Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар Нұсқаулық: «Суреттерді есіңде сақта»


Мақсаты: Балаға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынылады. Бала әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет. Қорытынды



бет8/11
Дата19.07.2022
өлшемі5,41 Mb.
#147580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар»

Мақсаты: Балаға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынылады.
Бала әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.


Қорытынды:
Бүгінгі талабы –баланың ақыл –ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрык етіп тәрбиелеу. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлімдік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау зейін қабілеттерінің; танымдық іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.
Балабақшада баланың психологиялық даму деңгейін анықтау үшін психолог –маман мынандай міндеттерді білуге тиісті:

  1. Нені зертейді,оны қалай жүргізеді?

  2. Кім оны зертейді және қалай?

  3. Шыққан нәтижені қалай пайдаланады?

Балабақшада психолог және тәрбиеші таным үрдісіне көніл бөліп, әр баланың жеке ерекшеліктеріне мән беруге тиіс.Егер баланың есі жақсы дамыған болса ол тез қабылдап есіне сақтайды. Баланың есте сақтау үрдісінен басқа да үрдістермен салыстырып, жалпылап талдау жасауға тиісті.Сонда ғана істеген іске толық қорытынды бере алады.
Баланың психологиялық даму деңгейін анықтау байсалды, жағымды жағдайда тыныш бөлмеде өткізілуі керек. Балалардың психологиялық даму деңгейін күннің І- жартысында өткізген тиімді.
Оған психологтың арнаулы жабдықталған бөлмесі лайықты болуға тиіс.
Индикаторды әр баламен жеке өткізу керек.
Индикатор өткізу үшін мынадай талаптар сақталуы шарт:

  1. Индикатор протоколдарымен , қолданылатын нұсқаулықтар және көрнекіліктерін алдын ала дайындау.

  2. Әр индикатор өткізу үшін нұсқаулық әдістерді жатқа білу керек.

  3. Әр нұсқаулық протоколдары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сұрақтарды дайындау.

  4. Индикатор өткізудегі нәтиже деңгейі: жоғары, ортадан жоғары, орта, ортадан төмен, төмен, жоғары, орта, төмен және он баллдық бағалау деңгейінде өткізіледі.

  5. Индикатор жас ерекшеліктеріне қарай 20-25 минут уақыт аралығында өткізіледі

Тексеру кезінде балаға қойылмайтын талап:
.Баланы асықтырмау, жауапты өзі айтқанға дейін кедергі жасамау.
Балалардың психологиялық даму деңгейін анықтау психологпен тәрбиеші қатысады.
Индикатор нәтижесін шығарып әр топ тәрбиешісіне нәтижесі беріледі, төменгі психологиялық үрдістердің төменгі көрсетілген нәтижеде психолог және тәрбиешілер қосымша жұмыстар атқарады.Әр жеке баламен жүргізілген жұмысқа хаттама жазылып отырылады. Баланың ата-анасымен баланың қатысуымен нәтиже сараптамасы талқылауға болмайды.
Қазіргі заман талабына сай жеке тұлға тәрбиелеуде баланы өзін қоршаған ортаға бейімдеу, білім- дағдыларын меңгеруі, Отаның. елін, жерін сүйе білуі, үлкендермен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынас мәдениетілігі тәрбиелеп дамыту әр педагогтын міндеті. Демек бала тәрбиелеуде бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана көздеген нәтижеге жетуге болады.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек - апам, 
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен, 
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет