Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.
4-5 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар
Ойын: «Жұбын тап»
Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.
Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.
Ойын: «Есіңде сақта»
Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.
Ойын: «Бір сөзбен ата»
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
Нәтижесінде, ойын:
Нәтижесінде, ойын:
1. Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі;
2. Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, өзін – өзі тануы, өзін – өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
3. Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.
4. Балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынас қалыптасады.
Қорытынды
Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.