қарап баға бере білу.
Орта ғасырлар тарихының негізгі деректерін білу;
Тарихи деректерді топтарға бөліп, олардың ерекшеліктерін, құндылықтарын бағалай білу, сын тұрғысынан пайдалану;
Орта ғасырлық деректердің жалпы сипаттамасын, оларды оқу әдістерін игеру; (деректердің хронологиялық шектерін қай жерге тән екендігін, тарихи процесті бейнелеуін);
Орта ғасыр тарихы тарихнамасынын қалыптасып, дамуын білу;
Еуропалық феодализм проблемаларын шетел тарихышыларының еңбектерінде зерттелуін білу;
Орта ғасырлар тарихи деректемесі мен тарихнамасының қазіргі кездегі зерттелу жағдайын білу;
Орта ғасырлар тарихының әр кезеңіне тән деректерді зерттеулерді білу;
Жалпы алғанда, мәмлүк дәуіріне қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу Шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат және т.б. қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің кітапханаларында да сақталған.Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжазба, сирек темір шақалар бар.Оның басым көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.
Ал жалпы алғанда мәмлүк тарихы, атап айтқанда, Бейбарыс жайлы Ибн Уасил (1223-1229), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1292), Ибн Йиас (1448-1524) , Ан- Нуайри (1331 қайтыс болған), Ибн Тәңірберді,Ибн Айбек, Абул-Фида(1273-1331), Ибн Шакир(1362 жылы қ.б), әл-Айни(1361-1451) секілді мұсылман тарихшылар жазған.
Ислам тарихнамасында Бейбарыс туралы «сира» - өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Бейбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.
Бейбарыс заманында өмір сүріп сұлтанның өмірбаянын жазған, мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад және Ибн Уасил. Бізге жеткен деректердің бірі Беркеханның құнды шығармаларының бірі «Тарих ал-малик аз-заһир» (Нағыз патша тарихы). Ибн Уасил, Джамалуддин Абу Абдулла Мухамед бен Салим бин Насрулла ал-Хамауи аш- Шафағи. Ең маңызды шығармасы «Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени айуб» ( Аюп әулеттер туралы шер тарқату).
Сонымен қатар мәмлүктер және Бейбарыс Сұлтан тарихын қазақстандық ғалымдар да зерттеуде.Атап айтқанда Қайрат Сәки өзінің «Пирамида үстіндегі киіз үй немесе Бейбарыс туралы» еңбегінде Бейбарыстың омір жолы,ол құрған мемлекет тарихы жайлы баяндалған.
Батыршаұлы Бақытты «Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары» атты еңбегінде Мысыр елінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары туралы айтады.
Т.Сұлтановтың «Алтын Орда хандарының хаттары»деген жинағында Сұлтан Бейбарыстың Берке ханға жазылған хаттары көрсетілген.Сондай-ақ Бейбарыс сұлтанды зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Б.Көмеков.Оның еңбектерінің бірі –«Бейбарыс Сұлтан.Тарих. Тұлға. Уақыт» Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып, зерттегелі отырған тақырыбымыз мәмлүк мемлекетінің негізін салушы қыпшақ сұлтан Бейбарыс жайлы
Кейбір дерек көздерінде Әл-Фарабидің еңбектерінің тек азы ғана аталады. Тарихшы Ибн-Надим (хижра бойынша 385жылы қайтыс болған) өзінің «Әдебиеттер тізімі» атты кітабында Әл-Фарабидің тек жеті еңбегін ғана келтіреді. Ал, Саид Әл-Әндалуси (462жылы қайтыс болған) «Табақат Әл-Умам» (Ұлыстар) атты еңбегінде ғұламаның төрт кітабын ғана енгізген. Заттардың шығу тегін зерттеуші Әл-Қифти «Билеушілер тарихы» атты еңбегінде Әл-Фарабидің жетпіс төрт (74) шығармасын атаса, Ибн Әби Усейба «Тәуіптер жайлы дерек көздер» атты еңбегінде Әл-Фарабидің жүз он үш (113) қолжазбасын анықтаған. [19;124] Әл-Бәйхақидің «Мұсылман билеушілерінің тарихы» атты зерттеуінде: «Әл-Фарабидің еңбектері Ирактан тыс жатқан Парсы елінде көп таралған»-дей келе, өзінің Рәй шахарының бір ірі ғалымының кітапханасынан Әл-Фарабиге тиесілі бұрын аты шықпаған, көбісі ғұламаның өз қолымен және оның шәкірті Яхья бин Аданың қолымен жазылған шығармаларды көргенін әңгімелейді.[28;3] Абу Ибраһим Исхак ибн Ибраһимнің «Диуан әл-әдаб» («Әдеби жинақ») атты еңбегінде Әл-Фараби туралы деректер келтіреді: «Ол жерден Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммад Әл-Фараби Әл-Хаким Әл-Файласуф шыққан. Ол философия ғылымына арналған шығармалардың авторы. Ол 339жыл Дамаскіде қайтыс болған. Йуханна бин Хайланның шәкірті болған. Йуханна халифа Әл-Фараби Муқтадирдің тұсында өмір сүрген». Йақұттың «Му джам Әл-Булдан» еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фараби Бағдад, Дамас, Мысырда оқып білім алған және қызмет істеген деп жазған.[28;4] Ибн Халликанның «Уфиат ат аль-аиан фи аз-Заман» («Ғалымдар өмірінен ескерткіш») атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлағ) таза түркі тілінде келтірілген.[16;24] Атақты ғалым-географ Ибн –Хаукал өзінің «Китаб Масалик уа мамалик» аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда: «Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ Әл-Фарабидің туған жері»-деп жазған. [16;23] Түріктің атақты ғалымы Хажы Халифа Мустафа Челеби өзінің «Кашаф ал-Зунун», «Куман айру» атты еңбегінде Әл-Фарабиға көп орын берген. Осылардың бәрінде де Әл-Фараби түркі нәсілді, Түркістандық екені айтылады.[8;13]
Немістің көрнекті ғалымы Фридрих Диатерци 1888-1904ж.ж. «Әл-Фарабидің философиялық трактаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған. Оған Әл-Фарабидің біпсыпыра философиялық шығармаларының арабша текстері мен олардың неміс тіліне аударылған нұсқалары енген. Неміс ғалымы Карл Брокельман 1886-1937ж.ж. арасында «Араб әдебиетінің тарихы» деп аталатын көп томды биобиблиографиялық еңбегінде Әл-Фараби шығармашылығына едәуір орын берген.[8;14] Н. Решер ұзақ ізденіс нәтижесінде 1962жылы ағылшын тілінде «Фараби. Аннотацияланған библиография» деп аталатын аса құнды еңбегін жариялаған. Мұнда мың жыл бойында Әл-Фараби жөнінде кім не жазады, Әл-Фараби шығармалары қай тілдерге аударылды деген мәселелерге баса назар аударылған.[8;15] Француздің ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935ж.ж. Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған. [4;58]1974жылы Лейденде Ланд «Араб музыкасы» деген атпен «Музыканың үлкен кітабының» тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. 1935жылы ағылшын тілінде Фармер «Ғылымдар классификациясын» аударған. [4;59] Белгілі ғалым А.Машанов «Әл-Фараби және Абай» деген еңбегінде: «Әл-Фарабидің жас жігіт кезінде Отырар елінде сүйгені болуы да мүмкін. Бәлкім, баласыда болған шығар деген ой келеді. Өйткені, оның есімі - Әбунасыр. Арабшадан аударғанда ол Насырдың әкесі деген сөз»-деп жазған. [7;91] А. Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» еңбегінде Әл-Фарабидің 150 астам ғылыми туындылары болғанын айтады.[7;92] 2002жылы Қазақстанда С.Даукеева «Әбу Насыр Мұхаммед Әл-Фараби музыкасының философиясы» деген монографиялық жинағын басып шығарды. Бұл еңбекте «Музыканың үлкен кітабының» жазылуына әсер еткен факторлар, оның тарихы жөнінде айтылған және Фараби еңбегінен аудармалар жасаған. Әл-Фарабидің музыкалық мұрасын В.М.Беляев, И.Раджабова, Т.Вызго, Д.Рашидова, А.Джумаев секілді ғалымдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілер С.Н.Григорян, М.М.Хайруллаев, А.К.Көбесов, О.Матякубов, А.Х.Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.[5;54] Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895жылдары Лейденде Әл-Фараби жөнінде еңбектер шығарған және Әл-Фараби кітаптарының бірнешеуін арабша бастырған.
В. Ян «Шыңғыс хан» кітабында Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған жорықтарын жазды. Марко Поло «Монғолдың құпия тарихы» деген жазылымында Шыңғысхан, оның әулеті туралы жырланады. Майкл Х. Харт «Шыңғыс хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның өмірлік жолына тоқталып өтті.
Шыңғыс хан жөнінде 1929 жылы Белград университетінің профессоры Э. Хара-Даван «Шыңғысхан қолбасшы және оның мұралары» деген тарихи кітап жазды. 1929 жылы Эренжен Хара – Даван «Қолбасшы Шыңғысхан және оның мұрасы» деген еңбегін жазды.