Тақырыбы:1, 2, 3 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік - аласа. Баланың зейінін дамыту.
Бөлімі:ҚМТҚ.
Мақсаты:3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; 1, 2, 3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттарды биіктігіне (биік - аласа) қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту; бір-біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар.
Педагог балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді. Балалардан сұрайды:
- Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар?
- Қанша кесе боядыңдар?
2-тапсырма.
Педагог балаларға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді.
Балаларға сұрақ қояды:
- Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар?
- Дөңгелектердің ше?
- Ал шаршының астындағы қандай цифрды бастырып сыздыңдар?
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Бағандардың түсі қандай? Қайсысы биік (аласа)? Оны қалай білеміз?
Содан кейін сол қолға аласа бағанды, ал оң қолға биік бағанды алуды сұрайды. Педагог 3-4 баланы шақырып, олардан қай қолындағы бағанның биік, ал қай қолындағының аласа екендігін сұрайды.
Содан соң биік бағанға шырша, ал аласасына саңырауқұлақ салыңдар деген тапсырма береді.
«Бәріміз біргеміз». Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Педагог суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалар «биік - аласа» деген сөздерді қолданып үйренеді.
Үш торсық.
Үш кесе.
1 цифрын, өйткені карточкада бір ғана сопақша бейнеленген.
Үшеу, өйткені карточкада үш дөңгелек бар.
2 цифрын, өйткені карточкада екі шаршы бар.
Бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.
Жаттығу жасайды.
Жауап береді: сол жақта - биік, оң жақта - аласа. Биік үй мен аласа үйді салыстырады.
Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш, ал аласасының қасына биік ағаштың суретін салуды сұрайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Үй жанында байланған,
Бар ғой әсем күшігім.
Бұлғаңдатып құйрығын,
Күзетеді үйшігін.
Балаларға тапсырма береді:
- Иттерді жақсылап қарап шығыңдар және олардың бір-бірінен қандай және қанша айырмашылығы барын табыңдар. Сурет бойынша 4 айырмашылықты тауып көрсетуі тиіс. Содан соң 4 дөңгелекті бояйды.
Бірінің мойнында қарғыбауы бар, ал екіншісінде жоқ; бірінің құйрығы салбырап
екіншісінің құйрығы көтеріліп тұр; бірінің табаны жоғары қарап тұр, екіншісінікі олай емес; бірінің құлағы көтеріліп тұр, екіншісінің екі құлағы да салбырап тұр.
Рефлексиялық - түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған
жұмысқа баға беру.
- Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар?
Педагог балаларды мадақтайды.
Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
игереді:екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді; өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік, аласа) салыстыруды; заттарды сол белгілеріне қарай біріктіруді;
меңгереді:1, 2, 3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы:Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең - тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру (кең, тар); тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.
Үлестірмелі материал: әр балаға түрлі түсті 4 жолақ беріледі: 2-еуінің ұзындығы да, ені де бірдей; ендігі бір жолақ енсіздеу, ал төртіншісі алдыңғы екеуінен енділеу болуы керек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозаушылық
«Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.
Екі дөнгелегі, екі басқышы бар,
Бір орындық, екі мүйізі бар. Ол не?
Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі,
Ертегіге арқау болған кейіпкерлер ғой ізгі.
Ойланбай-ақ, балақай, сен де тауып көрші енді.
жұмбақтардың шешуін табады.
Велосипед.
Үш аю.
Бағдаршам.
1-тапсырма.
Педагог балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының суретін көрсетеді. Балалар оны мұқият қарап шыққаннан кейін, цифрларды тиісті суретпен қосуды сұрайды.
«Машина жеткілікті ме?» ойыны
2-тапсырма.
Педагог балаларға келесі суретті көрсетеді. Сұрақ қояды:
- Балалар нешеу?
- Машина нешеу?
- Ойыншық балаларға жете ме? -Heгe?
- Балалардың саны мен ойыншық машиналардың саны туралы не айтуға болады?
- Қанша бала болса, сонша машинаны бояңдар. Қане, балалар, нешеуін боядыңдар?
«Көліктер». Сергіту минуты.
Бағындырар талай жолды,
Көлік шіркін керек болды.
Жолдағыдай қатарласып,
Ұстап көрейік біз де рульді.
Жеңіл көлік зуылдатып,
Оңға қарай бұрылар,
Жүк көлігі түтіндетіп,
Тура жолмен зуылдар.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балаларға ені бірдей 2 жолақты табуды тапсырады. Дұрыстығын тексеру үшін оларды бір-біріне қойып тексереді. Балалар тапсырманы орындаған соң, олар
қояды неліктен бұл екеуін таңдағанын түсіндіреді және дәлелдеп көрсетеді.:
цифрларды тиісті суретпен сызық арқылы қосады.
Суретті мұқият
қарап шығып, сұрақтарға
жауап береді:
Үшеу.
Төртеу.
Жетпейді.
Өйткені төрт үштен үлкен.
Машинаға қарағанда баланың саны кем, ал балаға қарағанда машина артық.
Үш машинаны бояйды.
Балалар қолдарына «ойша» руль ұстап, бөлменің бір шетінен екінші шетіне дейін жүреді.
Бұрылады, қарсы бетке қарай қозғалады.
Жолақтарды бір-біріне қойып салыстырады.
Кең жолмен.
-3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ
Балалар, солға бара жатқан көліктер қандай жолмен кетіп барады?
- Оңға бара жатқан көліктер қай жолда кетіп барады?
- Оңға неше машина, солға неше машина бара жатыр?
Педагог балаларға тапсырма береді: кең жолды сары түспен, ал тар жолды қоңырмен бояу керек.
3-тстсырма.
Педагог балаларға барлық тіктөртбұрыштарды бояуды тапсырады.
Балаларға сұрақ қояды:
- Неше тіктөртбұрыш боядыңдар?
- Тіктөртбұрыштардың көлемі қандай?
Tap жолда.
Оңға қарай 3 машина,
ал солға қарай 4 машина. Жолдарды бояйды.
Үш
Үлкен, кіші, кішкентай.
Рефлексиялық - түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Сендер шәйнекті, торсық пен кесені қандай цифрмен қостыңдар? Heгe?
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.
Өз жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Шәйнекті 2 цифрымен қостық, себебі суреттегі шәйнек саны екеу ...
игереді:заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай (кең - тар) сәйкестендіруді;
меңгереді:заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігін анықтау. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша.
Бөлімі:ҚМТҚ.
Мақсаты:өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; заттарды үлгі бойынша санауға үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау; заттың орналасқан орнын анықтау.
Үлестірмелі материал: әр балаға тәрелкеге салып қызыл, жасыл және көк түсті 3 жолақ береміз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Педагог мынадай тапсырма береді:
- Балалар, үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Кез келген фигураны алып, сол туралы білгендеріңді айтып көріңдер.
Балалар фигуралар туралы айтады: Тіктөртбұрыш дегеніміз-...
Шаршы дегеніміз -...
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Үлестірмелі материалмен жұмыс.Педагог балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай? Әр түстен неше таяқша бар?» деп сұрайды. Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады. Тапсырма орындалғаннан кейін балалар таяқшаларды тағы бір рет санап шығады. Әр фигураға неше таяқшадан келгенін анықтайды. Педагог таяқшалар әртүрлі орналасқанымен олардың тең, үш-үштен екенін түсіндіреді.
Балалар әртүрлі фигуралар құрастырады. Балалар таяқшаларды бір қатарға қойып шығады.
Балалар сұрақтарға жауап береді:
Төрт.
«Олардың саны тең екенін қалай дәлелдейміз?»
1 -тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Шеңбердің ішінде неше кесе бар?
- Шаршынын ішінде неше кесе бар?
- Олар туралы не айтуға болады?
2-тапсырма.
Педагог балаларға төмендегі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің арақашықтығы алшақ болуы тиіс.
- Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?
- Жоғарғы жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?
Педагог жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салуға тапсырма береді.
- Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?
3-тапсырма.
Педагог балаларға сол жақтағы аюды сары қарындашпен, оң жақтағысын қоңырмен бояуды тапсырады.
Балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Сол жақтағы аюдың шарлары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?
- Оң жақтағы аюдың сол қолына сопақша және оң қолына дөңгелек суретін салыңдар.
Сергіту минуты.
Бәріміз біргеміз.
Оңға бір қадам,
солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам,
артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Төрт
Шеңбер мен шаршыдағы кеселердің саны бірдей, төрт-төрттен.
4 дөнгелектің суретін салады.
Жоғарғы және төменгі жолақтағы дөңгелек саны теңдей, төрт-төрттен.
Жоғарғы жолаққа тағы бір дөнгелек керек.
Жоғарғы жолақта төменгіге қарағанда бір дөңгелек артық.
аюлардың суретін бояйды.
Тақпақтың мәтіні бойынша жаттығу жасайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға аюлардың суретін көрсетеді.
- Балалар, суретші бес аюдың суретін салды. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Кәне, жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төмендегі аюлардың суретін аяқтайық. Барлық аю бір-біріне ұқсайтын болуы керек.
- Бірінші аюдың суретіне не қостыңдар?
- Ал төртіншісіне ше?
Суреттің жетіспей тұрған жерлерін толықтырып салады.
Түйме.
Бантик, белбеу, табанын салдық.
Рефлексиялық - түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.
Балалар өз жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін;
игереді:орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру; заттың орналасқан орнын анықтау;
меңгереді:топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:
- Неше дөңгелек салдыңдар?
— Неліктен?
2-тапсырма.
Педагог өлең оқып береді:
Білек күші тасыған,
Төрт күрескер ағаң.
Қолын қойып беліне,
Шаршамайды ешқашан.
Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені
білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардын арасындағы төрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.
«Санамақ». Сергіту минуты.
Бір, екі, үш, төрт
Жиналамыз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Секіреміз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Отырамыз бәріміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып
шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.
Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.
3-тапсырма. Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша 3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кейін, педагог екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Мені қардан жасапты,
Ойланып көр.
Қолым - таяқ,
Мұрным - сәбіз,
Көзім - көмір.
едагог балаларға бір қарағанда бір-бірінен амайт
4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді.