Орта медициналық білімі бар мамандар
үшін тәжірибелік дағдыларды бағалауға
арналған клиникалық станциялар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 28 МАМЫРДАҒЫ №404 БҰЙРЫҒЫ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН РАСТАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БЕКІТУ»
2019 жыл
Көктамырға инъекция жасау іс-әрекет алгоритмі.
1. Науқасты сәйкестендіру.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, қолды тері антисептиімен өңдеп, стерильді қолғап кию.
3. Дәрілік заттың жарамдылық мерзімін, дәрігердің тағайындауымен сәйкестігін тексеру.
4. Шприцті жинау (қаптаманың бүтіндігін тексеру, қаптаманы ашу және шприцті шығарып алу, шприцтің конусына инені қосып, бекітіп, иненің өтімділігін тексерді және шприцті қаптаманың ішіне салды).
5. Спиртке батырылған 6 стерильді шарикті алу.
6. Ампуланы дайындады (сілкіп, ампуланы спирттік шарикпен өңдеп, кескішпен мойнын егеп, спирттік шарикпен қайта өңдеп, мойнын кесу сызығымен сындырды)
7. Шприцке дәрілік затты дайындады (қажетті көлемді алды, инені ауыстырды, ауасын шығарды, иненің өткізгіштігіне көз жеткізді, қаптаманың ішіне салды).
8. Науқастың қолын созып, шынтақ астына клеенка жастықшаны салу.
9. Шынтақ бүгілісінен 3-4 см ұштарын жоғары қаратып жгут байлау. Науқастың қолын жұмуын және ашуын сұрап, көктамырын анықтап алу.
10. Шынтақ бүгілісі аймағын 10*10 см бір бағытта спирттік шарикпен өңдеу.
11. Екінші спирттік шарикпен ине енгізетін тамырды 5*5см өлшеммен аймағын сол бағытта өңдеу.
12. Қолғапты спиртті шарикпен өңдеу.
13. Шприц алып, ауасын шығару.
14. Шприцті оң қолға алып, II саусақпен иненің канюлясынан ұстаңыз, иненің қиығын жоғары қаратып, 15 градус бұрышта параллель қойып, абайлап теріні тесіп, көктамыр бойымен ине бос кеңістікке түскенін сезгенге дейін және канюляда қан пайда болғанға дейін енгізіңіз.
15. Бос қолыңызбен жгутты шешіп, науқастан жұдырығын ашуын сұраңыз. Ине тамырдан шықпағанына тағы да көз жеткізіңіз.
16. Шприцтің жағдайын өзгертпей дәрілік затты енгізу.
17. Дәрілік затты енгізгеннен кейін жылдам қимылмен инені алып тастаңыз.
18. Науқастың қолын шынтақ бүгілісінен 3-5 минутқа бүгу.
19. Пайдаланылған шприцті, инені, қолғаптарды, мақта шариктерін қауіпсіз жинау және жою қорабына (ҚЖЖК) тастаңыз.
20. Жүргізілген манипуляция журналына жазу.
Бұлшықетке инъекция жасау іс-әрекет алгоритмі.
1. Науқасты сәйкестендіру.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, қолды тері антисептиімен өңдеп, стерильді қолғап кию.
3. Дәрілік заттың жарамдылық мерзімін, дәрігердің тағайындауымен сәйкестігін тексеру.
4. Шприцті жинау (қаптаманың бүтіндігін тексеру, қаптаманы ашу және шприцті шығарып алу, шприцтің конусына инені қосып, бекітіп, иненің өтімділігін тексерді және шприцті қаптаманың ішіне салды).
5. Ампуланы дайындады (сілкіп, ампуланы спирттік шарикпен өңдеп, кескішпен мойнын егеп, спирттік шарикпен қайта өңдеп, мойнын кесу сызығымен сындырды)
6. Шприцке дәрілік затты дайындады (қажетті көлемді алды, инені ауыстырды, ауасын шығарды, иненің өткізгіштігіне көз жеткізді, қаптаманың ішіне салды).
7. Инъекция жасайтын орнын анықтап алу (жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі). Алдын ала екі рет спирттік шарикпен өңделген теріні сол қолмен сәл созыңыз, ал оң қолға шприцті алып 90 градус бұрышпен ине ұзындығының 2/3 бөлігін енгізіңіз.
8. Поршеньді басу арқылы дәрілік затты енгізу.
9. Шприцті жылдам қозғалыспен шығарып, инъекция орнын спиртке батырылған стерильді мақталы шарикпен басу керек.
10. Пайдаланылған шприцті, инені, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинау және жою қорабына (ҚЖЖК) тастау керек.
11. Жүргізілген манипуляцияны журналға жазу.
Тері астына инъекция жасау іс-әрекет алгоритмі.
1. Науқасты сәйкестендіру.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, қолды тері антисептиімен өңдеп, стерильді қолғап кию.
4. Шприцті жинау (қаптаманың бүтіндігін тексеру, қаптаманы ашу және шприцті шығарып алу, шприцтің конусына инені қосып, бекітіп, иненің өтімділігін тексерді және шприцті қаптаманың ішіне салды).
5. Ампуланы дайындады (сілкіп, ампуланы спирттік шарикпен өңдеп, кескішпен мойнын егеп, спирттік шарикпен қайта өңдеп, мойнын кесу сызығымен сындырды)
6. Шприцке дәрілік затты дайындады (қажетті көлемді алды, инені ауыстырды, ауасын шығарды, иненің өткізгіштігіне көз жеткізді, қаптаманың ішіне салды).
6. Инъекция жасайтын орнын анықтап алу ( иықтың сыртқы беті, ортаңғы үштен бір бөлігі). Алдын ала екі рет спирттік шарикпен өңделген теріні сол қолмен үшбұрыштап ұстап, ал оң қолмен дәрілік зат бар шприцті алып 45 градус бұрышпен ине ұзындығының 2/3 бөлігін енгізіңіз.
7. Поршеньді басу арқылы дәрілік затты енгізу.
8. Шприцті жылдам қозғалыспен шығарып, инъекция орнын спиртке батырылған стерильді мақталы шарикпен басу керек.
9. Пайдаланылған шприцті, инені, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинау және жою қорабына (ҚЖЖК) тастау керек.
10. Жүргізілген манипуляцияны журналға жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |