2 - тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
11. Сенсорлық үдерістердің дамуы (20 сағат):
12. Көру қабылдау және зейін:
1) заттарды ерекшеленген белгілері бойынша топтастыру (пішін, көлем, түс);
2) заттардың орналасу жерлерін есте сақтау және жаңғырту (5-9);
3) заттарды көлеміне қарай біріктіру (жіктеу, жүйелеу);
4) заттарды пішініне қарай біріктіру (жіктеу, жүйелеу);
5) заттарды түсі мен олардың реңктеріне қарай біріктіру (жүйелеу);
6) негізгі түстердің реңктерін ажырату;
7) заттармен, жазық пішіндермен, суреттермен ойындар мен жаттығулар процесінде олардың көлем параметрлерін ажырату;
8) өрнектерді үлгі бойынша салу;
9) қасиеттері анық ерекшеленетін заттар мен нысандардың (2-4) сұлбалы бейнелерін салыстыру;
10) қағаз бетінде әр түрлі орналасқан заттық бейнелерді салыстыру;
11) болмашы қасиеттерімен (құрылысымен, бөліктер санымен, бір түстің реңктерімен, көлемімен, бөлек бөліктерінің орналасуымен) ерешеленетін ұқсас заттар мен нысандарды салыстыру;
12) заттарды көлеміне және елестету бойынша салыстыру («Сен енді, енсіз туралы не білесің?»);
13) әріптер мен цифрлардың өздеріне тән бөліктері бойынша оларды тану;
14) заттарды стильденген бейнелерден тану (сұлбалы, нұсқалы, сызықшалы, пунктирлі).
Достарыңызбен бөлісу: |