«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет65/105
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#67620
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

Арабтармен күрес. Түріктер ХҮІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен (1516-1517 жж.) сұлтан I Сәлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия және Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктер әскери-феодалдық кастаға ұйымдасқан, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.
Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны I-Сәлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы I Түманбей әскери бекініс түрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асыратын мамандар болмағандықтан I пайдалана алмады.
1517 жылдың басында І-Сәлим бастаған түрік армиясы I Каирды басып алды. Туман-бэйді Египет бедуиндері Сәлимге I ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды (Батыс Аравия) басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең "қасиетті ел" болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мәдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрады. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І-Сәлим I Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына "қос қасиетті қаланың қызметкері" деген атақты қосып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет