Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет12/26
Дата19.04.2018
өлшемі4,49 Mb.
#40225
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

Күтілетін нәтиже:

біледі: гүл туралы мақал-мәтелдер білу;

игереді: өз ойын білдіруді;

меңгереді: көлемді әңгімелер құрауды біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы : «Ж» және «ш» дыбыстары

Мақсаты: а) «Ж» және «ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету, осы дыбыстар кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.

ә) Сөздегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту. Дыбыстық қабылдауды дамыту (сөздегі берілген дыбысты дұрыс есту және анық айта білу).

б) Балаларды бірлікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспадағы күннің күркіреп жаңбырдың жауып тұрған дыбысы, тіл дамыту дәптер.

Сөздік жұмыс: жаңбыр.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жұмбақ шешу.

«Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады,

Балаларым айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады

Балалардан қазір жылдың қай мезгілі және ай аттарын сұрау.



- Бұл көктем мезгілінде болады.
- Қазір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгіліне наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Ұйымдастырушылық- ізденістік


Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.

- Балалар бұл ненің дыбысы?

- Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естілді?

- Иә, балалар, көктем мезгілінде күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жиі-жиі жауады екен.

- Кәне, бәріміз бірге «Күн күркірейді» деп қайталайықшы.

- Енді күн күркірегенде міндетті түрде не жауады?

- Ендеше бәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, жаңбыр жаумас бұрын далада қандай табиғат құбылысы болады?

- Кәне, ойланайықшы, ол «гу-гу» деген дыбыс шығарып, гуілдейді?

- Кәне, балалар гуілдеп енді жел болайықшы.

- Балалар, біз жел, жаңбыр болдық. Енді осы «жел», «жаңбыр» сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

- Көктем мезгілінде жәндіктер де шыға бастайды.

Балалар, бәріміз «ж-ж-ж» деп қайталайықшы

- Қандай жәндік осындай дыбыс шығарады? (Қоңыздар).

Енді бәріміз аралар мен қоңыздар секілді канатымызды жайып жіберіп, «ж-ж-ж» деп ұшайықшы.
«Ж» дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталату.

Жа-жа-жа - жалау, жаз.

Жо-жо-жо - жол, жоқ.

Жу-жу-жу - жусан

Жы -жы-жы - жылан, жылы.

Жи-жи-жи - жидек.

Же-же-же - жер.

Енді «Ж» дыбысын ауада жазып көрейік.



Сергіту жаттығуы.

І-нұсқа

Жау-жау, жаңбыр, жау жаңбыр!

Жауған жаңбыр - жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің аузы ашылсын.

Ұйымдастырушылық- ізденістік (Ж.Смақов)

II нұсқа

Жел соқты гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс,

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды,

Шаң басылды.


- Аспанға түрлі түсті кемпірқосақ асылды.

- Балалар, жаңбыр жауғанда жердің несі басылады екен?

- Иә, жауғаңнан кейін жердің шаңы басылады. басылып, ауамыз тазарып, табиғат тамаша күйге енеді.

- Жаңбырдан кейінгі таза ауамен тыныстап демалайық.

- «Шаң» сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр? (Шаң - шаң - шаң)

«Ш» дыбысын дұрыс естіп ажыратуға арналған жаттығулар орындау:



  1. Нұсқа

Ша-ша-ша-шаң, шана

шу-шу -шу - шуда

шы-шы -шы - шыны

ше-ше -ше - шелек

ши-ши -ши - шие

шө-шө -шө -шөп

ош-ош- ош-ошақ


ІІ-нүска

Аш-аш-аш-ашық

ұш-ұш-ұш-ұшқыш

ыш-ыш-ыш-қыш

өш-өш-өш-көш

ош-ош-ош-қошақан

(Ескерту: Осы екі нұсқаның біреуін ғана қолданыңыз)

«Ш» дыбысының жазылуын ауада көрсету.



Өлең оқу: «Жаңбыр»

Тырс-тырс!

Жаңбыр кеп жауады,

Тамшылар тамады,

Тырс -тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады,

Тырс-тырс!

Көшелер тазарды,

Кір үйлер ағарды,

Тырс -тырс!

Жаңартып ауаны,



Жұмбақ шешу.

Өз қалпағын жасынан

Тастамайды басынан.

- Балалар, қайда және қай кезде өседі?

Ендеше осы «Саңырауқұлақ» ойынын ойнайық.

Ойын: «Саңырауқұлақ»

Ойын шарты: бір бала саңырауқұлақ болады, қалғаны балапандар. Бір бала

«Саңырауқұлақ» болып отырады. «Жаңбыр жауды» дегенде саңырауқұлақ өседі. Яғни орнынан тұрып, қолдарын жаяды. Ал балапандар саңырауқұлақ астына тығылады. «Күн шықты» деген де балапандар орнына барады.



Жұмбақ шешу.

Егер ж-дан бастасақ,

Жыл мезгілі болады.

Егер қ-дан бастасақ,

Құсқа айнала қалады.

Оку іс-әрекетті жаңылтпаштармен қорытындылау.



I нұсқа

Жақсы қайшы,

Қайсы қайшы.

II нұсқа

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.



Тыңдайды.

- Бұл - жаңбырдың дыбысы.

- Күннің күркіреген дыбысы.

- Күн күркірейді.


- Жаңбыр жауады.
Саусақтарымен үстел үстін тырсылдатып, жаңбырдың дыбысын келтіреді.

- Жел тұрады.

Бәрі қолдарымен тербеліп, гуілдейді.

- «Ж» дыбысынан басталып тұр.

- Жәндіктерге ара, маса, шыбын, қоңыз, көбелек т.б. жатады.

- Ж-ж-ж.


- Қоңыздар.

Бәрі ызылдап ұшуды бейнелейді. Бәрі қайталайды.

Тәрбиешіге қарап, «ж» дыбысын ауада жазады.
Қимыл-қозғалыспен орындайды.

Тыныстайды, демалады.


«Ш» дыбысынан басталып тұр Әңгімелейді.


Тәрбиешімен бірге ауада жазады.

Өлең жолдарын балалар мұқият тыңдайды.


Дәптерлерін ашып, тапсырманы орындайды.
- Жауабы: саңырауқұлақ.
Қойылған сұраққа жауап береді.
Балалардың ішінен бірі «саңырауқұлақ» болады, ал қалғандары «балапандар» болады. Педагогтің бұйрығын тыңдап, жылдам ойнауға тырысады.

- Жұмбақтың жауаптары: жаз, қаз.



Рефлексиялық - түзетушілік

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.


«Ж», «ш» дыбыстарын қайталайды, осы дыбыстар кездесетін сөздерге мысалдар келтіреді.

Күтілетін нәтиже:

біледі: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарын және олардың атауларын;

игереді: «Ж», «ш» дыбыстарын дұрыс айтуды;

меңгереді: сұраққа толық жауап беруді біледі.

27 технологиялық карта


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қуыршаққа бөлмесі

Мақсаты: а) Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру, сөйлеу барысында зат есімдер мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу.

ә) Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

б) Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бөлме.

Қолданылатын көрнекі құралдар: дорба, қуыршақ, машина, доп секілді ойыншықтары бар, тіл дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Амандасу. Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсетіп: - Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық. Ішінде не бар екен?

Балалар дорбаға қызыға қарайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ойын: «Ғажайып дорба» Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілетін дамыту. Заттың атын атату.

Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап, сипап көру арқылы заттың атын атайды. Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық машина бар. Машинаны көбіне ер балалар ойнайды. Машинаның дөңгелектері болады. Машинаның түрлері көп. Олар жүк машинасы немесе женіл машина сияқты түрлері бар.



Жұмбақ шешкізу.
Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр. Ол не?


- Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайыңдылар секілді, үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр.

Дәптермен жұмыс: жұмыс дәптеріндегі «Суреттегі заттарды ата. Олар не үшін керек?» тапсырмасын орындату.
Сергіту жаттығуы.
Жуын, жуын, жуынсақ,

Қандай жақсы қуыршақ!

Әйтпегенде, бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің.

Қазір аппақ боласың,

Қуанады анашың.

(М.Жаманбалинов)
Дидактикалық ойын: «Біз де» Мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту. Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға катысушылар «біз де» деп қосылып айтады. Егер келіспесе, «жоқ» деген жауап қайтарады. Мысалы:

- Мен балабақшаға барамын.

- Көшеде ата-анамды тыңдамаймын.

- Педагог апайды тыңдаймын.

- Топтағы ойыншықтарды сындырамын.


- Дорбада доп бар. Доп дөңгелек болып келеді. Допты жерге ұрсаң секіреді. Онымен бірнеше ойындар ойнауға болады.

- Ал мұнда қуыршақ бар. Қуыршақпен көбіне қыздар ойнайды. Қуыршаққа үй жасайды. Оларды жуындырады, әдемілеп киіндіреді.

Балалар педагог сөзін мұқият тыңдап дұрыс жауап беруге тырысады.

Жұмбақтың жауабы: үстел.

Балалар дәптерлерін ашады, ондағы суреттерді атап, түсіндіреді. Мысалы:

- Мен суреттен орындықты көріп тұрмын. Орындық адамға отыру үшін керек.

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап, педагогтің айтқан сөзіне көңіл аударады.

- Біз де. -Жоқ.


- Біз де.

-Жоқ.


Рефлексиялық - түзетушілік

Үй жиһаздарының не үшін керек екендігін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру.


Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

біледі: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтар білу;

игереді: үй жиһаздарының не үшін қажет екендігін;

меңгереді: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Суреттеу бойынша тап (дидактикалық ойын)

Мақсаты: а) Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы әңгімелеуге үйретуді жалғастыру, балалардың сөздік қорын ұлттық дүниелер атауымен байыту (сандық-әбдіре, малақай-тымақ, желпеуіш, жалған шаш, теңге сөздерінің мәнін, қолдану аясын түсіндіру).

ә) Зат есімдер сын есімдерді байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту; сипаттау мәтінін құрастыра білуге үйрету.

б) Киімді күтіп киюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сандық.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, дәптер, сандық, желпуіш, жалған шаш (парик).

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог өзінің бүгінгі оқу іс-әрекетін жұмбақ шешкізу арқылы бастағысы келіп тұрғанын жеткізеді.

Жұмбақ

Төртбұрышты, бір ауызды.




Жауабын табу үшін ойланады.

- Жұмбақтың жауабы: сандық.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Демонстрациялық құралмен жұмыс (сандықтың суреті) Балалар назарын суреттегі сандыққа аударту, сандық туралы суретке қарап әңгімелеу керектігін айту.

Сандыққа не салуға болатынын, ерте кезде ата-әжелеріміз сандыққа қандай бұйымдарын салғанын сұрау.

Сандықтың «әбдіре» деп те аталатыны айтылып өтіледі.

Демонстрациялық құралмен жұмыс (малақай мен тымақ суреті)

Балалар назарын малақай мен тымақтың суретіне аудару. Суреттегі заттарды бір сөзбен қалай аталатынын және олар киімнің қай түріне жататынын, жасалғаны, қай мезгілде киілетінін, олардың атауларын, қажеттілігін және олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұралады.

- Балалар, бас киімді тебуге болады ма? Үйде жерде жатса не істейміз?

«Қызыл малақай» өлеңін оқу.

Алақай-ау, алақай,

Киіп алдым малақай.

Қызыл жіптен тоқылған,

Өрнектері жасылдан

Ұнатамын мен оны

Тастамаймын басымнан.

Ж.Кенжеғалиева

Педагогке мәлімет: Тымақ - аңның немесе малдың терісінен тігілетін бас киім. Оны «Түлкі тымақ» немесе «Елтірі тымақ» деп те атайды. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады. «Малақай оны құндыз, бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдар, құлын, бұзау, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкір болады да, етек жағы тік тәрізді болады. Малақайды «Құлақшын» деп те атайды. Ол ерлердің салқында киетін бас киімі).
Дәптермен жұмыс: дәптерде «Малақай мен тымақтың екінші бөлігін тап» тапсырмасын орындау.

Сергіту жаттығуы:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

Ол жұмбақты тыңдайық,

Шешпей оны тынбайық.

(сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.)

Балалардың назарын үстел - үстіндегі сандыққа аударып, сандықты ұстап көрсетіп, оның неден жасалғаны, қандай ою-өрнекпен безендірілгені туралы әңгімелеу.

Сандықты ашып оның ішінде не бар екенін білу үшін суреттеу бойынша табу қажет екені түсіндіріледі.

Ортаға бір баланы шығарып, ол сандықтың ішіндегі (желпуіш, жалған шаш, теңге) біреуін таңдап, оны басқа балаларға суреттеп, сипаттап жасырады. Ал балалар, суреттеу бойынша ол не зат екенін табу керек.

Педагог сол сияқты жалған шаш пен желпуішті суреттеп жасыруға бағыт бағдар береді.



Мазмұнды - рөлді ойын:

«Дүкенші» Мақсаты: Дүкенге келген сатып алушы мен сатушы арасын байланысты көрсете отырып, мәдениеттілікке, әдептілікке баулу.

Ал енді балалар мен сендерге санамақ оқып берейін.

Санамақ: «Киім-бұйым»

Бір дегенім - бөрік,

Кисең берді көрік.

Екі дегенім - етік,

Киер сәнді етіп.

Үш дегенім - ішік,

Теріден тігер пішіп.

Төрт дегенім - тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ..

Бес дегенім - байпақ,

Іші жылы жайпақ.

(М.Қуанышбаев)




Назарларын суретке аударып, сандықты сипаттайды (оның пішінін, безендірілген ою-өрнек түрлері, оның ішіне не салуға болатынын айтады), әңгімелейді.

- тымақ, малақай

- мал, аң терісінен тігілетін қыстық баскиім. (Төбесі биік, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болатындығын педагогтің көмегімен айтады.

- Әрине, болмайды. Жерде жатса оны жоғарыға көтеріп қоямыз. Жерде жатса, ол кірлеп қалады. Сол үшін баспай көтеріп қоюымыз керек.

Тақпақты балалар Педагог соңынан қайталайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.


Сергіту жаттығуын орындайды.

Балалар сандыққа назарын аударады. Сандықтағы ою - өрнектердің атын атап, неден жасалғаны жайында айтылады.

Мысалы: «теңге» ол қағаздан немесе темірден жасалады. Қағаздан жасалған түрі төртбұрышты, ал темірден жасалған түрі - дөңгелек. Ол бізге қажет. Дүкенге барғанда біз ол затсыз бара алмаймыз. «Кәне, ол не екенін кім айтады?» деп бала өз бетінше сұрақтар қоя білуге дағдыланады.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар санамақты мұқият тыңдап, қимылын келтіре отырып жасайды.

Тыңдап, қайталайды.



Рефлексиялық - түзетушілік

Оқу іс-әрекетті қорытындылап, жаңа сөздерді қайталату.


Жаңа сөздерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жаңа заттарды, олардың атауын білу;

Игереді: заттарды сипаттау арқылы әңгімелеуді;

Меңгереді: өз ойын жеткізіп, сұраққа толық жауап беруді біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз? (сурет бойынша шығармашылық әңгімелеу)

Мақсаты: а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға, күшік сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету. ә) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

б) Тілдік қорын дамыту.



Сөздік жұмыс: күшік.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптер, жұмсақ ойыншық күшік

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жұмбақ жасырылады:

«Адамға серік,

Күзетке берік» Ол не балдалар?
- Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?

- Иттің баласын не деп атаймыз?

- Күшік қандай дыбыс шығарады?

- Кәне, ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші

(Әуп-әуп).


Жұмбақтың жауабы ит екендігін табуға атсалысады.

Иттің үй жануары

екенін айтады.

- Иттің баласын күшік

деп атаймыз.

Күшік үретінін баяндайды.(Әуп-әуп). Күшіктің дыбысын салып үруге талпынады.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Демонстрациялық құрал (Көңілсіз күшіктің сурет)

- Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?

- дұрыс айтасыңдар.

- Ал күшіктің көңіл күйі қандай екен, кім айтады?

- Ол неліктен көңілсіз, жабырқаулы деп ойлайсыңдар?

- Күшік кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды, құлақтары ұп-ұзын, жүні жұп-жұмсақ, бірақ күшік көнілсіз, жабырқаулы. Heге ол көңілсіз, жабырқаулы?

- Мүмкін өзінің атын ұмытып қалған шығар?

Кәне, оған ат қойып көрейікші.


- Бәлкім, ол өзінің атын естігенде көңілденетін шығар?

- Ол көңілденбеді, әлі де жабырқаулы. Енді не істесек болады?



Сергіту жаттығуы:

«Қолғабысы күшіктің»

Тақиясын ұшырып

Жел інімді жылатты

Бірақ оны күшігі

Әкеп беріп жұбатты.

(А.Сәрсеков)

(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).

Қазыр біз дәптерімізді ашамыз,, күшіктің көңілін көтеру үшін тапсырманы орындайық.



Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Күшікке сүйекке жету жолын бастыр» тапсырмасын орындату

Күшік кішкентай, сүйкімді, бірақ оның көңілсіз екенін суретке қарап жеткізеді.


«Досын, анасын жоғалтып алды, мүмкін ауырып тұрған шығар, сондықтан көңілсіз», — деп әртүрлі жорамалдар айтады.
Өздері білетін әртүрлі аттарды атайды. Мысалы: Ақтөс, Бөрібасар, Бим.

Қимылдар көрсетеді.

Өз ойларын айтады.
Дәптерді ашып, күшікке сүйекке жетуге көмектеседі.



Рефлексиялық - түзетушілік

- Біздің күшігіміздің көңілі көтерілмеді. Біз енді үйге барған соң ғаламтор (интернет), телефон арқылы хабарласып күшік туралы мағлұматтар жіберіп, оның иесін табуға көмектесейік. Сендер де ата-аналарыңнан көмек сұрап, күшікті сипаттап ғаламтор желісіне жіберіңдер.

- Біз солай күшікті қуантсақ нұр үстіне нұр болар. Күшікпен қоштасып оған жылы сөздер мен тілектер арнау.



Ата-аналарынан, аға- әпкелерінен көмек сұрап, күшікке қол ұшын беретіндіктерін, дос екендіктерін баяндайды.

Күшікпен қоштасып, ертең-ақ оның иесінің табылып қуанатынына тілектестік білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет