Сабақтың мақсаты: Дәрумендер және олардың маңызы, тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау әдістерін білу



Дата10.06.2017
өлшемі58,89 Kb.
#18852
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Дәрумендер және олардың маңызы.Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау

Сабақтың мақсаты:Дәрумендер және олардың маңызы, тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау әдістерін білу.

Күтілетін нәтиже: Дәрумендер және олардың маңызын, тағам құрамында дәрумендердің сақталуын түсінді..

Табыс критерийлері Дәрумендердің ашылу тарихын білу

  • Витаминдердің маңызын білу

  • Дәрумендердің топтары

  • Витаминдердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды білу және олардың алдын алу керек екенін түсіну

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

 

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру

 

Сабақтың әдісі: СТО: жеке және топтық жұмыс,ББҮ, тестік жұмыс, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекіліктер: таратпа материал, суреттер, кесте.

Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

Оқушыларды түгендеу, жауап парағын тарату, түсіндіру

Қызығушылығын ояту

2.Үй тапсырмасын сұрау (10мин) (Конвертке салынған кеспе қағаздарда жазылған тапсырмаларды орындайды. Екінші бетінде тағамдар суреті. Жемістер- алма, қызан, балық, бауыр, май, сүт т.б)


(Оқушылармен жеке ауызша жұмыс)
1.Зат алмасу дегеніміз не?
2. Зат алмасуды ғылыми түрде қалай атайды? (метаболизм)
3. Заттар мен энергияның алмасуы неше сатыдан тұрады? (2)
4. Энергетикалық алмасу дегеніміз не? (органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінетін реакциялар жиынтығы

5. Пластикалық алмасу дегеніміз не? (Жасушалар,олардың органоидтары, жасушааралық заттар, жай заттардан күрделі заттар түзілуі)


6. Энергияны өлшеу бірлігі (джоуль)
7. Энергетикалық алмасу қандай кезеңнен тұрады? (3, дайындық, оттексіз, оттекті )
8. Дайындық кезеңіндегі энергия қайда жұмсалады? (жылу түрінде бөлінеді)
9. Оттексіз кезең қайда жүреді (цитоплазмада)
10. Анаэробты дегеніміз не? (оттексіз)
11. Оттекті алмасу қайда жүреді (митохондрияда)
12. 1 г. Май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? (39, 1кДж)
Сұрақтарға жауап бере отырып біраз тағамдар жинадыңдар.

Осы жиналған тағамдардың құрамында  қандай зат бар?

ВИТАМИНДЕР /ДӘРУМЕНДЕР (Сабақтың тақырыбын анықтау)

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Дәрумендер және олардың маңызы.Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау»

ІІІ.Негізгі бөлім.

 1.Жаңа тақырыпты түсіндіру.     3  минут 

Дәптерге тақырыпты жазу,

ББҮ кестесін толтыру (дәптерге)

- Дәрумендер туралы не білеміз?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








Дәрумендер дегеніміз - ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы.

Дәрумендер 2 топқа бөлінеді. І. Майда еритін және суда еритіндер

ІІ. Жануартекті және өсімдіктекті

-Бүгінгі жұмысымыз топта ұйымдастырылады. Енді қолдарыңдағы суреттер бойынша топқа бөліне қойыңдар. (Жануартекті тағамдар, өсімдіктекті тағамдар болып І-ІІ топ)

Топтарға тапсырма

1-топ. Дәрумендер , олардың маңызы. Майда еритін витаминдер:  А, Д, Е, К 

2-топ. Дәрумендер тарихы.Суда еритін витаминдер:  С, РР, В,  

Топтар берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды. (7 мин)

Жұмыстарын қорғау (4 мин)

(Жеке жұмыс)

Сәйкестендіру тесті



1. Авитаминоз

1. Витаминдерді шамадан тыс көп қабылдау - 4

2. Токоферол

2. Д витаминінің атауы -6   

3. Тиамин  

3. РР витаминінің атауы -5

4. Гипервитаминоз

5. Никотин қышқылы  



4. Е   витаминінің атауы -2

5. Витаминнің жетіспеушілігі-1



6. Кальциферол

6. В1  витаминінің атауы -3   

Жауаптарын интерактивті тақтада, көршісімен ауысып тексеру

Топтарға тапсырма 7 мин

Жұмысты қорғауға 4 мин

Топтарға: І топ

Логикалық сұрақ



І топ

А және С дәруменінің ағзада жетіспеушілігін білдіретін белгілері, тәуліктік мөлшері қандай, ағзаға қалай әсер етеді?

ІІ топ Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау әдістері


(Жарнама жасау. Ескертпе қағаздар)

Кері байланыс кезеңі.

Жаңа сабақты пысықтау 6 мин



Иммунитет деген не?-

«Иммунитет» ойыны Лездемелік сұрақтар

(Стикерларда А,В, С, Д, Е,... дәрумендер жазылған. Сұрақтарға жауап беріп, суретті айнала дәрумендерді жапсыру)

1. Күріш кебегінен алып, ол затты витамин деп атаған ғалым кім? – Поляк ғалымы К.Функ

2. Авитаминоз деген не? - Ағзада қандай да бір дәруменнің жетіспеуі

3. Дәрумендердің ағзада шамадан тыс болуы – Гипервитаминоз

4. Дәрумендер қандай топтарға жіктеледі? Суде еритін, майда еритін, өсімдіктекті, жануартекті

5. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру әрекетін арттыратын дәрумен? – С (аскорбин қышқылы)

6. Бұл дәруменің ағзада жетіспеуі мешел ауруының туындауына себепші. –Д Кальциферол

7. Қазіргі кезде витаминнің қанша түрі белгілі? – 30 түрі

8. Тағам құрамында дәрумендерді сақтап қалудың тиімді түрлері?- жұқалап аршу, арнайы ыдыста сақтау, кептіру, консервілеу, мұздату.

9. Адам ағзасында Д витаминін синтездеуге қатысатын сәуле? – Ультракүлгін

10. Витаминді ең алғаш тапқан ғалым? – Н.И.Лунин

Дәптерде ББҮ- үйрендім бөлігін толтыру



Рефлексия. «2 жұлдыз , бір тілек» сабақ жайында

Үйге тапсырма: Дәрумендер, 49 тақырып. 207 беттегі кесте

Бағалау.

Бағалау парағы

Оқушының тегі, аты

Үй тапсырмасын қайталау

Топта жұмыс

І


Сәйкестендіру тесті

Топта жұмыс ІІ

“Иммуни-тет” ойыны

Қорытынды баға












































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет