Әдістемелік тұрғыдан жоспарлай, бақылай және басқара білуі тиіс: әр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіліктерін байқау;
Жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізу, оңтайлы дене жұмысына қабілеттілігі мен денсаулыққа зиян келтірместен және бейімделу тетіктерін бұзбай отырып, ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіру;
Дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстарын іске асыру;
Дене шынықтыру және спортты дамытуды жоспарлау;
Дене шынықтыру және спорт бойынша ғылым мен бағдарламалық, әдістемелік қамтамасыз ету дамуына басшылық жасау;
Салауатты өмір салтын және дене шынықтыру, спортпен шұғылдануды насихаттау;
Дене шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде менеджмент пен маркетингті ғылыми ұйымдастыру;
Педагогикалық зерттеу жүргізу, кешенді бақылаудың сандық және сапалық бағалануы, матемитикалық-статистикалық, педагогикалық, психологиялық және медициналық-биологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, нәтижелерге талдау жасау.