Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы (ғылымның дамуындағы метофизикалық дәуір және креоцинистік көзқарастардың үстем болуы). Лекция мәтіні



бет7/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,05 Mb.
#938
1   2   3   4   5   6   7   8

Лекция №26

Тақырыбы:Антропогенез

Жоспары:
1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы.
2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.
3.Антропогенездің негізгі дәуірлері
Лекция мәтіні:
1.Адамның тегі жайындағы мәселе—материалистік дүниеге
көзкарас жөніндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы үлкен және
күрделі проблема өзіне өте ерте заманнант бері зейін аудартып
келеді. 
Көптеген ғасырлар бойы бұл проблеманың құпия сыры бүркенішті болды. Адам өзінің шыққан тегін біле алмағандықтан құдіретті аллатағала өз бейнесіне мақсус етіп адамды жаратқан деп аңыз етті.
Осы аңыз әр түрлі вариацияда осы күнге дейін жетті. Ертедегі Мысырда Хнум құдай қышты дөңгелектің үстінде балшықтың ең бірінші адамды соғып жасады деген сенім болды.Осы сияқты аңыз ертедегі Грецияға да таралды, онда Зевс адамды балшықтан соғып жасады, ал кемеңгер ақылгой әйел құдай — Афина оған жан енгізді деп санады. Бұл аңыздың кейінгі варианты «Қызыл балшықтан», яғни саздан ең бірінші адам — адам ата жаратылды деген таурат ертегі болып табылды. Осы ертегіде сол бірінші адамның қабырғасынан бірінші әйел Хауана жаратылды делінген. Таурат догмасы бойынша адам ата мен хауанадан бүкіл адамзат таралған.

Христиан шіркеуі осы догмаларды жан-тәнімен қорғап, оған сенбеушілердің бәрін аямай жазалап келді. Бұл ертегіге сенбеген ондаған және жүздеген мың адамдарды куғындап, түрмеге қамады, азаптады және отқа өртеді.


Бірақ жаратылыс зерттеушілер адам анатомиясымен бастапқы танысуының өзінде-ақ адамның құрылысы мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың, әсіресе, маймылдардың құрылыстарында ұқсастық бар екендігіне көзі жетті.
2. Адамның тарихи дамуы жайында жаңа ұғым енгізген, бірінші жаратылыс зерттеушісі Ж. Б. Ламарк болды. Ол адамның арғы тегі, алғашында ағашта өрмелеп жүрген, одан жерге түсіп тік жүру әдісіне кешкен маймыл тәрізді жануар болды деген гипотеза жасайды. Ламаркше, тік жүру — дененің тік болып қалыптасуына және табанның өзгеруіне жеткізді. Топтанып жүру сөздің дамуына және тіл шығуына себеп болды.
Ч. Дарвин «Түрлер тегі» деген кітабының бірінші баспасында ол бұл еңбегім «адамның шығу тегі мен оның тарихы жөніндегі мәселеге жол ашады» деп қана қойған болатын. Тек қана 12 жылдан кейін 1871 жылы оның осы проблемаға арналған кітабы басылып шықты. «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» атты бұл кітабындағы негізгі идея — адам кұдайдың құдіретімен жаралған жоқ, ол жануар дүниесінің тарихи дамуының нәтижесінде пайда болды деп тану. Адамның тегі проблемасын шешуде бұл кітаптың орасан зор маңызы болды. Бұл кітап идеяларының көлемділігі және оны дәлелдеудегі нақтылы материалының көптігімен таңдандырды. Бірақ ол антропогенездің басты себебін, демек адам қалпына келудегі өзіндік ерекшелікті ашып бере алған жоқ. Бұл ерекшелік адамның еңбектегі іс-әрекеттерінде екендігін «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» (1896 ж.) атты еңбегінде Ф. Энгельс көрсетіп берді.

Барлық омыртқалы жануарлардың ішінен өзінің құрылысы жөнінде адам приматтар отрядының өкілдеріне өте ұқсас. Қазіргі кезде бұл отрядқа адам мен маймылдар ғана жатқызылады. Приматтар—сүт қоректілердің ең жоғарғы сатыдағы курделі құрылысты отряды. Негізгі белгілері сәйкес болуына байланысты адам приматтар отрядына жатқызылады. Бұл отряд екі отряд тармағына бөлінеді: 1) жалпақ мұрынды маймылдар және 2) құшық мұрынды маймылдар.


Жалпақ мұрынды маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олардың екі мұрын тесіктерінің арасын жалпақ перде бөліп танаулары екі жаққа қарай делдиіп тұрады. Құйрығы ұзын, ұстау органы міндетін атқарады. Әрбір жақ сүйегінде 18-ден тістері болады. Бұларға ермекші тәрізді маймыл, бақырауық қара және ойнампаз маймылдар жатады.
Қушық мұрынды маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді, бұлардың қазба қалдығы Европадан табылды. Мұрын аралық пердесі жұқа. Құйрығы ұзын болуы мумкін, бірақ ол еш уақытта ұстау қызметін атқармаған, бірсыпыра түрлерінде құйрық жойылып кеткен. Әрбір жақ сүйегінде16-дан тістері болады. Қушық мұрынды маймылдардың отряд тармағында төрт тұқымдас бар: мартышкалар, гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адамдар. Отряд тармағында ең көбі мартышка тұқымдасы. Бұларда ұзын құйрық, ұрт қалтасы және шонданай сүйелі болады. Бұл тұқымдасқа мартышкалар, павиандар және макаккалар жатады.
3. Белгілер жиынтығы жөнінен адамға едәуір жақын формалары шимпанзе болып табылады.Ең алдымен көзге түсетіні — адам скелетіндегі сүйектердің бәрі адам тәрізді маймыл скелетіндегі сүйектерге гомологті болады.Бұлшық еттерін және ішкі органдарының қайсысын алсақ та сол сияқты ұқсастық байқалады. Тіпті нерв системасының құрылысында да және миының кейбір бөліктерінде де
көптеген ұқсастықтар бар. Тағы бір көңіл аударатын жағдай, ми құрылысы жөнінен жоғары сатыдағы маймылдар төменгі сатыдағы маймылға жақын емес, адамға жақынырақ. Мысалы, адам тәрізді маймылдардың миынын маңдай бөлімі едәуір дамыған және оның ми қыртысындағы адамның сөйлеу процесіне сәйкес бөлімінің күрделілігі де гомологті. Осының бәрі адам тәрізді маймылдардың төменгі сатылы маймылдардан үлкен айырмашылығы бар екенін көрсетеді. 
Бақылау сұрақтары
1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы?
2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.?
3.Антропогенездің негізгі дәуірлері?
Лекция №27
Тақырыбы: Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
Жоспары:
1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар.
2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.
3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік
Лекция мәтіні :
1. Дарвин мен Энгельстің адам адам тәрізді маймылдардан шықты деген түсініктерінің дұрыстығын толық көрсетті.Ежелгі адамдармен неандертальдықтардың сүйектерінің қалдығы, сондай-ақ солардың іс-әрекеттерінің іздері Ескі Дүние материктерінен табылғандығын айта кеткеніміз дүрыс. Бұлар Афдерикадан да, Тынық мұхит аралдарынан да табылған жоқ.

Ескі Дүниенің территориясында шамамен бүдан 100 мың жыл бұрын кроманьондықтар да қалыптасты. Ондаған мын, жылдар өткеннен кейін осы кездегі адамдар кең таралып, бүкіл Жер жүзіне тарап кетті.


2. Осы ұзақ мерзім ішінде кроманьондықтардын, ұрпақтары әр түрлі климаттық жағдайларға тарап сонымен тіркескен алуан түрлі физикалық . факторлардың әсеріне ұшырадыБұл жағдай белгілі географиялық облыстарда мекендеуші адамдардың сыртқы бейнесіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде әр түрлі континенттің әрқилы зоналарында мекендеуші адамдардың жеке топтарының терісі мен көзінің түстері, шашының түрі мен реңі, мұрын, ерін, бет әлпетінің және басының бейнелері, бойының үзындығы және оның пропорциясы сияқты белгілер жиынтығы женінен бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болды. Осы топтардың бәрі үш үлкен нәсілге біріктіріледі: 1) негроидтық-австралоидтық немесе зкваторлық, 2) европоидтық немесе европалық-азиялық және 3) монголоидтық немесе азиялық-америкалық. Әрбір үлкен нәсіл езінше кіші нәсілдерге немесе екінші нәсілдерге бөлінеді.
Негроидтық-австралоидтық нәсілдерге жататын адамдарға мынадай белгілер тән: терісі, шашы және көзі қара түсті; шаштары бұйра немесе толқынды; мұрнының қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сакал және мұрты не селдір (негрлер), немесе өте қалың (австралиялықтарда) болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге белінеді: африкалық континентте мекендеуші — негроидтар және Австралия континентімен байланысты және Мұхиттық аралдарда мекендеуші — австралоидтықтар.
Европоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің реңі әр түрлі ашық реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер; шаштары жүмсақ, толқынды не түзу, талшықты, шаш реңі тым өзгергіш ашық түстен қараға дейін; мұрыны қушық, едәуір биік, қыр мұрынды; еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою өскен сақал-мұрты болады. Бүл нәсіл екі кіші нәсілге бөлінеді: 1) о ң т ү с т і к немесе үнді-жерорта.теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қой көзді, терісі қоңыр түсті (мысалы, индеецтер, тәжіктер, армяндар, гректер, арабтар, итальяндықтар, испандықтар және 2) солтүстіктік немесе балтикалық н ә с і л, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе көк көзді (орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар)-
Монголоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің түсі сарғыштау реңді. Шаштары қара, талшықтары әдетте түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш шығады және селдір болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет сүйегі шығыңқы, үстіңгі қабақ терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз қиығын толық не шала жауып түрады; әдетте қысқа мүрынды болады.
Монголоидтық нәсілге американдық (индиялық) кіші нәсіл де жатады, бүлардың көптеген белгілері европоидтықтар типіне жақын. Мысалы, бет әлпеті және биік қыр мұрыңдылығы жөнінен индеецтер европоидтықтарға үқсайды.
Нәсілдердің өзіндік ерекшеліктері соншалықты маңызды белгі болып саналмайды. Әдетте ол белгілердің ерекше бейімділік мәні жоқ, сонымен қатар нәсілдер өз ара араласып кетуімен байланысты олардың айырмашылықтары шын мәнінде жойылған; нәсілдік топтарды араласып кетйен өте қүрамды топ деп қарауымызға болады.
3. Нәсілдердің пайда болуы және дамуы ете күрделі тарихи процесс. Я. Я. Рогинскийдің пікірінше, осы кездегі адамдардың қалыптасуының бас кезінде, яғни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен Европаның соған таяу аймақтарында екі нәсілдік топ — оңтүстік-батыстық жопе солтүстік-шығыстық топтар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және Гиндукуш тау тізбектері және Үндіқытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы екі топтың біріншісінен европоидтык және экваторлық үлкен нәсілдер шықты. Екіншісінен монголоидтық нәсіл қалыптасты. Бұдан бірнеше кіші нәсілдер шықты, соның бірі америкалық нәсіл. Бұл Азиядан Беринг шығанағы арқылы Солтүстік Америкаға өтіп кеткен, содан бүкіл Жаңа Дүниеге таралған.
Капиталистік елдерде үстем таптың идеологтары нәсілдік айырмашылықтарды ғылымға Қайшы теория құру үшін пайдаланып келеді. Олардың бұл теориясы - нәсілшілдік деп аталады. Нәсілшілдік — әр түрлі нәсілдер биологиялық тең бағалы емес деп қарайды. Бүл нәсілдік дискриминация саясатын — қанау және езу, құл ету саясатын ақтау үшін айтылып отырған пікір.
Нәсілшілдікті жақтаушылар «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер бар деп таниды. Оларша өзіне тән биологиялық ерекшеліктері бар «жоғарғы» нәсілдер ғана мәдениеттін, және прогрес-тің иелері. Осы азғантай «жоғарғы» нәсілдердің келешекте даму правосы бар. Төменгі нәсілдердің өзіне тән биологиялық ерекшліктеріне байланысты мәдени даму қабілеті жоқ, бұлар азғындыққа ұшыраған құлдардың нәсілдері. Нәсілшілдік фашизм идеяларымен үштасты және ұштасуда. Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында нағыз фашистік мемлекеттерде — гитлерлік Германияда, Италияда және Жапонияда фашистік көзқарастар үлкен өріс алды. Соғыс ашу үшін жұртшылықтың пікірін аударуға дайындық жүргізілген жерлерде әрқашан нәсілшілдік өріс алады.
Нәсілдердің биологиялық тең бағалы еместігі жайындағы теориясында нәсілшілдер өздерінше ғылыми дәлелденген деп таныған мына үш жағдайға сүйенеді: 1) әр түрлі нәсілдер әрқилы ата тектен тараған; тек европоидтық нәсіл ғана кроманьондықтардан шыққан, ал басқа нәсілдердің тегі неандертальдықтармен байла-нысты; 2) әр нәсілдің бас сүйегінің ми орналасқан бөлігінде айырмашылық бар; әр нәсілге жататын адамдардың ой-өрісінің әр түрлі дәрежеде болуы осыған байланысты және 3) нәсілдердің даму қабілеті бірдей дәрежеде емес.
Бұл жағдайлардың бәрі ғылыми мәліметтерді бұрмалау негізінде құрылған, солай екендігін жоғарыда аталып кеткен фактыларға сүйене отырып, дәлелдеу қиын емес. Сол үш жағдайды жекелеп талдап көрейік. Бірінші жағдайды айтылып кеткен палеонтологиялық зерттеулердің материалдары жоққа шығарды.Ол материалдар тарихи тұрғысынан қарағанда неандерталдықтар -өте ертегі адамдарды кроманьдықтармен байланыстыратын даму кезеңі екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ осы кездегі адамдардың нәсілдерінің қай-қайсысында неандертальдықтармен тікелей байланыстырғандай кроманьондықтардан басқа аралық форма жоқ.
Осы кездегі адамның арғы ата тектері өте көлемді территорияны мекендегендігі, онда нәсілдер қалыптасатындай ерекше оқшау орталықтар болмағандығы жайында палеонтология көптеген материалдар жинап отыр. Бұл нәсілдердің пайда болуы жайындағы полицентрлік теорияға қарсы дәлел болып табылады.
Екінші жағдай да сынға төтеп бере алмайды. Адамдардың барлық нәсілдері денесіндегі адам сипатын көрсететін негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас.Бас сүйегінің миы орналасқан бөліігі жөніненде сондай.Әрине жеке адамдардың бас сүйегінің миы орналасқан бөлігінің кеңдігі әр түрлі болуы мүмкін,бірақ мұның адам қабілетіне ой-өрісіне әсері жоқ.Бұған мына мысалдар дәлел болады.неандерталдықтар мен кроманьондықтардың ми көлемінің орташа мөлшері тең болатын. Бірақ неандерталдықтардың санасы кромоньдықтардан төмен болғанына ешкім күмәндана алмайды.Осы кездегі мәліметтер мидың көлеміне қарай адамның қабілетін ажыратуға болмайтындығын көрсетіп отыр. Мысалы Тургеневтің миының салмағы 2012 г, ал жер жүзіне аты әйгілі тағы бір жазушы-Анатол Франстың миының салмағы одан екі еседей жеңіл, бар болғаны 1017 грамм-ақ.
Бақылау сұрақтары
1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар?
2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.?
3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік?



Лекция № 28

Тақырыбы: Биосфера эволюциясы.
Жоспары:
1.Ноосфера
2.Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері және биосфераның эволюциясына әсері
Лекция мәтіні :
1. 1926жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң парижде және кеиінрек Берлинде И.В.Вернадскийдің “ Биосфера ”деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», “Өмір аймағы ” атты очектері жарық көрді.
В.И Вернадскийдің “Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес ол нақты шектелген географиялық жер қабықшасы –биосфераға сәйкес келеді. Ол жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін географиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс” –деп жазады.Өзінің өмірін соңғы жылдарын В.И Вернадский биосфераны ұйымдастыру мен сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол” Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы ” еңбегін жазады. Бірақ ғалым аталған бұл кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965жылы жарық көрді. 
“Ноосфера” терминін алғаш рет қолданғандар философтар, матиматиктер және антрополог Эдуард Леруа және палентолог Пьер Тейяр Шарден болды. Шарден өзінің 1916жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны “жаңа қабат”, «ойлайтын қабат» деп анықтайды.
Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан географиялық күшке» айналатынын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасымен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И Вернадский мынадай қортындылар жасайды.
1.Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын бисфераны өзгертетін күш болып табылады.
2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар
3.Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс стихиялы түрде табиғи процесс ретінде жүреді.
4.Тіршілік ортасы –биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геоологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторлары-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге –ноосфераға өтуі табиғи процесс
И.ВВернадскийдің “Ноосфера туралы туралы бірер сөз”.деген мақаласы 1944жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.
2. Қазіргі кезде көптеген елдерде ғана емес, Қазақстанда да экологиялық апаттар орын алып жатыр. Экологиялық апаттар биосфера эволюциясына өз әсерін тигізуде. Атап айтқанда, олар Қызылорда облысындағы сиам егіздерінің дүниеге келуі, Байқоңыр космодромының кері әсері нәтижесінде озон қабатының жұқарып тесілуі (соның салдарынан күн сәулесінің ультракүлгін сәулелерінің еркін түрде өтуі тіршілік процестерін баяулатып, соңында жойылуы), Шардара су қоймасының жанындағы тұрғылықты халық денсаулығының күрт төмендеуі (өкпе ауруларының көбеюі), Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы салдарынан ондағы тірі организмдердің қырылуы және кейбір балық түрлерінің жойылуы, Арал теңізі суының тарылуы нәтижесінде тұздың жел арқылы топыраққа қонып, эрозияға ұшыратуды, сонымен қатар Семей ядролық полигонының әлі де кері әсерінің байқалуы т.б. 
Бақылау сұрақтары
1.Ноосфера?
2.Қазақстандағы экологиялық апаттар?
3. себептері және биосфераның эволюциясына әсері?
Лекция №29

Тақырыбы: Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары

Жоспары:
1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және биологияның басқа салаларының дамуына әсері
2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.
3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі

Лекция мәтіні :
1. Тірі табиғат эволюцияның ғылыми концепциясын 100 ж астам жыл бұрын ағылшын биологы Ч.Дарвин құрды . Бұл теория сол ғылымның атымен “Дарвинизм” деп аталды. Қазіргі уақытта Дарвинизм деген сөз “эволюциялық теория” немесе «эволюциялық ілім деген атауға ауыстырды.
Эволюциялық деген терминді латынша эволушн - “даму” 18 ғ ортасында биология саласына Швейцар биологы Шарль Боннэ енгізді.
Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбрональды даму мен ғана байланысты болды..
Эвлоюцияны материяның ерекше даму формасы деп қарастырды. Оның 3 қасиетін атауға болады.
1.Биологиялық эволюция қайта оралмайтын процесс. 
2. Эволюция дегеніміз биологиялық пайдалы белгілерін 
өзгерту.
3. Эволюция ұрпақтар жалғасына негізделген басқаша айтқанда жаңа элементің бұрынғы организмге үлесімді енуі.
4.Даму процесі дегеніміз- бір жағдайдан екінші жағдайға өту тек кана жаңа қасиетіне ғана байланысты емес сонымен қатар ежелгі организмнің ерекшеліктерімен сақтаумен сипатталады.Организмнің және түрлердің Эволюциялық қайта құрулары оның орын басушылыққа басқаша айтамыз ата-тектен болашақ организм тұқым қуалауға негізделген.
Эволюцияның жеке дамудан онтогенез айырмашылығы ол алдын ала жоспарланып қоймаған бірақ сонымен қатар бұл прогрессті бағыттағы организмнің күрделену процесі.
2. Адам баласының мүддесі және оның практикалық іс-әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенің Дарвинизм курсы таныстырады. Дарвинизм жұмысынан бастап биологиядан ашылдған заңдар, тірі организмдермен тікелей байланысты шаруашгылық салаларындағы практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді.Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биолошгиялық структуралар мен ондағы болып жатқан процестерге инженерллер көңіл бөле бастады.Осыған байланысты ерекше–ғылым бионика шықты.Сөйтіп қазіргі биология техникада қолданыла бастады.Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.
Эволюциялық теория тірі материяның тарихи дамуы.
Эволюциялық теория басқа биология пәнінен тығыз байланыста бола отырып, өзінің проблемаларын да тұрады. Оның ең басты міндетті “Әртүрлі организмнің шығу тегінің себепкері мен оған әсер ететін жағдайларын табу” 
Сондықтан “Эволюциялық ілім теориясын” Правдин бойынша “Органикалық әлемінің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым-дарвинизм деп аталады”.
Ал Веняев “:Тіршіліктің тегін, организмнің әлемінің дамуын зерттейтін немесе организмнің эволюциялық жолдарын басқаратын ғылым - эволюциялық ілім деп аталатын.
Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін Дарвинизм биологиялық әртүрлі салаларының және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материялдарын пайдаланады.Бұдан Дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдары мен өзара тығыз байланысты екенің көреміз. Эволюциялық теория өзіне қатысты пәндердің жаңа фактыларымен үнемі толықтырып отырылды. Сонымен бірге тірі табиғаттың даму жөнінде жалпы заңдылықтардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зертеу жұмысына тікелей көмектесіп отырады.Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа сортарын жасау жөніндегі адам бьаласының практикалық жұмыстарын тәжірбиелерін қорытып Дарвинизм, жануарлармен өсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауыл шаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарын сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жөнінеде бұрын белгісіз болып келген жолдары табуға мүмкіншілік береді.
3. Биологияның, сондай-ақ Дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі 20 ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда, тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ сонғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші ддәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптардың тұтастырып, өзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жарасымды пәндердің шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы- молекулалық билогияның құрылуына жағдай жасап генетика саласында үлкен табыстарға жеткізді. Генетиктермен экологтардың бірлесіп зерттеулерді Дарвинизмдегі өте күрделі проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселені жаңаша шешімділігіне мүмкіндік берді. Адам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән- космостық биология қалыптасты.
Бақылау сұрақтары
1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және биологияның басқа салаларының дамуына әсері?
2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.?
3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі?

Лекция №30

Тақырыбы: Эволюция ілімінің маңызы

Жоспары:
1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау.
2.Эволюция ілімі және медицина.
3.Эволюция теориясының методологиялық негізі
Лекция мәтіні :
1. Эволюциялық теория ілімі жалпы органикалық дүниенің даму заңдылықтарын зерттейді.
Органикаллық эволюция дегеніміз- тірі табиғаттың адаптивтік өзгергіштің таримхи процесі. Яғни қайта оралмайтын және жалпы прогрессивті бағытта өтетін процесс, макромолекуларлықтан жалпы биосфераға дейін жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
1.Тіршіліктің дамуы.
2.Организмнің нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы.
3.Адамның ерекше биоэлеументтік жүйе реттінде пайда .
2. Жаңа биологияның жауапты міндетінің бірі-популяциялармен түрлердің эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып табылады.Түрлер мен популяциялардың эволюцияның табиғат заңдылығына байланысты ол жаннуарлар өсімдіктер микроорганизмдер мен вирустарда адам сана сезімімен басқарылып бағыттау тиіс. Эволюция мен селекция өте күрделі факторлардың жиынтығына негізделген олардың, ішіндегі ең бастылары, табиғи және қолдан сұрыптау ортаның әсерінен немесе адамның мақсатына сәйкес топтардың генетикалық жүйелілігі өзгереді.
Бүгінгі күнге дейін анықталып сурет телген жарты, миллионға жуық осы күнгі өмір сүретін өсімдіктер мен бір миллионға таяу жануарлар түрі бар ал әлі ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1-2 миллионан асады. Ғалымдардың есебі бойынша бір кезде жер бетінде өмір сүріп кеткен қазір жоқ, өсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден 5-9 есе көп. Түрлер эволюциялық жолмен табиғи сұрыптау арқылы саны 3 млрд жыл бойы пайда болды деген жүз жыл бұрын айтылған пікір биологияда ашылған елеулі жаңалықтар бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру одан алынған өнімді арттыру үшін тек жеке өкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның геноптипінің жүйесін білу керек. Тұқым қуу, өзгергіштік заңдылығын оларды туғызатын, анықтайтын факторлар білудің табиғи жағдайдағы жануарлардың өсіп өнуін, ондағы генетикалық процестерді зерттеудің эволюцияны толық біліп оны басқаруда маңызды өте зор.
3. Орта мектептерге биология пәнің мұғалімдерін дайындау саласында “Эволюциялық ілім” курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашанда материализм мен идеялизмнің шиелініскен күрес алаңы болған және болып келеді. “Эволюциялық ілім” курсынан осы күрестің тарихын оқу оқушылардың диалектикалық-материалистік дүнеи тану көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни көзқарастардың тұтқыныңда болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуірі деп атаған осы кезеңдері жаратылыс зертеушілердің ақыл-ойын өзінше бір дүниетану қөзқарасы шырмады. Олар жер және онда тіршілік ететін тірі табиғат құдайдың құдіреті мен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болады.

Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи көзқарастар, органикалық дүниенің дамуын матералистік ұғымға негіздеп түсіндіреттін биологияның әртүрлі салаларының өріс алу мен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде эволюциялық палентология эволюциялық эмбрология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея идиялистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің өкілдері Дарвинизмнің матералистік негіздерін күйретіп биологиялық ғылымын ескі, виталистік және метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанды. 


Жалпы алғанда, Эволюциялық ілімнің осы қалыптасу дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтары ашылды.
Биологиялық көлемді зертеуле және түрлі мамандықтағы табиғат зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыс танудың философиялық негіздің диалектикалық матерализм болуына себепкер болды.Бұдан, орта және жоғары оқу орындарында биология пәндерінің үлкен тәрбиелік рөл атқаратының, онда эволюциялық ілім заңды көрнекті орын алатының көреміз.
“Эволюциялық ілім” курсы, ғылыми –атеистік тәрбиелік биологиялық негізі- органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашады.Бұл заңдар, өсімдіктердің, жануарлардың және адамды құдай жаратты, табиғат өзгермейді деген таураттағы барлық негізде діни жорамалдарды жоққа шығарады.
Бақылау сұрақтары
1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау?
2.Эволюция ілімі және медицина?
3.Эволюция теориясының методологиялық негізі?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет