Ұос ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70 жылдығына орай салтанатты мерекелік банкетті ұйымдастыру жәнемерекелік далалық ботқасын


Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,51 Mb.
#33319
1   2   3

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
32. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;(егер жеке тұлға болса)


2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «жұмыстарды сатып алулар бойынша конкурс»:

САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС – дейін КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН АШУҒА БОЛМАЙДЫ.

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау 
34. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

35. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

36. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

38. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

39. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.

40. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

     


8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
41. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

42. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.

 43. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

44. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаған жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

45. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Конкурстық құжаттамаға

1 –қосымша


2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру және «Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алу конкурсы


лота

Тапсырыс
берушінің
атауы

Тауар

(жұмыс, қызмет)


атауы

Өлшем
бірлігі

Саны,
көлемі

Беру
шарттары
(ИНКОТЕРМС
2000сәйкес)

жеткізіп беру


мерзімі

жеткізіп беру


орны

Аванстық
төлем
мөлшері,
%

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2


«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі



ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру қызметі

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметтері



қызмет

қызмет


1

1





2015 ж. келісім-шартқа қол қойылған күнінен бастап - 31 мамыр аралығында

2015 ж. келісім-шартқа қол қойылған күнінен бастап - 31 мамыр аралығында



Шымкент қаласы

Шымкент қаласы



0

0


3250 000,00

2 240 000,00




Барлығы 5 490 000,00

«Шымкент қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің» ММ басшысы Ж.Ш.Байғонов

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Лот № 1

2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру және «Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен мемлекеттік сатып алу конкурсының

техникалық ерекшелігі
ЛОТ № 1 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне арналған меркелік банкетті ұйымдастыру .

«Орындаушы » «Тапсырыс берушінің » сұранысы бойынша «Жеңіс күніне» тағайындалған мерекеге байланысты мерекелік іс шараны – банкетті өткізу бойынша қызметтерді атқаруға міндеттелінеді.



  1. Іс шараны өткізу бойынша қызметке кіреді:

  • Шымкент қаласының орталығында орналасқан премиум сатыдағы

Автокөлікпен кіріп- шығуға ыңғайлы ресторанды жалға алу. Ресторанды алу Тапсырыс берушімен келісіп расталуы тиіс.

  • Ресторан орыны 500 адамнан кем емес адамға арналуы тиіс; дем алуға болатын орны (диван, кресло) бар кең холл, жеке киім салғыш, жеке санитарлық орындар , би алаңы, сахна, әртістерге арналған гимерий, сонымен қатар орын мүгедектерге арналған барлық жабдықтармен жабдықталып, (пандус, қосғалыс аймағы, санитарлық орындар, мүгедектерге арналған құрал жабдықтар)

  • Бір күнге жалға лау , өткізілу күні 2015 жылдың мамыр айы;

  1. Банкет

  • Банкетті өткізу құнына 500 адамға арналған түскі ас, 2 ыстық тамақ, (1 - ші ас сиыр етінен жасалған тағам (бір адамға 250 грамм кем болмауы тиіс), екінші мағам Тапсырыс берушімен келісіліп расталады(бір адамға 250 грамм кем болмауы тиіс), 4 салаттан кем емес және әрбір бөлікте 250 граммнан кем болмауы тиіс (ет – 2 түрде, көкөніс- 1 түрде, теңіз өнімдерінен – 1 түрде ). ), 4 суық жеңіл тамақ 500 граммнан кем емес әрбір үстелге (ет құрамасы, бағалы балықтардан жасалынған құрама, ірімшік құрамасы, жаңа көкөністерден жасалынған құрамалар), нан кәрзеңкелері (әр үстелге 2 – еуден кем емес), Сусындардан әр адам басына 1 литрден кем емес, (шырын, қымыз, қымыран, минералды су газбен және газсыз), жеміс құрамасы (алма, банан, мандарин, жүзім, алмұрт, апельсин) әр үстелге шәй үстелін ұйымдастыру ( кәмпиттер, печенелер, тәттілер құрамасы, мейіз, құрыған өрік, жаңғақтар түрлері, шәй, кофе). Банкет мәзірі (Техникалық сипаттамаға Қосымша № 3 көрсетілген) іс шараның басталуынан 10 күн алдын расталып бекітіледі. Банкетте арнайы форма киген даяшылар қызмет етуі тиіс.

  1. Мереклік бағдарлама

  2. Мерекелі бағдарлама (ұзақтығы 7 сағатқа созылатын) іс шараның басталуына 10 күн қалған кезде Тапсырыс берушімен келісіп расталады және оларға міндетті түрде ендіруі тиіс:

  • Екі тілде жүргізетін жүргізуші жүргізуші (қазақша , орысша) 7 сағатқа (жүргізушінің кандидатурасы (Тапсырыс берушінің келісімімен іске асырылады).

  • Әуендік нөмірлер (Тапсырыс берушінің келісімімен іске асырылады).

  • Би нөмірлері (Тапсырыс берушінің келісімімен іске асырылады).

Оырндаушы барлық дайындық жұмыстарын, атқарады, әртістермен келісім шар т жүргізеді, көрсетілген мерзімге іс шараны ұйымдастырады, іс шараға қатысатын барлық қатысушылардың анықтайды, сценарийлік жоспарға байланысты оның қатысуын бағыттайды,.

Орындаушы іс шараға қатысатын басрлық қатысушылардың олардың әр түрлі қызметтерін көрсетуі үшін жағдай жасайды.



Қосымша талаптар:

  • Орынды мерекелік әрлендіру (шарлармен, гүлдермен, өлшемі 2*2,5 м болатын билборд әскери тақырыптағы эскиз Тапсырыс берушімен расталуы тиіс).

  • Шар жән гүлдерді орналастыру сызбасы іс шараның басталуына 20 күн қалғанда Тапсырыс берушімен келісіліп расталынады; (Тапсырыс берушінің келісуімен)

  • Кәсіпқой видео фото жаблдықтары бар операторлардың болуы;

Іс шараны өткізу сценарийі , әуен, би, көңіл көтеру нөмірлері алдын ала іс шараның өтуіне 10 күн қалған кезде Тапсырыс берушімен келісіліп расталуы тиіс.

Іс шараны өткізуге арналған мәзір мен сценарий Жеткізуші жеткізіп тасғанннан кейін Тапсырыс беруші оған өзгердулер мен қосымшала ендіре алады.



Жеткізу:

  • Шақырылған қонақтарды тасымалдау үшін автокөлік (автовус тәрізді) (автокөліктердің бар екендігін растайтын құжаттарды сұранымға тіркеп жіберу)

  • ҰОС қатысқан мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы автотранспорттар барлық қажетті жабдықтармен жабдықталуы тиіс ( апндус, тұтқа т.б.) (автокөліктердің болуы құжаттармен растап сұранымға тіркеу қажет).

  • Іс шара өткізілетін орынға қосымша азық түлікті жеткізу автотранспорттары (рефрижератор тәрізді) ( автокөліктерге жалға алу келісім шарты , немесе оның потенциалды жеткізушіде бар екендігін және оның бос екендігін растайтын құжат және тарспортқа санитарлық қорытындысын жеткізу қажет ).

Потенциалды жеткізуші сұранымға мерекелік іс шараны өткізуге арналған сценарийді егжей тегжей жоспарын тіркеп, нақты сипаттамасымен : әрлендіру , мәзір, қолданылатын құралдар, сонымен қатар, концерттік бағдарламаны өткізу сценарийі , сонымен қатар 7 – сағаттық концерттік бағдарламаның толық сценарийін, қатысатын әртістер мен ұйымдар жайлы мәлімет беруі тиіс.

Есептілікке талаптар

Есеп беру мерзіміне орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісі;

Іс-шараға қатысқан азаматтардың тізімі

Уәкілетті мекеме жеке көмекшінің көрсетілген қызметтеріне және сапасына бақылаулаушы орган ретінде құқылы .

. Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Лот № 2

2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру және «Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен мемлекеттік сатып алу конкурсының

техникалық ерекшелігі

ЛОТ № 2 800 адамға арналған мерекелік ас тарту (далалық ботқа) ұйымдастыру.

«Орындаушы » «Тапсырыс берушінің » сұранысы бойынша «Жеңіс күніне» тағайындалған мерекеге байланысты мерекелік іс шараны өткізу бойынша қызметтерді атқаруға міндеттелінеді.



  1. Мерекелік әрлендірулермен сәнделген шатырларды қаланың ортасынан 10 км алыс емес жерде орналасқан,көк алаңы бар жағдайы жақсы саябақтарда шатырларды құру және жинау. (Іс шараны өткізу орны Тапсырыс берушімен 1 апта алдын келісіледі) .

  2. Іс шараны өткізетін аумақты іс шара басталғанға дейін және одан кейін дайындау ,әрлендіру және жинастыру(іс шара басталғанға дейін және одан кейін залалсыздандыру және дәрілеу, осы мерекелік іс шараны өткізетін барлық аумаққа кенелерге қарсы дәрілермен залалсыздандыру және осы жұмыстардың атқарылығандығы туралы туралы актіні және СЭҚ қорытындысын жеткізуі қажет ).

  3. 800 адамға арналған Мерекелік ас тарту (далалық ботқасы) (мәзір техникалық сипаттамаға Қосымша № 1 көрсетілген ) іс шараны өткізуге 1 апта қалғанда Тапсырыс берушімен келісіліп расталады.

  4. Мерекелік үстелдерді әрлендіру ( Ақ мата дастархан,майлық, ыдыс аяқ қызмет көрсететін қызметтерімен бірге Техникалық сипаттаманың № 2 Қосымшада көрсетілген) . Банерді әрдлендіру Тапсырыс Берушінің үлгісі бойынша (әскери тақырып) өлшемі биіктігі -2м, ұзындығы 2,5 метр болуы тиіс.

  5. Далалық ас үйінде жетікті қызметкерлер болуы тиіс (Аспазшы 4 адамнан кем емес , даяшы – 45 -50 адам, пешші – 4 -5 адамнан кем емес ) Топқа байланысты қызметкерлердің әрқайсысында санитарлық кітапша болуы тиіс , ал аспазшыларда санитарлық кітапшадан басқа , олардың біліктілігін растайтын құжаттар сұранымға қоса тіркелуі тиіс.

  6. Қызметкер әскери формада кез келген аралықтағы (Бірінші Дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысы, қазыргі заманғы форма) болуы тиіс.

  7. Далалық ас үйі дөңгелекті тіркемеде болып және онда тағамды дайындауға барлық қажеттіліктердің болуы шарт. 1941-1945 жж далалық ас үйінде 500гр 800 бөлік сыйатын екі болат қазан болуы тиіс. Осы бағаға ас үйді жалға алу, іс шара өткізілетін орынға жеткізу , құрастыру, бөлу, ағаш су т .б кіреді. ( Ас үйді жалға алу келісім шарты , немесе оның потенциалды жеткізушіде бар екендігін және оның бос екендігін растайтын құжат жеткізу қажет ).

  8. Далалық ас үйге қосымша жеткізу қажет:

  • 20 – 30 данадан кем емес 800 адамға арналған іші ағаш едендермен жасалынған әскери шатырлар (5х5м) ( Шатырлардың түрлерін тапсырыс Берушімен расталуы тиіс )

  • 800 адамға арналған ағаш үстелдер

  • Ыдыс аяқтармен азық түлікті жайғастыратын армиялық палаткалар (26 кв.м)

  • 800 адамға арналған ағаш орындықтар (алдын ала Тапсырыс Берушімен келісілуі тиіс)

  • Биоәжетханалар – 10 данадан кем емес

  • Қажетті гигиеналық орталармен жабдықталған сабын, сүлгі әскери қол жуғыштар ,

( Жоғарыда көрсетілген жабдықтарды жалға алу келісім шарты , немесе оның потенциалды жеткізушіде бар екендігін және оның бос екендігін растайтын құжат жеткізу қажет ).

  • Шақырылған қонақтарды тасымалдау үшін автокөлік (автовус тәрізді) (автокөліктердің бар екендігін растайтын құжаттарды сұранымға тіркеп жіберу)

  • ҰОС қатысқан мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы автотранспорттар барлық қажетті жабдықтармен жабдықталуы тиіс ( апндус, тұтқа т.б.) (автокөліктердің болуы құжаттармен растап сұранымға тіркеу қажет).

  • Іс шара өткізілетін орынға азық түлікті жеткізу автотранспорттары (рефрижератор тәрізді) ( автокөліктерге жалға алу келісім шарты , немесе оның потенциалды жеткізушіде бар екендігін және оның бос екендігін растайтын құжат және тарспортқа санитарлық қорытындысын жеткізу қажет ).

  1. 4 сағаттан кем емес әскеи әуенмен сүйемелденген концерттік бағдарламалар . Әскери орындаушылар, әскери репертуардағы әндер , сонымен қатар әскери қызметтік және әскери әуендік ұйымдар.

Потенциалды жеткізуші қамтамасыз етуі тиіс:

  • Кәсіпқой әуендік жабдықтар , 5 данадан кем емес станционарлық , тасымалды микрофон жарықты әсер беретін жабдықтар;

  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін сойлейтін жүргізушілер өтемі ақысы ;

  • Өнер ұйымының өтемақысы (би, вокалды – аспаптық т.б өткізілетін іс шараның тұжырымдамасына байланысты 15 нөмірден кем болмауы тиіс)

  • Әскери реквизиттерді қолдану;

  • Әскери уақыттағы әуендерді (Жазба) қолдану;

  • Мерекелік іс шараны өткізу жоспар сценариін жасау (сценарийді тапсырыс берушімен келісу) , іс шараны өткізу сценарийі, әуендік, би, көңіл көтеру нөмірлері , іс шараның басталуынан 10 күн алдын ИТапсырыс берушімен келістіріліп, расталуы тиіс. Іс шараны өткізуге жеткізуші мәізр мен сценарийді жеткізіп бергеннен кейін Тапсырыс беруші оаған өзгертулер мен қосымшалар енгізуге құқылы;

  • Сценарийге байланысты басқада шығындар;

  • Сахнаны әскери тақыпта әрлендіріп жабдықтау;

  1. Потенциалды жеткізуші видео және суретке түсіру қызметтерін кәсіпқой операторлар іске асырып, іс шараны толығымен түсіріп, Тапсырыс берушіге табыстауы тиіс;

  2. Потенциалды жеткізуші мерекелік іс шараның өткізілуі туралы сценарий жоспарды Тапсырыс берушіге егжей тегжейлі нақты сипаттамасымен, әрлендіру, мәзір, қолданылатын жабдықтар, сонымен қатар 4 сағаттық концерттік бағдарламаны нөмірлерінің сипаттамасымен , тартылып жатқан әртістермен ұйымдарды толық сценарийін жеткізуі тиіс.



Есептілікке талаптар
Есеп беру мерзіміне орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісі;

Іс-шараға қатысқан азаматтардың тізімі


Уәкілетті мекеме жеке көмекшінің көрсетілген қызметтеріне және сапасына бақылаулаушы орган ретінде құқылы .
Конкурстық

құжаттамаға

4-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

 

Кімге



__________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен

__________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:



Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары




Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы




Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні



2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.


9. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

10. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).
11. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

____________________________________________________________

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)


Каталог: upload -> 10.2015
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
10.2015 -> Конкурстық ҚҰжаттама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет