Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету; өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (солға, оңға) анықтау және сөзбен баяндау.
Педагог үстелге 1 -ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді.
Балалар цифрды табады және тақпақ оқиды. Бұл -1 цифры... Бұл - 2 деген цифр... Бұл - 3 деген цифр...
Ұйымдастырушылық – ізденістік
1-тапсырма.
Педагог балалардан шаршыларда қандай сан жазылғанын сұрайды. Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешені білдірсе, сонша тақия мен етік салып шығуға тапсырма береді.
4 цифры туралы өлеңді айтып берулерін сұрайды.
2-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған?
- Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар.
«Санамақ». Сергіту минуты
Бір, екі, үш, төрт
Жиналамыз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Секіреміз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Отырамыз бәріміз.
3-тапсырма.
Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады. Жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек. Содан соң сонша дөңгелекті бояйды4-тапсырма.
4 жолақтың ішінде қандай фигуралар бар екенін айтады. Жолақтың ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады. Екі бірдей жолақты бір-бірімен сызық арқылы қосады
Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды: 4 цифры.
Екі бірдей жолақты қосып, оның бірдей екендігін дәлелдейді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Балалар, сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер?
- Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдыңдар? Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.
Өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
1, 2, 3, 4 цифрлары туралы.
Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштан.
Күтілетін нәтиже:
біледі:4 саны мен цифры туралы;
игереді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен салыстыруды; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды;
меңгереді:заттың орналасқан орнын анықтауды (солға, оңға); үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тани білуді.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы:1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету; сандар арасындағы байланысты түсінуге үйрету (3-4); сандары бар жұмбақтарды шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын - алыс); геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Үлестірмелі материал: балалардың әрқайсысында 12—18 см ұзындыққа дейін жететін 3 жолақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
- Балалар, жұмбақтарды мұқият тыңдаңдар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі. Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы.
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
Екі атым бар тынбайтын
Өзімді ғана тыңдайтын.
Балалар жұмбақтарды шешеді:
Екі көз, екі құлақ, бір тіл.
Бор
Аяқ
Ұйымдастырушылық – ізденістік
1-тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Суретте неше шырша бейнеленген?
- Сонша дөнгелекті төменгі қоршауға жапсырындар.
- Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балалармен бірге жолақшаларды бір-біріне қойып салыстырады. Педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрайды. Содан соң тапсырма береді:
Енді бір-біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы қайсысы екенін анықтаңдар.
Сергіту минуты өткізіледі.
Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты ... деп жүреміз.
2 тапсырма: педагог 2р карточкада5ы шыршаны4 ойыншы0тарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма береді.
Содан соң мынандай сұрақ қояды.
Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:
Бір дөңгелек артық. Өйткені, төрт санының үштен біреуі артық.
Балалар бірінің үстіне бірін қою арқылы жолақшалардың көлемін анықтайды (қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайсысы екендігін табады).
- Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?
3-тапсырма.
Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және тапсырма береді:
- Балалар, Аязата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс. Ол жол айрығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек.
4-тапсырма.
Педагог балалардан жоғарғы қатардағы фигураларды атап берулерін сұрайды.
- Жоғарғы бұрыштағы фигураларды рет-ретімен атап беріңдер.
- Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жабыстырыңдар.
игереді:үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;
меңгереді:«ұзындау, қысқалау» ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш сынды геометриялық фигуралар туралы тү
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы:цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Шаршы, тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз).
Бөлімі:ҚМТҚ.
Мақсаты:цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта, үстінде, алдында, ортасында); геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту; жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.
Педагог үстелге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді.
Цифрды табады және тақпақ айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
1-тапсырма. Педагог өлең оқиды:
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тыңбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
- Балалар, өлеңде не туралы айтылады?
- Дәптерде оң жақтағы цифр нешені көрсетсе, әр қоршауға сонша қар қиыршығының суретін салыңдар.
Фланелеграфта жұмыс.
Педагог заттарды фланелеграфтың әр бұрышына орналастырады, содан соң балалармен жұмыс істейді.
- Балалар, үшбұрышты жоғарғы оң жақ бұрышқа, шеңберді ортаға, ал шаршыны төменгі сол жақ бұрышқа... орналастырыңдар.
«Түрлі жіпті...» Сергіту минуты.
Түрлі жіпті көп тауып,
Кесте тікті ақ тауық.
Қауындықта ақ қораз
Дайындады қақ біраз.
2-тапсырма.
Педагог балаларға мынадай сұрақтар қояды:
- Суретте Аязата қай жерде тұр?
- Ақшақар ше?
- Шырша қай жерде орналасқан?
- Қоян қайда?
Педагог шыршаның төмен жағындағы ойыншықтарды сары, ортасындағыларын қызыл, жоғарыдағыны көк қарындашпен бояуды тапсырады.
3-тапсырма. Педагог балалардан сұрайды: «Топтағы заттардың қайсысының төрт бұрышы бар?» Содан соң ол балалардан тіктөртбұрышты заттарды бояуды сұрайды.
Мұқият тыңдайды және сұраққа жауап береді:
Қар туралы.
Қар қиыршығының суретін санай отырып салады.
Тапсырманы орындайды.
Мәтін бойынша жаттығу жасайды.
Сұрақтарға жауап береді:
Он жақта.
Сол жақта.
Ортада.
Шыршаның алдында. шырша ойыншықтарын бояйды.
Балалар төрт бұрышы бар заттарды атайды.
3 тіктөртбұрышты
бояйды.
Педагог балаларға мынадай сұрақ қояды:
- Сендер қандай фигураларды боядыңдар?
- Шаршы нешеу және олардың көлемі қандай?
- Неше тіктөртбұрыш бар және олардың көлемі қандай?
4-сурет.
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
- Балалар, сол жақтағы суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Оң жақта қыстың белгілері бар суретті табыңдар. Ол қандай суреттер екен?
- Артық суреттерді сызып тастаңдар.
- Барлығы неше жыл мезгілі бар?
- Оларды рет-ретімен атап беріңдер.
Шаршылар мен тіктөртбұрыштарды.
Шаршы екеу: бірі үлкен, екіншісі кішкентай.
Олар да көлемі жағынан әртүрлі.
Қыс мезгілі.
Аязата, жаңажылдық шырша.
Төрт мезгіл бар.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Рефлексиялық - түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Балалар, сендер екінші жолаққа неше қардың суретін жапсырдыңдар?
- Үшінші жолаққа ше?
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.
Өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Үшеу.
Төртеу.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1-4 цифрларын;
игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;
меңгереді: кеңістіктік қарым-қатынастар туралы түсінікті (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, алдында, ортасында).
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 5 цифрымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 5 саны және цифрымен таныстыру; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену; заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену (сол жақта, оң жақта, алдында, артында); жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау (қыс).
Ағылшынның «Джек, алғыр бол» деген өлеңі 5-ке дейін санауға көмектеседі. Джектің рөлін балалар кезек-кезек орындайды.
Джектің алғыр екенін,
Білесің бе, досым, сен?
Секіреді ол қазір,
Алға қарай бес рет.
Ал біз қарап тұрмайық,
Санайық сонша рет.
Алғашында төрт
қарға болатын, сосын
оған тағы біреуі келіп
қосылды.
Сонымен бесеу болды.
Бестің төрттен біреуі
артық.
Олар шеңбер құрып тұрады, ортасында жетекші (Джек) тұрады.
Ол өлеңнің мәтіні бойынша қимылдайды.
2-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Жақсы оқыған балаға,
Қойылатын бұл баға.
Барлық бала ізденіп,
Алады «бестік» баға тек.
Педагог балаларға 5 цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, 5 саны қаншаны білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы бестіктерді тауып, оларды қоршап сызуды сұрайды.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог алдымен балаларға карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл сол фигуралар салынған кестені көрсетеді. Бірақ олардың түсі мен көлемі балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше. «Менде үлкен сары үшбұрыш жоқ, сендерде ше?» және т.б. сұрақтар қояды. 2-3 баладан шақырып, өздерінің қолындағы белгілі бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен, кіші) атап беруді өтінеді.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
- Текшелер қайда жатыр?
- Кереует қайда тұр?
- Доп қай жерде жатыр?
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді:
- Оң жақтағы заттарды сары қарындашпен, ортадағыны қоңырмен, сол жақтағыларды көгілдір түспен, ал кереуеттің астында жатқан затты қызылмен бояңдар.
5 цифры туралы өлеңді жаттайды.
бес моншақты бояйды.
Тапсырманы орындайды.
тапсырманы орындайды: Менде кішкентай көк үшбұрыш бар...
Сұрақтарға жауап береді:
Текшелер төменгі сол жақ бұрышта жатыр.
Кереует - ортада.
Доп кереуеттің астында жатыр.
Заттарды бояйды.
Педагог қыс туралы өлең оқиды:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)
- Бұл өлеңде ақ киімді, денелі, ақ сақалды адамға нені тенеп отыр?
- Балалар, суретті мұқият қарап шығындар және тек қысқа қажет заттарды ғана қоршаңдар.
- Қандай заттар қоршалмай қалды?
Балалар жұмбақтың шешуін табады:
Қысты.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
- Балалар сендердің сол жақтарыңда не бар?
- Ал оң жақтарыңда ше?
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Балалар сұраққа жауап береді. Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.