«Не қандай дыбыс шығарады?» ойыны
Ойынның мақсаты: Жан-жануарлардың дыбысын үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші жан-жануарларды (сурет, не ойыншық) көрсетіп, сұраққа жауап беруін талап етеді. Қой маңырайды, сиыр мөңірейді, ит үреді – деп балалар жауап береді.
«Ғажайып қалта» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды тапқырлыққа үйрету.
Ойынның мазмұны: Қалтаның ішіне жеміс-жидектердің, көкөністердің муляждары салынады. Бала қалтаға қолын салып, ұстаған нәрсені атайды. Егер дұрыс атаса сол затта алады. Кімде-кім көп атай алса, сол ұтқан болып есептеледі.
«Бақа-бақа» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларға баланың қимылын, әрекетін жасауды үйрету.
Ойынның барысы: Ал, балалар бүгін бәріміз бақа боламыз. Орындарынан тұрғызып, әр түрлі қимыл-әрекет жасату. Қолдарыңды жоғары ұстаңдар:
«Бақа-бақа, бақ-бақ» - дегенде саусақтарынды ашып-жұмады.
«Басың неге жалпақ» дегенде – бастарын көрсетіп шайқайды.
«Темір-терсек терем – деп» дегенде - екі қолдарын жерге созып, бірдеңе тергендей әрекет жасайды.
«Басым содан жалпақ» дегенде – екі қолдарымен дөңгелектеп, басын көрсетеді. Міне, екі-үш рет көрсетіп, қайталайды.
Ойынның қорытындысы: Ойын үлкен әсер қалдыру қажет. Өздеріңнің естеріне түскенде, тақпағын айтып қимыл-әрекет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |