Орта мектептің 7-9 сыныптарында кіріктірілген оқыту технологиясын ұйымдастыру және жүргізу


Ынталандыру және қызығушылықты арттыру



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,42 Kb.
#92377
1   2   3   4
Байланысты:
Нұржан Гүлнұр Орта мектептің 7-9 сыныптарында кіріктірілген оқыту технологиясын ұйымдастыру және жүргізу

Ынталандыру және қызығушылықты арттыру
Алдыңғы білімді белсендіру оқушылардың ынтасын арттыруы мүмкін. Бір жағынан қарасақ, бізде оқуды өзі жақсы көретін, оқуға деген ынтасы бар оқушылар бар. Екінші жағынан, тек қана ынталандыруды қажет ететін және оқу үшін марапаттарға (және кейде жазалауға) мұқтаж оқушылар бар.
Белсендіру (кейде алдыңғы білімді активтендіру немесе бұрыннан бар білімді белсендіру деп те атайды) тақырыпты таныстырмас бұрын оқушылардың миын жұмыс істеуге, сонымен қатар оларды ынталандыру. Бұл оқушыларды сабақтың тақырыбына қызықтыруды және оларға бұрыннан білетін нәрсесін қолдана алуға қол жеткізуге көмектесуді білдіреді.
Ынталандыру кезінде CLIL мұғалімі оқушыларға бұрын білген тіл және мазмұнды еске түсіруге, қайта жаңғыртуға әсер етуі керек. Сонымен қатар, алдыңғы меңгерілген білім мен білмейтін мәселелер арасындағы айырмашылықты сезінуге мүмкіндік беруі қажет. Осыдан кейін оқушылар бұл олқылықты біліп, үйренуге деген ынтасы артады[27].
Мысалы:

  1. Физика пәні мұғалімі 8-сынып оқушыларын белсендіру үшін, оларға жылу көрсеткіштерінің айырмашылығын қалай сезінуге және қалай өлшеуге болатыны туралы тапсырма берсін. Оқушылар ауа райы болжамын естігенде, дене қызуын өлшегенде, тоңазытқышты немесе салқындатқышты қосқанда жылу айырмашылықтарын сезіне алады. Оқушылар осы жағдайларды мысал ретінде келтіре алады.

  2. Мұғалім алдын ала дайындалған ағылшын тіліндегі медициналық журнал немесе ауа райы туралы айтылатын газет қиындыларын беру арқылы белсендіре алады. Оқушыларға берілген материалдар ішінен қызу, жылуға байланысты сөздерді табуы керек. Сәйкесінше оқушылар градус және т.б. терминдер бар сөйлемдерді көрсетеді.

Оқушылар жаңа сабақтарды шет тілінде үйрену барысында материалды меңгереді. Бірақ шет тілін пайдаланып кері байланыс жасау қиынға соғады. Олар айтқысы келген сөздерді өз тілдерінде білуі, шет тілінде білмеуі мүмкін.
Тілге қатысты, CLIL мұғалімдері пәндік терминологияны енгізуі өте маңызды. Мысалға, жылулық қозғалыстар тақырыбына байланысты жылу, жылулық құбылыс, қозғалыс, бөлшек, атом, молекула, жылу алмасу, тығыздық, жылдамдық секілді бірқатар терминдермен таныстыруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет