Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін


-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата18.12.2021
өлшемі194,25 Kb.
#102564
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ақпарат қр
4СД№5 есеп, 1-45, қолхат, анг 11класс область февраль2021
2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, 

қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының күнделікті мұқтажы 

үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, бірыңғай 

телекоммуникация желісінің ресурстарын пайдалану тәртібі


 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

3. Қазақстан Республикасының қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін 

қорғау органдары телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету 

үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері, сондай-ақ тиісті 

лицензиялар негізінде басқа да телекоммуникация желілері пайдаланылуы 

мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қорғаныс, 

қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарына көрсетілетін байланыс 

қызметтерін ұсыну шарт негізінде төлем тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ 

ұсынылатын қызметтердің көлеміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді 

регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде 

айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылады.

Ведомстволық телекоммуникациялық байланыс желілері мен арнайы 

мақсаттағы телекоммуникация желілерін қосу ортақ тәртіппен техникалық 

шарттар бойынша және телекоммуникация желілерін қосу иесі беретін қосуға 

арналған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуға шарт техникалық ерекшелік 

негізінде жасалады, онда техникалық және сапалық сипаттамалардан басқа 

мыналар көзделеді:

1) байланыс арналарын, желілері мен құралдарын резервке қоюды 

қамтамасыз ету;

2) электр сигналдарын тарату ортасына қойылатын талаптар;

3) ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

4) байланыс арналарын, желілерін, құралдарын уақытша жалға беру 

қызметтерін көрсету, олардың жұмыс параметрлері мен төлемін өзгерту;

5) зақымдалған жағдайда байланыс арналарын ауыстыру немесе оларды 

қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау;

6) техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін байланыс қызметтерін 

көрсетуді тоқтата тұру.

5. Уақтылы төлемнің болмауы, сондай-ақ шарттың қолданылу мерзімінің 

аяқталуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қорғаныс, 

қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарына көрсетілетін байланыс 

қызметтерін ұсынуды тоқтата тұру немесе тоқтату үшін негіз болып табылмайды. 

Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілген байланыс 



 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

қызметтерін төлеу нақты көрсетілген байланыс қызметі үшін қосымша келісім 

негізінде жаңа күнге қолданылатын тарифтер бойынша жүргізіледі.

Шартты ұзарту, төлемді жүргізу немесе қабылдау объективті себептер 

бойынша мүмкін болмайтын жағдайлар туындаған кезде қиындықтар туындаған 

тарап басқа тарапқа тәуекелдер мен тарифтер ескерілген кепілдеме хатты 

жолдайды.

6. Арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, 

пайдалану, нөмірлеуді бөлу, олардың жұмыс істеуін, ақпарат қауіпсіздігін 

ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету, трафикті өткізу, өзара іс-қимыл жасау 

және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан алу) шарттарының тәртібін осы 

желілер мұқтажын қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасы уәкілетті 

мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, 

ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.

7. Егер шарт талаптарында өзгеше ескерілмесе, арнайы мақсаттағы 

телекоммуникация желілерін байланыс операторларының және (немесе) байланыс 

желісі иелерінің желілеріне қосу тапсырыс берушінің күштерімен және 

құралдарымен жүзеге асырылады.

8. Байланыс арналарын алдын ала шарттар жасамай, сағатпен, уақытпен 

және уақыттық-кезеңдік жалға беруді байланыс операторлары және (немесе) 

байланыс желісінің иелері басқа тұтынушылар алдында басымдығы бар осы 

Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасында атап көрсетілген 

пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдердің шамасына қарай кезектілік 

тәртібінде жүзеге асырады.

9. Ведомстволық іс-шараларды (оқу-жаттығуларды, жаттықтыруларды) 

жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, 

қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарына көрсетілетін 

байланыс қызметтерін ұсыну көлемін ұлғайту қолданыстағы шарттар 

талаптарында өтінімдер бойынша қамтамасыз етіледі. Инфрақұрылым жоқ 

аудандарда байланыс операторлары мобильді байланыс, ақпараттандыру және 

хабардар ету кешендерін қолданады.

10. Арнайы мақсаттағы байланыс желісінің иелері өздерінің ортақ 

құзыретіне кіретін телекоммуникациялар саласындағы мәселелерді шешу үшін 

қажет болған кезде белгіленген тәртіппен өздерінің басшылары қол қойған 




 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

бірлескен бұйрықтар түрінде шешім қабылдайды. Бірлескен шешімдерді және 

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау 

бойынша өзара іс-қимыл жасау мемлекеттік органдардың тиісті байланыс 

бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

11. Байланыс операторларының және (немесе) байланыс желісі иелерінің 

бөлімшелері осы Қағидаларға, осы мемлекеттік органдармен бірлесіп, байланыс 

саласындағы уәкілетті орган қабылдайтын өзге де құқықтық актілерге сәйкес 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан 

Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер 

министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, тиісті 

бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

12. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, 

қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтажы үшін шетел 

мемлекеттерінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін және 

арнайы мақсаттағы телекоммуникация желісінің ресурстарын пайдалану 

халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

13. Күнделікті мұқтаж үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

органдарына, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарына 

байланыс операторлары көрсететін қызметтердің көлемі оларда төтенше 

жағдайлар, терроризмге қарсы операция, төтенше және соғыс жағдайлары

жұмылдыру, соғыс уақыты режимдерін қамтамасыз ету кезінде сақталады.

14. Қазақстан Республикасының Президентін және басқа да лауазымды 

адамдарды аса маңызды жұмыстарды және іс-шараларды жүргізу кезеңінде 

қорғалған байланыспен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

күзет қызметінің президенттік байланыс бөлімшелері үшін байланыс желілерін, 

арналарын, құралдарын бөлу ерекшеліктері байланыс операторлары мен 

президенттік байланыс саласындағы уәкілетті орган арасындағы жеке бірлескен 

келісімдермен айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет