Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін


-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата18.12.2021
өлшемі194,25 Kb.
#102564
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ақпарат қр

3-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған 

кезде Қазақстан Республикасы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін 

қорғау органдарының мұқтажы үшін ортақ пайдаланылатын 

телекоммуникация желілерін, бірыңғай телекоммуникация желісінің 

ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібі


 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

15. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде 

ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін пайдалануға дайындау 

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының азаматтық 

қорғаныс бойынша санаттарға және ақпараттық-коммуникациялық 

инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ұйымдарға қатысты 

талаптарының орындалуын қамтиды.

16. Республикалық және аумақтық деңгейлердегі азаматтық қорғаудың 

хабардар ету жүйелерін құру, сондай-ақ жабдыққа техникалық қызмет көрсету, 

жоспарлы және ағымдағы жөндеу, хабардар ету жүйелерінің байланыс арналарын 

ұйымдастыру және оларды күтіп ұстау азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті 

орган ведомствосының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган 

ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың 

бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Хабардар ету жүйелерінің 

байланыс арналары ретінде ведомстволық телекоммуникация желісінің 

ресурстары, ортақ пайдаланылатын, арнайы мақсаттағы телекоммуникация 

желілері, ақпаратты берудің корпоративтік, бөлінген, телевизиялық және 

радиохабар тарату желілері пайдаланылады.

17. Байланыс операторлары шарт негізінде азаматтық қорғау саласындағы 

уәкілетті органның, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы 

аумақтық бөлімшелерінің және оның аумақтық бөлімшелерінің мүдделерінде 

төлем тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер көлеміне 

өзгерістер мен толықтырулар енгізуді регламенттейтін Қазақстан 

Республикасының құқықтық актілерінде айқындалған ерекшеліктермен 

көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынады. Табиғи және техногендік сипаттағы 

төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған кезде азаматтық қорғау 

саласындағы уәкілетті орган, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган 

ведомствосының аумақтық бөлімшелері басқа пайдаланушылар алдында 

көрсетілетін байланыс қызметтерін алудың басым құқығын пайдаланады.

18. Арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің, ақпаратты берудің 

ведомстволық, бөлінген, корпоративтік, телевизиялық және радиохабар тарату 

желілерінің ресурстарын ұсыну мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен 

ұйымдардың бірінші басшылары арасындағы бірлескен шешімдер негізінде 

жүзеге асырылады.




 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезеңінде арнайы 

мақсаттағы телекоммуникация желілерінің, ведомстволық, бөлінген және 

корпоративтік телекоммуникация желісінің ресурстары өтінім бойынша 

азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, азаматтық қорғау 

саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мұқтажы 

үшін ұсынылады.

19. Объектілік деңгейдегі хабардар ету жүйелерінің жабдығын, оның ішінде 

аумақтық деңгейдегі азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесінің басқарушы 

жабдығына дейін құруды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы 

және ағымдағы жөндеуді, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті 

байланыс арналарын ұйымдастыруды және күтіп ұстауды қауіпті өндірістік 

объектілерді, адамдар көп келетін объектілерді пайдаланатын ұйымдар өз 

қаражаты есебінен жүзеге асырады.

20. Байланыс операторлары «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 

қызметіне қоңырау шалған абоненттің орналасқан жерін айқындау және 

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген 

немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, 

қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүдделерінде халықтың ұялы байланыс 

телефондарына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу бойынша көрсетілетін 

қызметтерді ұсыну мақсатында Байланыс операторларының желілерін пайдалану 

қағидаларына сәйкес «112» бірыңғай 

кезекшілік-диспетчерлік қызметімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

21. Телекоммуникация желілерінің және ақпарат жүйесінің иелеріне 

абоненттердің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің, өртке қарсы қызмет, 

құқық қорғау органдары, кезек күттірмейтін медициналық жедел жәрдем 

қызметтерінің, авариялық-құтқару және басқа да қызметтердің нөмірлеріне, 

азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің тіршілік әрекеті мен 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті төтенше жағдайлар, табиғи және 

техногендік апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және өзге де 

жағдайлар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық 

ресурстарға қолжетімділігін шектеуге тыйым салынады.

22. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация, телерадиохабар тарату 

желілерінің, ақпараттандыру объектісінің иелері азаматтық қорғаныс 

саласындағы уәкілетті органның өтінімдері бойынша республикалық және 



 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

аумақтық деңгейлердегі хабардар ету жүйелерінің басқару арналарын циркулярлы 

шақырудың, бейне- және радиосигналдарды, мәтіндік және электрондық 

хабарламаларды берудің қолданыстағы жүйелеріне қосады.

23. Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерімен табиғи және 

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында, сондай-ақ төтенше 

жағдайлар салдарларын жоюға тартылған басқа да ведомстволардың байланысын 

ұйымдастыру азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жүктеледі. Осы 

мақсаттар үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган байланыс 

жоспарын әзірлейді, одан үзінді көшірмелер мүдделі басқару органдарына 

жеткізіледі.

24. Байланыс операторлары және (немесе) байланыс желісінің иелері табиғи 

және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған 

кезде шартты ресімдемей, өтінім бойынша Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сәйкес уақытша орналасу пунктіндегі штаб және салдарларды жоюға 

қатысатын күштер үшін кейіннен шығындарды өтеумен байланыс арналарын, 

желілері мен құралдарын бөледі.

25. Арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда, төтенше 

жағдай жарияланған немесе төтенше жағдай енгізілген кезде бірыңғай 

телекоммуникация желісінің ресурстарын орталықтандырылған басқаруды 

байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі 

айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай 

отырып жүзеге асырады.

26. Адамдарды құтқару үшін авариялық-құтқару, кезек күттірмейтін 

жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ өте қажет болған жағдайда кәсіби және 

ерікті авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының 

құтқарушыларына төтенше жағдайлар аймақтарындағы ұйымдардың байланыс 

құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі. Құтқарушылардың төтенше жағдайлар 

аймақтарындағы ұйымдардың байланыс құралдарын пайдалануы және оларды 

қайтару мерзімдері туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы 

қабылдайды.

27. Оқу-жаттығулар мен жаттықтыруларды өткізу кезінде байланыс 

операторлары азаматтық қорғау органдарына көрсететін қызметтердің көлемі 

қолданыстағы шарттардың талаптарында өтінімдермен қамтамасыз етіледі. 




 

Редакциялау күні

04.12.2019

 

Сақтау күні



05.10.2020

 

Дата редакции



04.12.2019

 

Дата скачивания



05.10.2020

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 

актілердің эталонды бақылау банкі

Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 

Республики Казахстан в электронном виде

Дамыған байланыс инфрақұрылымы жоқ аудандарда байланыс операторлары 

(қажет болған кезде) азаматтық қорғау органдарының иелігіне байланыстың, 

ақпараттандыру мен хабардар етудің мобильді кешендерін ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет