Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы (ғылымның дамуындағы метофизикалық дәуір және креоцинистік көзқарастардың үстем болуы). Лекция мәтіні



бет19/26
Дата22.09.2022
өлшемі390 Kb.
#150311
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
лекция эволюция

Тақырыбы: Онтогенез эволюциясы

Жоспары:
1.Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы
2.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы

3.Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы


Лекция мәтіні:
1. Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) мен олардың тарихи дамуының (филогенез) өз ара байланысы жайындағы проблема Дарвиннен бұрынғылардың да зейінін аударған болатын. Рулье «Жануарлардың ересектенуіне байланысты жоғары сатыға көтерілуі класс бойынша жоғары сатыға көтерілуіне параллельді» екендігіне зейін аударды. Дарвин ұрықтан «ата тегінің көмескі суретін» көрді. Осы пікір Мюллер — Геккельдің биогенетикалық заңында орын алды 
2. Геккельден бастап биологтар жануарлардың белгілі бір систематикалық топтарының филогениясын (шығу тарихын) анықтау мақсатымен биогенетикалық заңды кеңінен пайдаланды. Бірақ эволюцияның заңдылықтарын анықтау үшін бұл заңды қолдану нәтижесі әрқашан қанағаттанарлықтай бола берген жоқ. Геккельдің өзі де, бірсыпыра жағдайда онтогенезде рекапитуляция болмайтындығын, яғни аттегінің 'тарихи даму жолы қай-таланбайтындығын мойындауға мәжбүр болған еді. Осыған байланысты Геккель бл қүбылысты палигенез және ценогенез деп екіге ажыратады. Ол жеке дамудағы филогениялық қайталауды палингенездер деп түсінді. Геккельше нақтылы жеке даму жағдайларына үрықтардың не жас особьтардың бейімделуі салдарынан болатын эмбриондық езгерістер ценогенез деп қаралады. Ценогенездер нәтижесінде рекапитуляция бүрмаланады. Геккель ценогенезді екі түрге — гетеротопияға және гетерохронияға бөледі. Гетеротропияда органдардың орны ауысады, гетерохрония органдардың түзілу мерзімінің өзгеруі.
3.Кейінірек Е. Менерт гетерохрония құбылыстарын классификациялап, оны органдардың прогрессивті және регрессивті даму процестері мен байланысты етіп керсетпекші болды. Менертше, гетерохрония не эмбриондық даму процестерінің тездеуі түрінде (акцелерация), немесе, керісінше оның баяулауы түрінде (ретардация) болады. Акцелерация кезінде органның дамуы ерте басталады, гистологиялық дифференциялану процестері тез ауысады және органның өсуі тездейді. Ретардация орган дамуының кеш басталуы, гистологиялық дифференциация және өсудің баяулауы түрінде болады. Гетерохрония жайындағы осы ұғымына сүйене отырып Менерт биогенетикалық заңды бірсыпыра шектеп қабылдап, онтогенезді филогенездің өзгерген түрдегі қайталауы деп қарады.
Ұрпақтардың онтогенезінде ата-тегінің белгілерінің қайталау не қайталамау себептерін ашқан академик А. Н. Северцов, мұны ол өзінің филэмбриогенез теориясында баяндады.
Бақылау сұрақтары
1.Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы?
2.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет