Орта топ балаларының білім, білік дағдыларын қалыптастыру Кіріспе


Ойын арқылы балалардың танымдық қабілеттілігін дамыту



бет2/4
Дата01.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#178109
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Орта топ балаларының білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Ойын арқылы балалардың танымдық қабілеттілігін дамыту

  • Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
  • Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақтар

  • Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді.Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар,ойынды жасаушылар болып табылады. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет