«Қосалқы тарихи пәндер» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В011400 тарих мамандығына арналған Семей-2014



бет4/6
Дата26.01.2018
өлшемі1,82 Mb.
#34016
1   2   3   4   5   6
Сабақтың мақсаты: Топонимика мен тарихи географияның мазмұны мен міндеттері, Батыс европа мен Ресейдің Ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопонимиясы жайлы тарихи-этимологиялық зерттеулерді қарастыру

  1. Тарихи географияның мазмұны мен міндеттері, негізгі салалары . дерек түрлері. Топонимика пәні негізгі міндеттері . Түрлері мен зерттеу әдістері.

  2. Топонимика мен тарихи географияның байланысы, маңызы.

  3. Тарихи география және топонимиканың дамуының негізгі кезеңдері

  4. Батыс европа мен Ресейдің тарихи география және топонимикасының дамуының негізгі кезеңдері.

  5. Ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопонимиясы жайлы тарихи-этимологиялық зерттеулер. Араб географтары. Ұлы даланың тарихи географиясы.

  6. Қазақстанның тарихи географиясы мен топонимикасының жүйеленіп қалыптасуы. Қазақстан топонимикасының жеке зерттеле басталуы.

Ал, ХІ ғ. М. Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) атты еңбегінде осы қимақ елін «иемак» деп атаған. Қимақтар ҮІІ ғасырда Ертіс өзенінің алқабы мен Алтай тауының солтүстігін қоныстанған. Ол кезде қимақ тайпалары Батыс түрік қағанатының құрамында болған. Қимақ мемлекетінің астанасы Ертіс өзені бойындағы Қимақия қаласында болды. ҮІІІ ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ бас кезінде кимек тайпалары үш бағытқа: солтүстік батысқа – Оңтүстік Орал (негізінен қыпшақтар) жағына, оңтүстік батысқа – Сырдария бойы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстікке – Жетісудың солтүстік-батыс жағына қарай қозғалады. 840 жылы Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырап кеткеннен кейін, оған енген тайпалардың бір бөлегі (еймұр, баяндұр, татар) кимек бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Осы кезде жеті тайпадан тұратын: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан кимек конфедерациясы құрылып қалыптасады.

Қағанаттың территориясы: Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жері. Яғни шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстықкөл жағасына дейінгі жерлер. Араб географы Ибн Хаукалдың (Хғ) мәліметінде, «қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күн жүру керек екен» деп көрсеткен.

893 жылы самани Исмаил ибн Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қаланы ұзақ уақыт қамап қоршаса да шыдайды. Бірақ, соңында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Сөйтіп, 775-875 жылдар аралығында қағанат ислам дінін қабылдаған. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіруге мәжбүр болады. Алғашында астанасы – Баласағұн қаласы болса, кейіннен Қойлық қаласы болады. 940 ж. Ұйғыр қағанатының Шығыс Түркістанда қайта күшеюіне байланысты, Қашқар жеріндегі түркі тілдес тайпалар. Қағанаттың территориясы: Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жері. Яғни шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстықкөл жағасына дейінгі жерлер. Араб географы Ибн Хаукалдың (Хғ) мәліметінде, «қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күн жүру керек екен» деп көрсеткен.

893 жылы самани Исмаил ибн Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қаланы ұзақ уақыт қамап қоршаса да шыдайды. Бірақ, соңында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Сөйтіп, 775-875 жылдар аралығында қағанат ислам дінін қабылдаған. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіруге мәжбүр болады. Алғашында астанасы – Баласағұн қаласы болса, кейіннен Қойлық қаласы болады. 940 ж. Ұйғыр қағанатының Шығыс Түркістанда қайта күшеюіне байланысты, Қашқар жеріндегі түркі тілдес тайпалар. ХІ ғ. аяғынан бастап, өздері (қыпшақтар) дәуірлей бастаған кезде орыс жерлерінің оңтүстік далалы аудандарынан Дон өзеніне дейін жерлерін кеңейткен. Орталығы Сығанақ қаласы (Сырдарияның бойында). Қыпшақ сөзі туралы алғашқы хабар, б.з. ІІІ-ІІ ғғ. қытай жазба деректерінде кездеседі. «Қыпшақ» атауы ең алғаш 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректеріне қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабехтің (ІХғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі.ХІ ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалардың бірі қимақтар болса, баяндұрлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары да енген. 1065 ж. селжұқтардың билеушісі Алп Арыслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңгеннен кейін, ол Жент пен Сауранға жортуылға шығады.



Бекіту сұрақтары:

  1. Шығыс славяндарда әріптер қарапайым символ таңбаларымен бейнеленген, сонда крест символыныңмағынасы қандай?

  2. Ежелгі славяндықтардың жазу өнерінің дамуына қай елдің миссионерлері әсер етті?

  3. Бүгін де славян графикасы қандай атаумен белгілі?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. ҚоңыратбаевТ. Көне мәдениет жазбалары. А, 1991

  2. Қайдаров Э. Түркітануға кіріспе. А, 1992

  3. Монтьева Г.А, Кобрин В.В. Ключи к тайнам. М, 1992

9 лекция Қазақстанның тарихи географиясы



Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі саяси жағдайды қарастыру.

  1. Ежелгі қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың тарихи географиясы. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы.

  2. Ертедегі түркілер, территориялары, шаруашылығы, сауда жолддары. Қимақ-қыпшақ тайпалары.

  3. 11-12 ғ.ғ.татар-монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан. Монғол тілінен енген топонимдер.

  4. 14-15 ғ.ғ. Дешті Қыпшақтың саяси географиясы.

  5. 15-17ғ.ғ. қазақ этносының қалыптасыуы, тарихи географиясы. Қалалардың орналасу географиясы.

  6. 18-20ғ.ғ. Қазақстанның тарихи-саяси географиясы.

Бекіту сұрақтары:

  1. Қара теңіз маңы мен қай елдің халықтарының жазу-сызу дәстурінің негізгісіне байланысты әліппесі п.б,?

  2. Қай ғалымның Москвадв 1956 ж «Русская палеография» атты еңбегі жарық көрді?

  3. Қазіргі орыс алфавитінің кезінде қарапайымырақ кириллица әуел баста неше таңбадан тұрды?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Соболева Н.А. Россииская геральдика. М, 1989

  2. Федоров-Давыдов. Монеты рассказывают. М,1963

  3. Шур Я. Когда? Рассказы о календаре. М, 1968

10 лекция Генеология



Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі саяси жағдайды қарастыру.

  1. Генеология ұғымы және ғылым ретінде қалыптасуы.

  2. Генеологияның міндеттері және арнаулы пәндермен ба йланысы.

  3. Теоретикалық генеология. Шежіре ұғымы және түрлері, маңызы.

  4. 19ғ.генеология тарихнамасы.Қазақстандық ғалымдардың генеологияны зерттеуі.

Қазақ халқы халық ретінде толығымен ХVI ғасырдың соңымен XVII ғасырдың басында қалыптасуын аяқтады. Өйткені, дәл осы кезеңдерде Қазақ хандығының территориясында өмір сүрген басқа ордалар ыдырап, олардың құрамындағы тайпалар Қазақ халқының құрылымын аяқтады.

«Қазақ» атауы туралы болжамдар мен зерттеулер. Қазақ жүздері. Этникалық территориясы.

Жәнібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қамтуындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте «қазақ» атауы этникалық мәнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның әбден қалыптасқан түркі тектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды. «Қазақ» атауы туралы, Абай, Шәкәрім, Шоқан зерттеулерімен қатар, С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтың арнайы зерттеулері бар. Атаудың қалыптасуы туралы болжамдар өте көп. Қазақ халқы халықтың бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІV-XVғғ. жеке мемлекеттер жүйесіне кіргені жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының тайпаларының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, жоғарыда аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлегімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз: Сырдариядан бастап, Жетісу жерін түгел жайлады. Құрамына; үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ошақты, шапырашты, жалайыр ж.б енеді. Орта жүз: Орталық Қазақстан мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін мекендеді. Құрамына; найман, керей, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлық т.б. Кіші жүз: Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлегі. Құрамына; алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас, таздар, қарасақал, қаракесек (әлімұлы) т.б.

ІХ ғ басында оғыздардың көсемі қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег тайпаларын ыдыратты. Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий даласының үнді-еуропа және фин-угор тектес ежелгі (негізінен түріктенген) этникалық компоненттері және сонымен бірге Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жагарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлар, баяндұрлар, кайлар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары да кіреді. Қытай деректерінің жазбаларына қарағанда, оғыз тайпаларының құрамына – баяндұрлар, имурлар және кайлар кірсе, араб деректері оғыздардың қатары имақ-қимақ тайпаларымен де толықтырылып отырғандығын айтқан. М. Қашғаридың дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, ал Әл-Марвази олардың 12 тайпадан тұрғандығын жазады. Егер 24 тайпадан құрылған кезі оғыздардың алғаш әртүрлі тайпалардан жаңа қалыптаса бастаған кезін көрсетсе, ал 12 тайпалық кезі ол кейінгі мерзімін көрсетеді. Бұл заңды құбылыс. Ол тайпалардың бір-бірімен қосылып, саны азайып, халықтық дәрежеге көтерілген кезеңі.



Бекіту сұрақтары:

  1. Ғылыми пән ретінде «Палеография» қай ғасырда пайда болды

  2. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі қай жерде қалыптасқан

  3. Біздің еліміз жазу граяикасын қай түрін қолданып келеді

  4. «Грузин палеографиясы» нешінші ғасырда жеке дара ғылым ретінде қалыптаса бастады

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Дүйсенов М. Сағанатас сырлары. А, 1992

  2. Завельский Ф.С. Время и его измерения. М, 1987

  3. ИскаковМ. Халық календары. А, 1980

11 лекция Сфрагистика және геральдика ғылымдары



Сабақтың мақсаты: Сфрагистика және геральдика ғылымдарымен, оның міндеттерімен, пайда болуын қарастыру

  1. Сфрагистика ұғымы, пәні және оның міндеттері.

  2. Мөрдің пайда болуы және тарихы . мөрдің тарихи дерек және өнер ескерткіші ретіндегі маңызы.

  3. Геральдика пәні және оның тарихы. Елтаңбалардың тарихи деректік мәні, маңызы.

  4. Орта ғасырдағы рулардың әулет таңбалары мен ұрандары.Көне түрік тік елтаңбалар.

  5. Қазан революциясына дейінгі қала елтаңбалар. Қазақстан Республикасының рәміздері.

Бекіту сұрақтары:

  1. Дипломатия нені оқытады

  2. Орхон-Енисей ескерткішін зерттеуге ерекше үлес қосқан ғалым

  3. «Шэввея» қазақша қай ай

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Медоев А.Т. Гравюры на скалах. А, 1979

  2. Пронштейн А.Л. Использование вспомогательных исторических дисциплин при работе над источниками .М, 1967

  3. ПронштейнА.Л. Методика исторических источниковедении. М,1967

12 лекция Нумизматика



Сабақтың мақсаты: Нумизматика пәнінің міндеттерімен оның маңызымен ғылым ретінде қалыптасуын қарастыру, Нумизматика терминдерімен танысу .

  1. Нумизматика пәні және міндеттері, маңызы, ғылым ретінде қалыптасуы.

  2. Тарихи арнаулы пән ретінде нумизматиканың зерттеу обьектілері.

  3. Нумизматика терминдері.

  4. Нумизматиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Бекіту сұрақтары:

  1. Устав қандай формада жазылған

  2. 14 ғ аяғы мен 15 ғ басында жазудың қай түрі тұрақталған

  3. Қай жылы Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы басшылық құралы жарияланды

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан этнографиясы. А, 1991

  2. Казаманова Л.Н. Введение в антическую нумизматику. М, 1979

  3. Каменцева Е.И. Русская сфрагистика и геральдикаМ, 1974

4.Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А, 1993
13 лекция Монеталар және ақша реформалар тарихы

Сабақтың мақсаты: Монеталар термині, дамуымен танысу, ақша реформаларының тарихын қарастыру.

  1. Монета термині, дамуы, маңызы, алғашқы айырбас құралдары.

  2. Ақша атаулары мен өлшем бірліктері, түрлері.

  3. Ақша реформаларының тарихы.

  4. Тәуелсіз Қазақстан ақшасы. Құнды қағаздар.

Бекіту сұрақтары:

  1. Қолжазбаларды әшекейлендіру барысында 11-12 ғ стильдің қай түрін көбінесе қолданады

  2. Геометриялық формада тік төртбүрыш түріндегі жазба түрі

  3. Тасқа салынған суреттер қалай аталады

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Абдрахменов А.В. Қазақстан топонимикасы. А, 1979

  2. Айдаров Г. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .А, 1986

  3. Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974

  4. Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990

14 лекция Тарихи метрология



Сабақтың мақсаты: Тарихи метрология негізгі міндеттерімен, терминдерімен, ғылым ретінде дамуын қарастырып танысу.

  1. Тарихи метрология пәні, негізгі міндеттері.Тарихи метрология ның маңызы.

  2. Тарихи метрология терминдері, өлшем бірліктері.

  3. Тарихи метрологияның қалыптасуы, дамуы. Орта ғасырлық Батыс Европадағы практикалық метрология.

  4. Тарихи метрологияның ғылым ретінде дами бастауы. Батыс Европаның алғашқы өлшем бірліктері жүйесі.

Бекіту сұрақтары:

  1. Стенографияның негізінде неше принциптері бар

  2. Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін 11-15 ғ Ежелгі Русьте қандай материалды қолданды

  3. Қай ғасырда жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла бастады

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Соболева Н.А. Россииская геральдика. М, 1989

  2. Федоров-Давыдов. Монеты рассказывают. М,1963

  3. Шур Я. Когда? Рассказы о календаре. М, 1968

  4. ТихомировМ.Н. Русская палеография. М,1966

15 лекция Өлшем бірліктері



Сабақтың мақсаты: Ежелгі өлшем бірліктерімен, ақша өлшемдерімен танысу.

  1. Ежелгі Рим бірліктері. Мұсылман өлшем бірліктері.

  2. Ұзындық, биіктік, салмақ өлшемдері.

  3. Ақша өлшемдері. Өлшем бірліктерін жетілдіру шаралары.

Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.

Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйекті жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Өз осінің төңірегінде жер шарының айналуы жыл бойында бір қалыпты емес және оның элиптикалық күн маңы орбитадағы орнына байланысты болғандықтан, есептеп шығаруға қолайлы болу үшін өлшем бірлігіне әдетте орташа күн тәуліктерін, яғни идеальды дөңгелек орбитада біркелкі айналғанда ось төңірегіндегі айналымға Жердің жұмсай алатын уақыт кесіндісін алады. Тәулікті сағатқа, минут пен секундқа қазіргі бөлу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі вавилондық он-екілік жүйесінен алады.

Тәуліктер уақыттың біршама қысқа аралығы болып табылатындықтан, уақытты өлшеудің бірте-бірте неғұрлым ірі өлшемі ойластырылды. Алғашқы кездерде тәулік есебі саусақпен жүргізілді. Осының нәтижесінде уақытты өлшеудің он күндік (декада) және жиырма күндік өлшем бірліктері пайда болды. Астрономиялық құбылыстарға негізделген есептеу де орныға бастады. Уақытты өлшеу бірлігіне Айдың екі біркелкі фазасының аралығы алынды. Айсыз түндерден кейін жіңішке ай орағының пайда болуын байқау барлығынан оңай болғандықтан, осы сәт жаңа айдың басы делініп қабылданды. Осы уақыттың аяғында Күн мен Айдың жақындасуы болады деп саналды. Сондықтан да жаңа айдан жаңа айға дейінгі мерзім синодистік ай деп аталды («синодос» «жақындасу» деген грек сөзінен). Бұл ай шамамен 29 1/2 тәулікке; ал бұдан арғы нақтылау бойынша — 29 тәулік 12 сағат 44 минут 2,9 секундқа тең болды. Ал фазаларының өзгерісі айды шамамен төрт тең бөлікке бөлуге мүмкіндік берді: бұлардың басы айдың тууына, аспан әлемінде жарты айдың тууына сонан соң толық ай мен тағы да жарты дөнгелекке, бірақ енді қарама-қарсы жаққа қараған жарты дөңгелекке сай келетін еді.

Шаруашылық тіршіліктің, әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақтауы мен көктемгі және күзгі күн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажеттігін тудырды. Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша Күн қозғалысымен, ал іс жүзінде Күн төңірегіндегі Жер қозғалысымен маусымдардың байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Уақытты өлшеудің тағы да бір өлшем бірлігі Жердің Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономиялық жылдың ұзақтығы 365 1/4 тәулік, ал кейінірек нақтылағанда — 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.

Бекіту сұрақтары:

  1. «Күлтегін ескерт мен «Білге-Қаған» ескерт-ң текстерін жазған автор

  2. Түркі мемлекетті қанша уақыт өмір сурді

  3. Уақыт өлшемі туралы ғылым

  4. Уақыт есебінің жуйесі

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Пронштейн А.Л. Использование вспомогательных исторических дисциплин при работе над источниками .М, 1967

  2. ПронштейнА.Л. Методика исторических источниковедении. М,1967

  3. Проблемы антротопонимики. М, 1970


ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР ПРОЦЕСІНДЕ ПАЛЕОГРАФИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Графиканың даму заңдарын анықтай отырып, палеография ең алдымен қолжазбаны дұрыс оқуға және алғаш қарағанда оқуға қиын болып көрінетіндей жерлерді ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл үшін қолжазбаны оқығанда графика туралы жоғарыда келтірілген материалға сүйенген жөн. Сонымен бірге жеке палеографиялық белгілер мен олардың жиынтығы тек филологиялық қана емес, сонымен бірге тарихи көзқарас тұрғысынан да маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың бірі документтің шығу уақыты туралы мәселе болып табылады. Тарихшы үшін бұл өзінен өзі ғана маңызды емес, сондай-ақ бұл документте оқиғалар мезгілі белгіленгендіктен де маңызды бо­лып шығады.

Түп деректің пайда болған уақытын оның графикасы әрдайым онша дәл керсете бермейді. Бұл бұрын қолжазба пайда бола алмайтын межені анықтай алады. Синодаль харатейск тізімі бо­йынша Новгородтың, бірінші жылнамасының жазуын зерттеу негізінде Б.М.Ляпунов пен А. Н. Насонов оның бірінші бөлімі XIII ғасырда, ал екіншісі XIV ғасырдың бірінші жартысында жазылған деген қорытындыға келді.

Осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен пергаменттің жасалған уақытын анықтау қиын емес, өйткені әдетте, ол жатып қалмаған да, шығарылған бойда пайдаланылған, сондықтан осы жолмен де оның шыққан уакытын білуге болады.

Қағазда жазылған текстер судағы таңбалар бойынша неғүрлым дәл даталанады. Бұл үшін даталанбаған қолжазбалардың судағы таңбаларын уақыты дәл керсетілген жоғарыда аталған альбомдардың судағы таңбаларымен салыстыру керек. Осындай жолмен бізге дейін жеткен бірден-бір даталанбаған, филигрань сфералы 1447 жылғы Судебник тізімі ХV ғасырда XVI ғасыр басында жасалған қағазға жазылғандығы анықталып, отыр.

СССР Ғылым академиясы Тарих институтының Ленинград бөлімшесінің архивінде сақталып отырған 1550 жылғы Судебник
тізімі кеме мен сфераны сызық кесіп өткен бір ұшында лилия, ал
екінші ұшында жүрек бейнеленген филиграньға қарағанда XVI
ғасырдың 60-жылдарының қағазында жасалған. Мемлекеттік
тарихи музейдегі «Сказания о князьях владимирских» тізімі құмыра түріндегі судағы таңбасы бар қағазға жазылған. Бұл да
XVI ғасырға тән болып келеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Филиграньдардың көмегімен қолжазбаның бұрын пайда болуы мүмкін емес датасын анықтау онша қиынға түспейтінін ескеру керек. Бірақ әлденеше он жылдар бойы қолданылмай жатып қалған қағазға түсірілу мүмкіндігі жокқа шығарылмайды. Алайда зерттеушілер қағазды жасап шығару мен оны «іске жұмсаудың» арасындағы ең көп тараған интервалды табуға мүмкіндік алды. Осы мақсатты көздеп, филиграньдары бар қолжазбалардағы барлық даталар ескерілді. Қағаз құйылып шыққаннан кейін негізінен 2—5 жылда пайдаланылған болып шықты және кей жағдайда ғана 6 жылдан астам жатып қалғандары болған.

Автордың қолымен түгелдей жазылған және оның жеке өзінің түзетулері мен қосымшаларының ізі бар түп қолжазба сақталған жағдайларда ғана оның пайда болған жері мен авторының аты-жөнін анықтауға мүмкіндік болады. Ленинград Мемлекеттік көпшілік кітапханасында «Служебная чертежная книга» сақталған. Оның бас тақырыбында мұны XVII ғасырдың екінші жартысының әйгілі Сибирь картографы Семен Ремезов пен оның ұлдары жасағандығы керсетілген. Кітапта орналастырылған чертеждер және оның үстіндегі жазулар үш түрлі болып келеді. А.И.Андреев бұлар Семен Ремезовтың өзі мен оның ұлдарының үлкендері Леонтий мен Семенге тиісті екендігін анықтаған.

Қол жазуына қарай қолжазбалардың кімдікі екендігін анықтай отырып, өте сақ болу қажет. Документті басқа бір кісі сақталмаған түп нұсқадан көшіруі немесе айтып жаздыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда авторын анықтау үшін қол жазу түкке тұрмай қалады. Түп нұсқа сақталғанмен қол жазу әр түрлі бо­лып шығатын жайттар да кездеседі. Мұнда текстің мазмұны мен тарихына сүйене отырып, ненің авторға, ненің канцелярист көшірмеге тиісті екендігін анықтаған жөн.

1666—1667 жылдарға қатысты Посольдық приказ қағаздарының арасында «Извещение истинное с началу войны о Киеве с Украиной и царства Московского с королевством Польским миру быти крепко» деген документ бар. Мұның авторы аталмаған. Бірақ барлық сақталған төрт тізімді зерттегенде бұларда негізгі тексті бір қол жазумен, ал барлық түзетулер мен қосымшалар басқа бір адамның қол жазуымен жасалғандығы анықталды. Бірінші қол жазу аркылы бір тізімнен екінші тізімге екінші бір адам жасаған барлық түзетулер қалай болса солай көшірілгендіктен, әрі бұл түзетулер мен қосымшалар елеулі болғандықтан, ғалымдар документтің шын авторы—көшіріліп жазылған канцеляр тексті алған және тізімнен тізімге үнемі түзету енгізіп отырған адам деп саналуы жөн деген қорытындыға келді. Бұл қол жазу Ордин-Нащекинге тиісті еді. Оны осы документтің авторы деп есептеу керек болды.

Палеографиялық деректер тарихи материалдардың арасында жиі кездесетін подделкаларды табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен зерттеуші, ең алдымен документтің қандай материалға және немен жазылғанын зерттеуге тиіс. Егер де қолжазба төл тума саналса, бірақ бұл әлі қолданыла қоймаған материалда (пергамент, қағаз) немесе филиграньдеріне қарағанда қолжазба даталанған уақыттан гөрі кейінірек пайда болған қағазда жазылған болса, мұны подлог (жалған) деп санаған жөн.

ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген, қолжазбалардың әйгілі фальсификаторы антиквар А.И.Бардин XIV ғасырдың аяғында жасалды мыс делінген документтер подделкасын пергаментте жасап шығарды. Осы іспетті шынайы қолжазбалар мөлдірлеу келген, әр жері шіріп кеткен және тесіктері бар қоңырқай сарғыштау болып келеді. Қолында осындай материалы болмағандықтан Бардин неғұрлым кейініректегі пергаментті өңдеу жолымен, ескірген түрге келтіреді. Сөйтіп, бұл негізінен оның қолынан келгенімен түптерінде қалайда өңделмеген жерлер қалып койған, осыған қарап оның подделка екендігі аныкталды.

Алайда подделка үшін жасалу уақытына сай материал тауып алынуы мүмкін. Онда подделканы табу үшін документ графикасы көмектеседі. Қандай да болсын фальсификатордың жұмысында ең алдымен графика туралы оның үғымы өзі өмір сүріп отырған уақытқа сай келуі себебінен онда қателіктер болады. Оның үстіне палеография саласындағы оның танымы әдетте шектеулі болып келеді. Көбіне фальсификаторлар өздерінің подделкаларын жатқызатын заманның жазуының сипаты туралы жалпы түсініктің ғана болуы жеткілікті деп санайды. Тіпті бұлардың арасындағы ең маманданғаны жоғарыда көрсетілген А.И.Бардин XI—XIV ғасырлар қолжазбаларын өңін айналдыра отырып, ол кезде устав жазуы қолданылғандығын жалпы түрде ғана білді. Бірақ оған, палсографтар XIX ғасырдың екінші жартысында ғана анықтаған бұл жазудың кезеңдеріне қарай айырмашылығы бар екендігі мәлім емес еді. Ол XIV ғасырдың аяғында жартылай уставтың пайда болғандығын да білмеді. Ал кейбір жағдайларда XIV ғасырдан да ертедегі колжазбаға ол, кейініректе анықталғанындай, жедел жазуға ғана тән сызықтарды пайдаланды.

Шынайы қолжазбаны өшіріп қыру жолымен жасалған басқа да подделкалар мәлім. Бұлар қолжазба жазылған фактураның өзін мұқият зерттеудің негізінде анықталады. XIX ғасырдын өзінде-ақ мұндай жұмыс өзінің жемісін берді. Бірақ криминалистік ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, қазіргі ғалымдар едәуір алға кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет