Қоректену
|
7.1.2.1
жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау
|
(Жж) Оқушыларға жапырақтың көлденең қимасының «мылқау» суретін таратып беріңіз. Тақтаға барлық бөліктері белгіленген шағын сурет іліңіз.
Әр жұптағы оқушылар кезектесіп шығып, тақтадағы суретті зерттейді. Орнына қайтып келеді және өзінің жұбына бір немесе бірнеше белгілерді түсіндіреді.
Экранда суреттің түпнұсқасын көрсетіңіз және жұптарға өздерінің сызбасымен алмасып, бір-бірінің жұмыстарын бағалауды ұсыныңыз.
|
Бұл тапсырма оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған.
Кейбір оқушыларға белгілер көрсетілген қарапайым сызба қажет болуы мүмкін- тапсырманы орындағаннан кейін, құрылысы мен қызметін сәйкестендіруге жұмыс қағаздарын беруге болады.
|
Келесі кітапта қолдануға болатын сызба бар Международное научное пособие, 3-выпуск Карэн Моррисон
ISBN: 9780340966020
Оқушылармен жұмысқа жаттығулар жинағын қолдануға болады.
Международный научный сборник упражнений, 3-выпуск Карэн Моррисон
ISBN: 9780340965993
|