рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді
сыни - философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;
болжам жасау - философия жеке адамның да, бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас-идеялардың негізін салады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты - саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.
гуманистік - философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.