Дәрігер: жарайсыңдар балалар.Мен сендерге өте риза болып отырмын. Енді қайтатын уақытым болды.Қош сау болыңдар.(дәрумен шығып кетеді)
Тәрбиеші:міне,балалар өз денсаулығымызды күтуіміз керек екен.Ол үшін тек қана дәрумендерді пайдаланып,тазалықты ұстану ғана емес,сонымен қатар түрлі жұқпалы аурулардан да сақтануымыз қажет.Олардың бірі тұмау. Тұмау-жұқпалы ауру.Егер тұмаумен ауырып қалсақ,халіміз қандай болады? Басымыз ауырады,ыстығымыз көтеріледі,достарымызбен серуенге шықпай қаламыз,анамыз жұмыстан қалады,бізді дәрігерге апарады,бала-бақшаға бара алмай қаламыз.Міне көрдіңдер ме,тұмау жүрген жер жақсы емес.Ал,біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?
-Дұрыс айтасыңдар.Тазалықты сақтап,әр нәрсені жуып деп,қолымызды аузымызға салмай,үнемді ұқыпты болуымыз қажет.
Тосый сәт: (осы кезде есік қағылады.ішке тұмау жөтеліп, қақалып кіреді)
Тәрбиеші:Ой,балалар,есік қағып тұрған кім болды екен.Қане қарайықшы. Балалар,тұмау келіп қалды,тез бетперделеріңді киіңдер.
Тұмау:Сәлеметсіңдер ме,менің әлсіз де,кішкентай балаларым.Мен тұмау деген патшаларың боламын.Сендер мені тостыңдар ма?Мен жеміс-жидектер ді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Тәрбиеші:Біз сізді күткен жоқпыз,әрі шақырған да жоқпыз.Біз жемістерді жақсылап жуып жейміз.Тазалықты үнемі сақтаймыз.Міне,бетпердеміз де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |