БАС МИЫНЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ ми затының әртүрлі макроструктуралы зақымдалуымен көрініс береді(геморрагия,деструкция), сонымен бірге субарахноидальды қан құйылумен, жиілігі мен көрінісі контузия ауырлығымен байланысты бас сүйегі негізінің сүйектері сынуымен көрінеді.Бас миы зақымдалуы кезінде бас миының ісінуі болады.Ісіну жергілікті, бөлікті, жарты шарлық және жайылған болуы мүмкін.
БАС МИЫ ЗАҚЫМЫНЫҢ АУЫРЛЫҒЫНЫҢ 3 ДӘРЕЖЕСІ клиникалық жарақат алғаннан кейін естің жоғалу уақытының ұзақтығымен көрініс береді Ми зақымының жеңіл дәрежесі – бірнеше минуттан 15-20 минутқа дейін созылуы мүмкін, ми шайқалудан айырмашылығы бас сүйегі сынуы мен субарахноидальды қан құйылулар кездесуі мүмкін Ми зақымының орташа дәрежесі-15-20 минуттан бірнеше сағатқа созылады. Ми зақымының ауыр дәрежесі-бірнеше сағаттан бірнеше аптаға созылуы мүмкін.