1 Жігіттер:
Ортаға сап өнерді,
Тарту етіп өлеңді.
Ақын қыздар қайдасың,
Айтысайық, кел, енді.
3 Жігіттер:
Жырдың керуен көші бар,
Көшке бізбіз қосылар.
Өлең сөзге келгенде,
Ақын қалай тосылар.
5 Жігіттер:
Талаптанып келеміз,
Жеңілеміз неге біз.
Әсет пенен Біржандай,
Жырдан маржан тереміз.
Жігіттер мен қыздар:
Шабыттанып самғаймыз,
Елге жырды арнаймыз.
Сүйінбай мен Жамбылдың,
Ұлы өнерін жалғаймыз!
2 Қыздар:
Әр сөзінде талғам бар,
Баба жолын жалғаңдар.
Шақырып ап айтысқа,
Өлең таппай қалмаңдар.
4 Қыздар:
Домбырасын қолға алар.
Шабыттанып толғанар,
Жырыңды ел жаттаса,
Нағыз ақын сол болар.
6 Қыздар:
Біз даланың гүліміз,
Бұлбұл құстың үніміз.
Сара менен Ұлбике,
Айтылатын жырымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |