Тақырыбы:Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі
Жоспары:
1.Түр концепциясының даму тарихы.
2.Типологиялық түр концепциясы
3.Номиналистік концепция
4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі
1. Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдің географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип және 3) биологиялық раса.
2. Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын географиялық популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде әрқашан аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өз ара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың араларында физиологиялық және генетикалық оқшаулық жоқ.
Әдетте, ареалы көлемді түрлер көптеген түр тармақтарына бөлінеді. Мысалы Совет Одағының территориясындағы кәдімгі тиіннің жиырма екі түр тармағы бар.Толып жатқан популяциялар ішінен әрбір түр тармақ реңіне қарай ажыратылады, оның көптеген даналарын салыстырғанда ғана айырмашылық айқын көрінеді.
Сонымен қатар көршілес екі түр тармақтарының араларында әрқашан аралық белгілері бар особьтар кездеседі.
3. Түрдің ареалы тұтасып жатқанжағдайда көршілес екі түр тармағының шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интерградациялық аралық зона болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға сына тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.
Басқа жағдайларда түр тармақтық ареалдар біршама дәл ажыратылады, бұл түр ареалының табиғи бөлшектенуінен байқалады. Бұған теңбіл торғай мысал болады. Бұл түр Соломон аралдарында мекендейді; бұл бірнеше географиялық расалар құра отырып, әрбір расаның бір не бірнеше аралдар көлемінде меншікті ареалы болады.Бұлардың екі формаларының ғана реңі ұқсас, қалғандарының қораздары қауырсындарының әшекейлі түсті мәнерлерінде айырмашылық бар. Сонымен қатар, қай түр тармағының популяциясында болса да баска түр тармақтарына тән белгілері бар особьтар кездеседі. Сөйтіп түр тармақтарының ареалдары бір-біріне түйісіп жатпаса да, жеке популяцияларда географиялық расаларды біртұтас системаға байланыстырушы аралық формалар әрқашан болып отырады.
Экотип немесе экологиялық раса — тұрақты морфологиялық және биологиялық белгілері б а р және ареалынын, көлемінде белгілі орын тепкен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Осыған орай экологиялық расалар бір географиялық орында кездесуі мүмкін, бірақ олар әр түрлі экологиялық жағ-дайларда мекендейді. Экотиптер өсімдіктерде сипатталған. Мұның мысалдары жоғарыда беріліп кетті
4.Биологиялық раса, немесе иелі раса — паразиттік формалардың арасында кездесетін, белгілі бір иелерінде мекендеуге бейімделген популяциялардың оқшау жиынтығы. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық паразиттік топтарында биологиялық расалар пайда болатыны көптен мәлім. Бүлар насекомдарда жақсы зерттелген. Мысалы, жапырақжегіде екі раса бар, мұның біреуі талдарда, екіншісі қайыңда мекендейді. Қызылша шыбынында , алабота өсімдіктерінде және алқа түқымдастарында мекендейтін екі расасы болатындығы дәлелденді.
Түрді жекелеп алғанда, сол түрдің ерекшеліктеріне және оның особьтары мекендеген сыртқы ортаның алуан түрлі жағдайларына байланысты бүл схема түрліше болып шығады. Түрді құраушы популяциялардың құрылымының өзі күрделі; бұл, түр таралған аймак көлемінде олардың ортаны меңгеруін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты түрдің құрылымы да күрделене түседі.
Бақылау сұрақтары
1.Түр концепциясының даму тарихы?
2.Типологиялық түр концепциясы?
3.Номиналистік концепция?
4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі?
Лекция №19
Тақырыбы: Түрлердің реалдығы және биологиялық маңызы
Жоспары:
1.Түр критерилері.
2.Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы, тарихилығы
3.Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы
Лекция мәтіні:
1.Табиғатта түрлер деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған түршелерімен көз алдыңызға түрлі көрініс береді.
Жаңа түрлердің анықталуы, оларды сипаттау үзіліссіз жүріп жатады. Табиғатта түрлер көптеген белгілері мен қасиеттері арқылы ажыратылады. Оны түр критерилері деп атаймыз. Түрді анықтаудың бірнеше критерилері бар.
1.Морфологиялық критерий. Зерттеліп отырған органикалық формаға тән белгілерді табу мақсатымен ,оған морфологиялық-анатомиялық талдау жасалды. Сөйтіп бұл кретерий түрдің морфологиялық оқшаулығын көрсетеді.Бұл кретирийлердің ең ертедегі түрлердің бірі. Мұнда Д.Ж..Рей мен К.Линеийден бастап барлық буындардағы систематиктер пайдаланып келеді. Практикалық жұмыста бұл қарапайым және қолайлы. Ботаникадағы және зоологиядағы анықтамалардың бәрі осының негізінде құрылды.
Морфологиялық кретерийдің қолдануын көрсететін мысал ретінде VII түсті таблицада салынған сары шымшықтың үш түрін қарап өтейік. Бұлар Parus туысына жататын үш түр : Үлкен сары шымшық, Қоңыр басты шөже торғай, Айдарлы сары шымшық . Осы түрдің әрқайсының өзіне тән белгілері бар екендігін бзайқау қиын емес. Алайда сары шымшықтың айдары бар, төбесі жолақ реңді. Басқа екі түрінде айдары жоқ төбелері қара реңді .Анықтамада айдарлы сары шымшық тезада, ал үлкен сары шымшық пен қоңыр бас сары шымшық антитезада. Соңғы екеуі үлкен –кішілігіне және бауырының реңіне қарап бірінен –бірін ажыратуға болады. Үлкен сары шымшықтың ірілеу және оның бауырысары, ал қоңыр бас шөже торғайдың бауыры ондай сары емес. Бұл мысалдың морфологиялық кретерий негізінде осыдан жүз жыл бұрын Линей сипаттаған түрлер қазіргіде сол креттерий арқылы анықталатынын көреміз..
Мұнда біз сыртқы құрылысының және реңінің айырмашылықтарын пайдаланып жақын түрлердің ажыратудың өте қарапайым морфологиялық талдау әдісін қарап өтейік. Морфологиялық креттерий ішкі оргондардың морфологиялық және гистологи ялық құрылысы сияқты, құрылымдық белгілерін талдау қажет екендігін еске алуға тиістіміз.
2.Генетикалық кретерий негізінен екі жағдайда сүйкенеді. Біріншіден түрлердің кариотиптеріндегі айқын айырмашылықтары бар яғни хромосом жиынтығы жөнінен айырмасы бар. Екіншіден, әдетте әр түрге жататын особьтар табиғи жағдайда шағылыспайды.
Әдетте хромосом жиынтығы митоз фазасы сатысында көрініс береді. Кариотип жөніндегі ұғым хромосом сандарының олардың үлкен-кішілігін және пішінің анықтау негізінде қалыптасты. Жануарлар мен өсімдіктердің әр түрінің сомалық клеткаларындағы хромосом саны 2-ден 500-ге днйін болады.
Жануарлардың кейбір систематикасы топтарына тән хромосомалардың пішіні болады. Мысалы көш пелі шегірткелердің хромосомаларындағы таяқша тәрізді.Өсімдіктерді хромосомдарының пішіні онша тұрақты емес және олардың серіктері қылбуыт болады. Жеке хромосомалардың құрылысында детальдардың да систематикалық мәні бар.
Өсімдіктер мен жануарлардың бір туысына қарасты түрлердің сол туыс көлеміндегі систематикалық орындары мен олардың кариотиптік ерекшеліктерінің аралдарында белгілі корреляция болатыны көрсететін көптеген мысалдар бар. Скерда туысының 113 түрі зерттеліп олардың қарапайым түрлерінде храмасом саны көп болатындығы эволюциялық процесте хромосом саны аз түрлер пайда болатындығын пішіні ұзындығы және симметриясы өзгеріп отырады.
3.Экологиялық –географиялық кретерий -зерттеуіндегі биологиялық форманың географиялық таралуының заңдылықтарын және оның сыртқы орта факторлармен қарым қатынасын анықтау мақсатымен экологиялық –географиялық талдау қажет етеді. Сөйтіп бұл кретерий түрдің экологиялық-географиялық оқшаулықтығына дәлел болады. Әрбір түр белгілі аймақта яғни ареалдардың иемденеді. Түр осы аймақ көлемінде биотоптардың белгілі бір түрінде мекендейді. Мұнда түр тірі және өлі табиғаттың нақтылығы факторлармен тығыз байланысты. Осындай тәжірбиелік гипетеза түрді дұрыс түсіну үшін көп нәрсе береді, себебі бұл түрдің қалыптасқан және мекендейтін жайдайлрының сырын ашады.
4.Физиологиялық-биохимиялық критерийде зерттелген органикалық формалардың өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау үшін оған жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Түрлердің әр алуан болуы олардың химиялық құрылымының әр түрлі болуынан түр ерекшеліктері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Себебі гаметаларда белгілі өзіндік ерекше белоктардың синтезделу әрекеттері кодталып қойылған . Благовиченский биосинтездің нақтылы өнімдері өсімдік дүниесінде белгілі жүйелі түрде болатынын дәлелдеді. Әр түрдің жеке топтарында өздеріне ғана тән жағдайда морфологиялық, органикалық қосылыстар синтезделеді. Мысалы: алқа, лалагүл және күрделігүлділер тұқымдастарына жататын кейбір өсімдік түрлері бір-біріне алколоидтарды түзу және жинау қабілеті бойынша ажыратылады. Сол сияқты бұршақ тұқымдасының кейбір жақын түрлері азотты түрлі жолдармен жинайды.
Бір туысқа жататын түрлердің ареалдары мүлдем оқшау болуы да немесе олар бір-біріне жанасып іргелес жатуы да тіпті тұтаста болуы мүмкін. Оқшау ареалдары бар түрлер аллопатрикалық түрлер делінеді. Іргелес немесе тұтас ареалдарды түрлер симпатрикалық түрлер делінеді.
Бақылау сұрақтары
1.Түр критерилері.?
2.Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы, тарихилығы?
3.Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы?
Лекция №20
Достарыңызбен бөлісу: |