Күтілетін нәтижелер:
біледі: құрылыс материалдарынан көпір құрастыруды;
игереді: құрылыс материалдарының көлемі, түсі, пішінін ажыратуды;
меңгереді: құрылыс материалдарын кеңістікте құрып, орналастыра білуді.
№18 технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен жұмыс.
Тақырыбы: Құс.
Мақсаты: балаларға қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуге, умаждалған қағазды белгілінген жерге дұрысорналастыра алуға үйрету, ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, бұтақтың суреті бар қағаздар және үлгі суреттер.
Сөздікжұмыс: қағазды умаждау, үй құстары, түз құстары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық
|
Педагог балалардан: «Қандай құстарды білесіңдер, аттарын атаңдаршы», - деп сауал тастайды. Дидак- тикалық ойын: «Бұл қандай құс?»
|
Балалар үй құстары мен түз құстарын атап айтады.
|
|
Педагог суреттерді көрсетеді: балалар үй құстарын және түз құстарынатап айтады. Үлгі суретті де көрсетіп,қандай құс екенін сұрайды.
- Осындай құсты жасағыларың келсе, жасап
көрейік.
|
Ойында
белсенділік
көрсетеді.
Жасағылары
келетінін айта
ды.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балаларға бұтақтардың суретісалынған қағаздар таратылады, оғанқұсты қалай жасау керектігін педагогтүсіндіреді:
- Қоңыр түсті, немесе басқа баланыңқалауы бойынша таңдап алғанқағаздың үлкен бөлігін алып, оныалақан арасына салып умаждаймыз;
- Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз, бұл - дайын болған құстыңдене бөлігі, оны алдарыңдағы қағазғажелімдейміз;
- Енді екінші қағазды алып, оны даумаждаймыз, бұл құстың басы. Оныңбір шетінен саусақпен созып тұмсығыншығарып аламыз да, дене бөлігіне
біріктіріп желімдейміз.
- Артқы жақ бөлігінен созып
құйрығын шығарамыз;
- Көзі, тұмсығын және қанаттарын фломастермен немесе қарындашпен сызып бейнелейміз, сонда бұтақта қонып отырған құс пайда болады. Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды.
|
Құстың дене
бөлігін бөлек
жасап, басын бір
бөлек қағазды
умаждау
арқылы жасап
алып, оларды
белгіленген
орындарға
желімдейді.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Ең жақсы жасалған құстар таңдалып,көрме тақтасына қойылады, сапасына қарай, қағазды умаждауда сәттішыққан жұмыстар мадақталады.
|
Қандай құс
әдемі болғанын
балалар өздері
таңдайды.
|
Күтілетін нәтижелер: біледі: құсты жасаудың ерекшелігін;
игереді: үй құстары мен дала құстарын ажыратуды;
меңгереді: қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді.
№ 19 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қажетсіз заттармен құрастыру.
Тақырыбы: Сылдырмақ.
Мақсаты: дыбыс, музыка, дауыс туралы мағлұматберу, музыкалық аспаптар жайлы білімдерін бекіту. Музыкалық аспапты жасауда музыканың «сипатына» жуан-жіңішке дыбыстарды дұрыс ажырата алуға үйрету, қалдың материалдарымен ұқыпты жұмыс жасай алуға баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: бос бөтелкелер, түймелер, дәндер, түрлі түсті қағаздар, желім, қылқалам т.б.
Сөздік жұмыс: «сылдырмақ», дыбыс, музыка аспаптары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балаларға сусын, шырындардыңбөтелкесінен жасалған екі «музыкалық аспаптарды» көрсетіп, үлгіге талдау жасайды. Оны «Сылдырмақ» деп атайтынын
айтып, оның дыбысына назар аудартады.
-Не себептен екі түрлі дыбыс шығады деп
ойлайсыңдар?
|
Балалар
аспаптарды
қарап көреді,
дыбыстарын
ажыратады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
«Осындай аспаптарды жасау үшін бізге әрқайсымызға бөтелкелер қажет болады», -деп, әр балаға таратып береді.
- Аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар:
біреуі ұсақ түймелер, екіншісі әртүрлі
дәндер керек.
- Өздеріңнің қалауларың бойынша
түймені немесе дөндерді алып, бөтелкенің
ішіне салып, оның қақпағын жауып
қойыңдар.
- Ал енді түрлі түсті қағаздардан
әртүрлі пішіндер қиып алып, аспапты
безендіреміз.
- Дайын болған аспаппен музыка ойнап, дыбыс шығарып көреміз.
Барлық балалардың аспаптарының дайын болуын және қандай дыбыс шығаратынын өздеріне таңдату қажет.
|
Балаларөздеріне
берілген
бөтелкелерге
түймелерді не
месе дәндерді
салып,бөтелкенің
қақпағынжауып, оныңдыбысын
шығарып ойнап көреді.
Әркім өзінше безендіреді.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Педагог барлық аспаптарды балалардыңқолдарына беріп, өздері кезекпен немесе шағын топтармен бірлесіп ойнап,қарапайым «оркестр» құрастырады.
|
Кімнің аспабы
жақсы дыбыс
шығаратынына
қарап, безенді-
рулеріне мән
беріп жақсы
жұмыстартаңдалады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |