Жоғардағы дәрежелі теңдеулер. Омар Хаямдағы Куб теңдеулердің геометриялық теориясы.
Геометрия мәселелері. Конструктивті геометрия.
Евклидті және Архимедті түзету. Параллель түзулер
Бағдат ғылыми мектебі,Әл-Хорезми
Араб ғылымының алғашқыларының бірі Бағдат математикалық астрономиялық мектебінің негізін салушы Мұхаммед Әл Хорезми (Мұхаммед ибн Муса Әл Хорезми) орта азиядағы Хорезм қаласында туып өскен қазіргі Өзбекстен Хорезм. Ол VIII ғасырда 80 жылдары туған. Әл Хорезми математика және астрономия салалары бойынша құнды еңбектер қалдырған. Олардың ішінде ең бастысы «Кітап Әл Мұхтасар фи Хисап Әл Джебір валь Мукавалар». Әл Джебір мен Мукавалар тәсілмен есептеудің қысқаша кітабы. Әл Хорезми ғылымның көп саласында еңбек еткен оқымысты. Бағдат абсерваториясында ұзақ уақыт жүргізген бақылаулары мен есептеулері негізінде астрономиялық кесте тұрғызады. Мұнда синустардың, тангенстердің кестесі бар. Бағдаттан кейін таяу шығыс пен орта азия елдерінде ғылыми орталықтар болған: Каир, Марага, Бұхара, Самарканд т.б. қалаларында. Мысалы, Х ғасырдың аяғында Каирда ашылған ғалымдар үйі 200 жылдай өмір сүрген. Арабтар басып алған Испания жеріндегі Хордова мемлекетінде де Х ғасырдан бастап, ғылыми ошақтар ұйымдастырылып, оларда математика саласында тиісті зерттеулер жүргізген. Испания оқымыстылары арабша жазылған көптеген ғылыми еңбектерді латын тіліне аударып, Еуропада ғылымның қайта өрлеуіне үлкен үлес қосқан.