Күтілетін нәтиже:
біледі: шағын берілген тақпақты жатқа оқуды;
игереді: қимыл-қозғалысын келтіруді;
меңгереді: өз ойын ашық, толық жеткізуді біледі.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жаз, күз (сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту, саусақ моторикасын дамыту.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз, жаз.
Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде күз немесе жаз мезгілінің суреттері болу керек. Жаз және күз мезгілінің суреттері, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Ойын: «Ғажайып текше»
Мақсаты: күз және жаз мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында күз және жаз мезгіліне сәйкес суреттер жабыстырылады. Мысалы: Сарғайған жапырақтар көрсе, ол - күз мезгілі. Балалар шомылып жатқан сурет түссе, ол - жаз мезгілі.
|
Балалар шеңбер болып тұрады. Балалар текшені ортаға айналдыра тастайды, қандай сурет түссе, соған жылдам жаз немесе күз мезгілі екендігін айтады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Сұрақ-жауап: (орындарына отырады.)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын кім атап береді?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
- Ал жауын қалай жауады?
- Оның дыбысы қандай?
- Судың дыбысы секілді тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. «Тырс-тырс» соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз?
- Салқын жел қалай соғады?
- Ал егер де жел күшейсе ше?
«У»дыбысына жаттығу жасату.
У-у-у-у-у-уылдырық.
У-у-у-у-у-улы.
- Балалар, ең бастысы күз мезгілінде жапырақтар не істейді?
- Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
- Осы жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? Әңгімелеу: «Жаз, күз» мезгілдері (сурет бойынша)
Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу.
Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады. Мысалы:
Мен мына суреттен «жаз» мезгілі жайында көріп тұрмын. Әңгімемнің тақырыбы: «Жаз мезгілінің қызықтары» деп аталады.
Сергіту жаттығуы.
Түн болды,
Жел соқты,
Жел қатты соқты.
Жаңбыр жауды,
Жаңбыр қатты жауды.
Жаңбыр тоқтады,
Күн шықты,
Таң атты!
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балаларды жапырақтардың түсін ажырату арқылы, жылдамдылыққа үйрету және әсем безендіруге баулу. Ойын шарты: Tiл дамыту дәптерімен орындалады.
Дәптердегі№ 11 тапсырмадағы ағаштарды жапырақтармен безендірейік. Біреуін күз мезгіліндегі, ал екіншісін жаз мезгіліндегі түске безендір.
«Жайлау көркі» өлеңін оқу.
Табиғат әлемі,
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай,
Бозторғай әуені.
(Б.Тәжімбетов)
- Бозторғай дегеніміз не?
- Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің жайқалып, көп болып өсуі туралы айтылған? Бұл қай мезгіл?
- Бұлбұл қайда әнімен
Оятатын тербетіп,
Теңселеді алып емен,
Жаңбыр жауды желдетіп
(«Күзде» өлеңі, Т.Молдағалиев)
- Балалар, бұлбұл - құстың аты.
Кәне қайталайық.
«Ұ» дыбысына дұрыс айтылуына
жаттығу орындау.
Ұ-ұ-ұ- ұл
Ұл-ұл-ұл-Ұлпан
Ұй-ұй-ұй-ұйқы
Бұл-бұл-бұл-бұлбұл
Бұ-бұ-бұ-бұзау
«Ұ» дыбысының ауыздан
еш кедергісіз, емін-еркін
шығатындығын, яғни оның дауысты дыбыс екендігін айту.
- Табиғаты тамаша Отанымыз Қазақстанға тамсанбау мүмкін емес. Балалар, сендер Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?
- Олай болса, Отанымыз Қазақстанға арналған өлең жолдарын айтайық.
«Қазақстан - менің Отаным» өлеңін оқу.
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан мекенім!
Беп-белгілі емес пе?
Сенің ғажап екенің!
Д.Елайқызы
- «Отан оттан да ыстық» деген мақал бар. Балалар не себепті Отанды оттан да ыстық дейміз?
|
- Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз айлары: Қыркүйек, қазан, қараша.
Күн салқындайды, жауын жиі жауады, салқын жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жауын себелеп жауады.
- Тырс-тырс, тырс-тырс.
- «С» дыбысы. -У-у-у.
-Ууууууууу.
- Жапырақтар сарғаяды.
- Жыл мезгілі төртке бөлінеді. Олар: жаз, күз, қыс, көктем.
- Әрине бар.
Балалар сурет бойынша әңгімелеуге тырысады.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
Балалар дәптермен қызыға жұмыс жасауға тырысады.
Тақпақты мұқият тыңдауға тырысады.
- Бозторғай - құс.
- Жаз мезгілі жайында айтылған.
- Күз мезгілі жайында айтылған.
Дыбыстарды дұрыс айтуға тырысу.
- Бұл-бұл.
- Иә, жақсы көреміз.
Балалар педагогпен бірге қайталайды.
Мақалды мағынасын қалай түсінгендерін айтады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
«Ұ» дыбысын қайталатып айтқызады, осы дыбысты қатыстырып, мысалдар келтірткізеді.
|
Балалар дыбысты дұрыс айтуға тырысады.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды;
игереді: «Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды;
меңгереді: суретке қарап әңгімелеуді біл
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін сахналау
Мақсаты: а) Сөйлеу мәнерін калыптастыру.
ә) Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту.
б) Шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: айлакер түлкі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, сахналауға арналған түлкі, әтеш, тауық, тауыс, үйрек, қоян бетперделері, киімдері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Жұмбақ шешкізу.
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бүл қандай аң? Ұғып ал.
- Балалар түлкі қандай аң?
Демонстрациялық құрал (Суретке қарап, түлкі туралы әңгімелеу).
- Түлкінің жүрісін салайықшы?
|
Жұмбақтың жауабы: түлкі.
- Түлкі - айлакер,
қу аң. Түлкінің түсі
қызғылт болып
келеді.
Түлкінің жүрісін салып көрсету).
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ұймымдастырушылық – ізденістік
|
«Айлакер түлкі» ертегісі оқылады.
Дәптердегі суреттер арқылы ертегіні әңгімелейді.
Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты.
Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:
- Мен мұнда енді қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек, - депті.
Сұрақ:
- Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек? Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.
Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті. Сонда Үйрек Тауықтан:
- Сіңлім! Қайда жол жүрмексіңдер? - деп сұрайды.
- Біз енді бүл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз, - деді.
- Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бізде мұнда тұрғымыз келмейді, - дейді Үйректер.
Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті. Тауыс: Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар, - депті. Сонда барлығы: Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз, - депті.
Тауыс: Ендеше бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр, - депті.
Енді олар алтау болып, жана қонысіздепті.
Сұрақ:
- Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті?
- Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма әлде құстар ма?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті. Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді:
- Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?
Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз
- депті.
- Біздің орманнан кетпеңдер!
Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер! - дейді.
Сұрақ:
- Балалар, олар Түлкіге сенді ме? Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ.
Бірақ Түлкі айтқан жерді мақтап, алдағаны сонша, ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:
- Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. Ұнамаса әрі қарай кете береміз, - деді.
Түлкі оларды дәл өзінін ініне әкеліп алып: - Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сендер бір-бірден менің артымнан жүріңдер», - деді. Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал оның артынан бірінші Тауыс кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Сендер ертегінің осылай аяқталғанын қалайсыңдар ма? Ал қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
- Ертегі мазмұнын түсіндіңдер ме, рөлдерге бөлініп ойнағыларың келе ме?
Драмалық ойын: Ертегіні драматизациялау (сахналау) Мақсаты: балалардың рөлге ене білуі, дұрыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл - қозғалыспен, кейбір ым - ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін дамыту.
Сергіту жаттығуы.
«Қанатымды жазамын,
Жоғары төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.»
|
Дәптерді ашып, ішіндегі суреттерге ден қояды.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
- Оларға басқа жерге кету керек.
- Алдымен екі Үйрек, одан кейін екі Тауыс кезікті.
- Құстар.
- Құстардан жұмыртқа аламыз, жұмыртқадан балапан шығады.
- Жоқ, олар сенбейді.
- Әрине, ұнады.
- Барлығы Түлкінің алдағанын біліп, одан қашып құтылыпты.
Рөлдерге бөлініп, ертегі желісімен ойнайды.
Сергіту жаттығуын орындарынан тұрып орындайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегі мазмұнын қалай меңгергенін тексереді.
|
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді;
игереді: ертегіні сахналауды;
меңгереді: аңдардың, құстардың дауыс ырғағын дұрыс келтіруді біледі.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ц» және «ч». Сөйлеудегі дыбыстау мәдениеті.
Мақсаты: а) Балаларға «Ц» және «ч» дыбыстарын дұрыс дыбыстап айтуды үйрету.
ә) Тыныс ала дыбыстауды, дауыс күші мен екпінін өзгерте білуді, ақырын не қатты, баяу не тез сөйлеуді дамыту, дыбыстық қабылдауды дамыту.б)Көпшілік орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптер, доптар, ән жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: сайқымазақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы «Көңілді күн» әнін тыңдату.
|
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Демонстрациялық құралмен жұмыс.
(Қолында түрлі түсті шарлары бар сайқымазақтың және чемоданның суреті)
Балалардан суреттен кімді көріп тұрғандарын, оның көңіл күйі, қолындағы заттары және оның түстері, оны қайдан көргендерін сұрайды.
Циркте тағы басқа мәдени көпшілік орындарда өздерін қалай ұстау керек екенін сұрау, жауаптарын толықтыру.
- Кәне, бәріміз «цирк», «цирк», «цирк» деп қайталайықшы.
«Цирк» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұрғанын сұрайды.
«Ц» дыбысын қайталап айтуды талап етеді.
«Ц» дыбысын дұрыс естіп айту үшін буын ішінде келтіріп жаттықтыру, ца це, цу, ци буындарын қайталауды талап ету:
Ци-ци-ци-цирк.
Ци-ци-ци-мотоцикл.
Це-це-це-цех.
Це-це-це-цемент.
Циркте қандай аңдар мен жануарлар өнер көрсететінін сұрау (олардың қимыл-қозғалысын салу)
Енді балалардың назарын суреттегі сайқымазақтың жанындағы чемоданға аударту.
Балалардан ол заттың атауын және оның сайқымазаққа қажеттілігін сұрай отырып, чемодан туралы әңгімелеу (оның пішіні, түсі).
- Чемодан сөзінің басында естілетін «Ч» дыбысын қайталайық.
«Ч» дыбысын дұрыс естіп ажырату үшін буын ішінде келтіріп, жаттықтыру:
Че-че-че - чек.
Че-че-че - чемодан.
Чи-чи-чи - чипсы.
Чи-чи-чи - Чикаго.
- Сайқымазақтың доптары туралы тақпағымызды қайталап, сергіту жаттығуын жасату.
Сергіту жаттығуы.
Домала, доп, домала,
Балшыққа тек жолама
Жек көремін оныңды
Бүлдіресің қолымды,
Секіріп өр, ордан да,
Секіріп өт жолдан да.
Қуса күшік жетпесін
Машина басып кетпесін.
(Ө. Ақылбекұлы)
Дидактикалық ойын:
«Суретті жалғастырып боя және әңгімеле».
Мақсаты: балаларды дұрыс бояуға және әңгімелеу арқылы тіл байлықтарын дамыту. Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі суретті жалғастырып бояту және әңгіме құрастырту.
|
Суреттен сайқымазақты көріп тұрғандарын, оның көңілді екенін, қолында түрлі түсті шарлары бар екенін (түстерін атайды) және оны цирктен көруге болатынын баяндайды. Циркте, мәдени көпшілік орындарда өздерін қалай ұстау керектігін айтады.
Үш түрлі дауыспен қайталайды (қатты, орташа, төмен).
«Цирк» сөзінде алғашқы болып «Ц» дыбысы естілетінін баяндайды. «Ц» дыбысын педагогпен бірге қайталап айтады.
Циркте: аю, күшік, піл, арыстандар, жылқылар т. б. өнер көрсететінін баяндай отырып, қимылын салады.
Ол заттың чемодан екенін және оның кажеттілігі туралы пішінін, түсін әңгімелеуге атсалысады.
«Ч» дыбысын педагогпен бірге қайталайды.
Буындар мен сөздерді қайталап, «Ч» дыбысын айтуға жаттығады.
Қимылын келтіріп, отырып жасайды
Дәптермен жұмыс жасайды.
Суреттегі цирк үйінін киіз үйге ұқсайтындығын және оның төбесінің
Үшбұрышты екендігін әңгімелейді.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Оқу іс-әрекетті қорытындылай отырып, сайқымазақтың сыйлығын (түрлі түсті доптарды) тарату. Оқу іс - әрекетін көңілді музыкамен аяқтау.
|
Сыйлықтарын алып қуанады.
Әнге билейді.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: сайқымазақ туралы, оның көңілді кейіпкер екендігін білуі;
игереді: «Ц» және «ч» дыбыстарын дұрыс дыбыстауды;
меңгереді: көпшілік орындарда өзін-өзі ұстауды, ұқыптылықты біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр.
Мақсаты: а) Өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеуге үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. б) Бір-біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: нан, май, түз, қант, жемістер.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, мазмұнды - рөлді ойын құралдары, қазақы дастарқан үнтаспасын қолдану.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Дастарқан суретін көрсету.
|
Балалар
қызығушылық танытады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Балалар, бұл не?
«Қ» дыбысына дыбыстық жаттығу
орындату.
Қа-қа-қа-қан.
Қа-қа-қа-қат.
Қан-қан-қан - дастарқан.
«Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс екендігін айту.
«қазақы дастарқаным» әнін тыңдату.
Әнін жазған: М.Ілиясов Сөзін жазған: Ж.Боранбаев
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме,
Жағалай малдас құрған?
Қ-сы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Сұрақ-жауап:
- Балалар дастарқан не себепті берекелі деп аталды?
Нақыл сөз: «Ас атасы - нан» деген сөз бар, нанды немесе жалпы тамақты тебуге немесе басуға бола ма?
«Нан - ардақты, асыл ас» өлеңін оқу.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп, алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ә. Қалдыбаев
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Жаңа сөз: Қант сауыт сөзін қайталайық?
- Нанның да өзі ыдыс, майдың да ыдысы, тұздың да ыдысы болды екен. Олар қалай аталады?
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Мазмұнды - рөлді ойыны:«Дүкенші»
Мақсаты: баланы мамандыққа үйрету.
Ойналу шарты: бір баланы сатушы етіп, қалған балалар сатып алушы болып ойналады.
Мысалы, Сатушы «Келіңіз, сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рақмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету.
|
- Дастарқан.
Жаттығуды орындау.
Тәрбиешінің соңынан сөзін қайталап, әннің ырғағына қарай әндетеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Нақыл сөзді жаттап алады.
Нанды және жалпы барлық тағам түрлерін қадірлеу керектігін айтады.
- Нанның ыдысы нан салғыш, майдың ыдысы май салғыш, тұздың ыдысы тұз салғыш деп аталады.
Сөздерді қайталау.
Жаттығуды жасайды.
Ойынды қызыға ойнайды
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Жаңа сөздердің дыбыстарын дұрыс айтуға ұсыныс білдіру.
|
Сөздерді анық айтуға тырысу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |