Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері информатика жаңа оқу пəні ретінде барлық типтік мектептерге 985 жылдың қыркүйегінде енгізіліп, ол пəн «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері»


Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тəжірибелері



бет3/7
Дата02.10.2022
өлшемі34,58 Kb.
#151415
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОКЫТУ

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тəжірибелері

Мектеп информатикасының мазмұндық-əдiстемелiк желілерінің ішінде келешегі зор екендігі тəжірибелер негізінде анықтала отырып, оқушыларға кибернетика элементтерін оқыту 1960 жылдардың басынан бастап дами бастады. Бұл зерттеу бағытының көш басында 1961 жылдан бастап орта мектепке арнайы жасалған кибернетиканың жалпы негіздері курсын тəжiрибе ретiнде оқытуды қолға алып, кибернетика негіздерін жалпы білім берудің базалық (мiндеттi) құрылымы ретінде орта мектептің оқу жоспарына енгізудің қажеттілігін табандылықпен дəлелдеген В. С. Леднев болды.


Кейіннен бұл жаңа ғылыми-əдістемелік зерттеу бағытына В. С. Ледневтің [22, 23] шəкірті А. А. Кузнецов белсене араласты. Қолға алынған зерттеулер кең көлемде, мектепте жалпы білім беруге көзделе жүргізіліп, жалпы орта білім берудегі бірқатар маңызды ортақ мəселелердi, білім беру мазмұнындағы кибернетиканың алатын орнын, мектеп оқушыларының білім алуында оның маңыздылығын, оны мектепте оқыту жолдары, кибернетика курсын оқыту əдістемесі мен мазмұнын қамтығандығын атап өткен жөн [23]. Осыдан ширек ғасыр бұрын В. С. Леднев пен А. А. Кузнецов жалпы орта білім үшін кибернетика негіздерінің жалпы білім беру жəне политехникалық мəні туралы бұлтартпас қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дəйектерді тұжырымдады. Солардың ішінен кейбіреулерін ғана келтірейік: «Кибернетика табиғаты əртүрлі жүйелерге тəн ақпараттық байланыстар туралы түсінікті, барлық мақсатқа сай əрекет ететін жүйелердiң басқару ұйымдары құрылымының ортақтығын енгізе отырып, əлемнiң бірлігі туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқу пəндері, оның ішінде, кибернетика арқылы да əр тұрғыдан оқылып, зерттелетін құбылыстар мен үдерістер түсіндірмесі оқушылардың əлем туралы терең, жан-жақты, шынайы ғылыми түсініктердi қабылдауына əкеп тірейді».
Кибернетиканы оқып үйрену негізгі дүниетанымдық идеяларды барынша жүйелі түрде баяндауға мүмкіндіктер жасап, орта мектептегi оқуды қоршаған ортаны диалектикалық-материалистік тұрғыдан түсінуге əсер ететiн маңызды тұжырымдар мен жалпылаулармен аяқтауға мүмкiндiк туғызады. Кибернетика адамзат танымының ауқымын кеңейтіп, бұрын ғылым мүлде ене алмаған салаларға енеді, ал бұл, сонымен бірге, адамзат танымы шектеулi деген алуан түрлі көзқарастарды жоққа шығаратындықтан, үлкен дүниетанымдық мағынаға ие болады.
«Оқушыларды кəсіби білім алуға дайындауда кибернетиканың орны, ең алдымен, кəсіби мектепте жүзеге асырылатын бiрқатар практикалық ғылымдарды оқыту кибернетиканың негіздерiн оқып үйренуге тура не жанама түрде негізделгендігімен анықталады. Жалпы орта білім кез келген бағыттағы кəсіби білім алудың негізі болатындықтан, кибернетиканы оқып үйрену қазіргі уақытта орта мектеп оқушыларын кəсіби білім алуға дайындауға жəне оларда жалпы еңбектегі біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына қажет болып табылады» [23].
Ұзақ мерзiмде жүргiзiлген теориялық – тəжiрибелiк жұмыстардың негізінде бір мəндi қорытынды жасалды: «… кибернетиканы оқып үйрену жалпы орта білім берудің мазмұнына жеке пəн ретінде енуі керек» [23]. Бірақ зерттеушілердің сол кездегi барынша қол жеткізгені – бұл 1970 жылдардың ортасында жалпы көлемі 140 сағат болатын «Кибернетика негіздері» курсын жалпы білім беретін орта мектептің факультативтік курстарының қатарына енуі (9-10 сыныптарда 70 сағаттан) [22]. Ұсынылған оқу материалының мазмұны туралы түсінік алу үшін төменде факультативтің негізгі бөлімдері келтірілген.


Кіріспе
1. Алғашқы түсiнiктер 6 сағат
2. Кибернетика нені оқытады 2 сағат
3. Модель 6 cағат
4. Кибернетикалық жүйеде ақпараттың
өрнектелуі (берiлуi) 6 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет