Орта ғасырлардағы математика Орта Азия мен Таяу Шығыс халықтарының математикасы Жасталапова Айбибі Ғалиасқарқызы


Эл – Фараби және математиканың философиясын негіздеу мәселесі



бет2/4
Дата04.01.2022
өлшемі143,56 Kb.
#109573
1   2   3   4
Байланысты:
СЛАЙД 12
женил атлетика, 7 сынып БЖБ 2 тоқсан

Эл – Фараби және математиканың философиясын негіздеу мәселесі.

  • Орта ғасыр заманындағы аса ірі білімнің ғұламаларының бірі – Абунаср Мұхаммед ибн Узлах, ибн Тархан, Әл Фараби ат Турки. 870 жылдар шамасында оңтүстік Қазақстанның Отырар қаласында (қазіргі О.Қ.О., Отырар ауданы) туған. Оның тегі Сыр, Қаратау өңірін мекендеген түркі тайпаларының бірі. Ол тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына енді. Отырар сол ккездегі орта Азиядағы ең үлкен ғылыми орталық болған. Тарихшылар онда Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай кітапхана болғанын айтады. Отырар сол кезде орта азиядағы ең үлкен мәдени орталық болған. Тарихшылар Отырар қаласының мәдениетін VІІІ ғасырда монғол шапқыншылығы құртып жіберген. Осы Отырар қаласында алып, кейін Бағдатқа ауысып онда ұзақ ауқыт ғылыми философиялық зерттеулер жүргізді. 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды. Әл Фараби философия және жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалы еңбек жазған ғалым. Әл Фарабидің математикалық мазмұндағы сақталған еңбектері жан жақты талдана келіп, оның нәтижелері автордың «Әл Фараби», «Әл Фарабидің математикалық мұрасы» атты монографиялық кітаптарында баяндалған. Оның математик ретінде бір-біріне өзара тығыз байланыс ірі үш салада жүргізгені анықталды. а) Математика ғылымдарының шығу тегін анықтау. жаратылыстану ғылымдарын математикаландыру жөніндегі ой пікірлер туралы қағидалар. б) Сол кездегі теориялық математиканың кейбір тарауларын жасауға қатысу. в) Математиканы табандылықты зерттеп білуге практика мұқтаждығын өтеуге пайдалану. Әл Фараби өзінің «Ғылымдардың тізбек немесе ғылымдар классификациясы» деген еңбегінде математиканы 7 тарауға бөледі. 1) Арифметика 2) Геометрия 3) Оптика 4) Асторномия 5) Музыка 6) Салмақ туралы ғылым (статика) 7) Айла әрекет туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет