28. Терроризмге қарсы операция, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай,
тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуін ескере отырып жүзеге асырылады.
29. Жұмыс орындарын, телекоммуникациялық жабдықты, байланыс
Қосылу нүктелерін ұлттық қауіпсіздік органдары айқындайды.
30. Байланыс саласындағы уәкілетті орган ортақ пайдаланылатын
Редакциялау күні
04.12.2019
Сақтау күні
05.10.2020
Дата редакции
04.12.2019
Дата скачивания
05.10.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
коменданты болып тағайындалған мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасай
отырып жүргізеді.
31. Жедел штаб басшысының немесе жергілікті жер комендантының
шешімі бойынша байланыс операторлары президенттік және үкіметтік
байланысты, сондай-ақ шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын
қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсетуді
тоқтата тұрады және (немесе) байланыс желісі мен құралдарын пайдалануды
шектейді.
32. Телерадиохабар тарату объектілерінің, мемлекеттік органдардың
жаһандық және ведомстволық ақпараттық желісінің иелері төтенше жағдай
енгізілген жергілікті жер комендантының шешімі бойынша тиісті жергілікті
жердің тұрғындарын төтенше жағдай шарттарында қолданылатын енгізілген
шараларды және уақытша шектеулерді орындау қажеттілігі туралы хабардар
етеді.
33. Байланыс желілері мен құралдарының иелері теңіздегі, құрлықтағы,
әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі адамдар өмірінің қауіпсіздігіне қатысты барлық
хабарламаларға, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау саласындағы
кезек күттірмейтін іс-шараларды, ерекше маңызды жұмыстар мен
іс-шараларды жүргізуге, төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолютті
түрде басымдық беруге, басым тәртіппен көрсетілетін байланыс қызметтерін
ұсынуға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын мемлекеттік
органдардың мүдделерінде байланысты қалпына келтіруге кезек күттірмейтін
шаралар қабылдауға тиіс.
34. Төтенше жағдай енгізілген жергілікті жер комендатурасының аппараты
төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды және (немесе) олардың
салдарларын жоюға қатысатын мемлекеттік органдар, қорғаныс, қауіпсіздік және
құқық тәртібін қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
Осы мақсаттар үшін байланыс жоспары әзірленеді, ал тартылатын күштер бір
типті байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: