«Қосалқы тарихи пәндер» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В011400 тарих мамандығына арналған Семей-2014



бет3/6
Дата26.01.2018
өлшемі1,82 Mb.
#34016
1   2   3   4   5   6

Бекіту сұрақтары:

  1. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі

  2. Түркі жазуының ерекшелігі

  3. Түркі халқының көне дәуіріндегі мәдени тарихының жемісі

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Беклемишев А.В. Меры и единицы физических величин. М, 1954

  2. Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974

  3. Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990

5 лекция. Эпиграфика.



Сабақтың мақсаты: Эпиграфика ұғымы, дамуы, негізгі мақсаттары мен міндеттерін танып білу. Басқа ғылымдармен байланысы. Эпиграфикалық ескерткіштердің жазу тарихындағы маңызымен танысу.


  1. Эпиграфика ұғымы, дамуы, негізгі мақсаттары мен міндеттері. Басқа ғылымдармен байланысы. Эпиграфикалық ескерткіштердің жазу тарихындағы маңызы.

  2. Эпиграфикалық ескерткіштер тарихы

  3. Қазақсатандағы ежелгі заманның эпиграфикалық ескерткіштері

  4. Петроглифтердегі антроморфтық бейнелер.

  5. Орта ғасыр петроглифтері, таңбалы тастар. Ғалымдардың зерттеулері. Қазақстан территориясындағы архитектуралық ғимараттар мен күмбездегі таңбалр, ою-өрнек, жазулар.

  6. Эпиграфикалық ескерткіштердің маңызы. Барельефтер мен ескерткіш тақталар.

Археологиялық ескерткіштерден сақ тайпаларының обалары мен қоныстары белгілі. Обалардың сыртқы көріністері әр облыста әрқалай болған. Мәселен, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда сақ тайпаларының обалары өте биік, аумағы кең болып келеді. Ең биік обалар 20-30 м., аумағы 60-90 м., кейде 120 метрге дейін жетеді. Ондай обалар Іле өзенінің аңғарларында кездеседі. Археология ғылымында ондай обалар «патша» обалары деп аталады. Обаларды тарих ғылымдарының докторы, археолог К. Ақышев зерттеген. Сақ ескерткіштерінің ең атақтысы – Есік обасы. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында 1969-1970 жылдары табылған. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабір – орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабір тоналған, ал бүйірдегісі аман қалған. Бұл қабірге басын батысқа беріп, шалқасынан жатқан 17-18 жастағы сақ жауынгері жерленген. Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік (65-70 см) тымақ киген. Мәдениеттің бірі саналатын - әйгілі үлкен күміс табақтағы 26 таңбадан тұратын екі жол жазу. Бұл ғылымда «Есік жазуы» деген атпен белгілі болды. Таңбалы жазудың құпиясы ғылымға әлі де белгісіз. Орталық Қазақстандағы Тасмола деген жердің атына байланысты – Тасмола мәдениеті аталған ескерткіш табылды. Бұл ескерткіштің өзіне тән ерекшелігі – «мұртты обалар». Мұртты обалар деп басты адам жерленген обаның екі жағынан адамның «мұрты» тәрізді ұзындығы 60-70 м. тастан қоршаулар жасалған. «Мұрттың» біткен жеріне екі жағынан да, орталық қорғаннан онша үлкен емес кішілеу екі оба тұрғызылған. Оларға жүргізілген қазба жұмысына қарағанда, адам жерленбеген, жылқының сүйектері және көзелер табылған. Ғалым археолог М.К. Қадырбаевтың зерттеуі бойынша, Тасмола мәдениетінің ескерткіштері және «мұртты» обалар темір ғасырының ҮІІ-ІІІ ғғ. жатады.Сақтар «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін, жабайы хайуандар мен табиғаткүштерін «кие» табынатын діни ұғымдарды білдіретін суреттер салған. Бұл бейнелеу шығармалары шартты түрде «аң стилі» деп аталды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды, хайуандарды және аңыздардағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Б.з.б ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырап, аң стилі ою-өрнекке айналды. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылған полихромдық деп аталатын стиль келді. Тері, киіз, ағаш, жүн маталары тез шіритіндіктен болғандықтан бұл өнер мұралары көп сақталмаған.Қазақстан аумағындағы жаппай таралған петроглифтер – жартастағы суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылды. Әдетте, олар күнге күйіп, бетін қоңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен қашап салған

Шығыс славяндарда жазу-сызудың тууы таптық қоғамның қалыптасу кезеңіне жатады. Әуел баста қарапайым бейнелер мен ұғымдарды білдіру үшін пиктографиялық таңбалар-символдар, соның ішінде көптеген халықтарда: күнді-шеңбермен, отты-крестпен, суды-ирек сызықпен таңбалау т.б. кеңінен таралды.

Суретпен таңбаланатын бірте-бірте жазу-сызу орнына буындық жазу, ал содан соң дыбыстық (фонетикалық) жазу келеді.

Бізге дейін келіп жеткен жазу-сызудың ежелгі ескерткіштерінің саны аз болғандықтан, шыңыс славяндарда фонетикалық жазудың пайда болу тарихы әлі де болса жеткілікті анықталмаған. Алайда бұның христиан дінін қабылдаудан бұрын-ақ қалыптасқандығы және елдің қоғамдық-саяси дамуының қажеттерінен туғандығы анықталды. Сол кездің өзінде-ақ, Қара теңіз маңы мен шығыс славян халықтарының жазу-сызу дәстүрлерінің негізінде, жазу-сызудың ең ежелгі таңбалары- «сызықша» мен «кесінді» таібаларын жетілдіре түсуі жолымен ежелгі славян әліппесі пайда болды. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл глаголица еді. Бұл бірте-бірте неғұрлым жетілдірілген-кириллицамен алмастырылды. Мұны жасауда Византия миссионерлері Кирилл мен Мефодийдің сіңірген еңбегі аз болмады. Екінші бір зерттеушілер кириллицалардың анағұрлым ертеде шыққандығын мойындайды, ал глаголицаның пайда болуы кейініректегі уақытқа жатқызылады да, мұны шығыс славяндар үшін өздері әліппе ойлап тапқаннан кейін Кирилл мен Мефодийге қудалау жасалғандығымен байланыстырады.

Д.С.Лихачевтің пікірі бойынша шығыс славяндарда христиан діні қабылданғанға дейін бірнеше алфавиттер болған да, тек бұлардың біреуі-кириллица ғана бірте-бірте орныққан. Жазудың бұл жүйесін жетілдірген Кирилл: Бұл жайында Л.В.Черепниннің Москвада 1956 ж. шыққан «Русская палеография» деген кітабының 75-111-беттерінде «Славян жазу-сызуының шығуы тыралы» деген тарауында толық айтылады.

ХІІ ғасырда жалпы құрып кеткен глаголдік жазу ескерткіштері негізінен алғанда Х-ХІ ғасырларда аздап сақталған. Тарихшылар іс жүзінде бұларды еш жерден таба алмайды деуге болады.

Қазіргі орыс алфавитінің негізіне қарапайымырақ кириллица алынған. Әуел баста бұл 43 таңбадан тұрған. Біздің бұдан әрі көрсететініміздей, кирилл әліппесінің көп бөлігі біздің заманымызға дейін ежелгі дыбысталуы мен жазылуын сақтап қалған. Текст тұтас жол бойына, әріпке әріп қосылып жазылды. Бірак кейбір жағдайларда қағазды үнемдеу үшін әріптерді, негізінен алғанда дауысты әріптерді немесе сөздерді жол үстіне шығаруға немесе жиі қолданылатын сөздер-дің жеке әріптері мен буындарын тастап кетуге жол берілді. Мүндай жағдайларда қысқартылған сөз үстіне сызық және жартылай дөңгелек түрінде ерекше таңба — титло қойылды.

XVI ғасырдан бастап-ақ және одан соңғы жерде әріптерді біріктіріп жазу соның ішінде жолдағы әріптерді жол үстіндегі таңбамен қосу (шалып алу) барған сайын айқынырақ байқалады, көбіне титлосыз және қысқартуларсыз жазылатын анық әріптер саны көбейе түседі.

Көрсетілген белгілердің дамуы песірлердің жеке ерекшеліктеріне жол ашып, XVII ғасырда жедел жазудың оқылуын қиындата түсті: Сондықтан да бұл кездегі жеке әріптердің жазылу ерекшеліктерін мұқият зерттеу қажет болады. Бұлардың сипаттамасы: М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет) оқу құралында берілген. Осында XVI—XVII ғасырлар жедел жазуына тән болып келетін әріпті жол үстіне шығару мен қосып жазу тәсілдері келтірілген.

1710 жылы азаматтық шрифтерді енгізу орыс жедел жазуын дамытуда жаңа кезеңнің негізін қалады, бұның өзі осы заманғы жазуға барған сайын жақындай түсті. Бұл жазуға тән белгілер жеке әріптердің жазылуын унификациялап, оңайлату, қысқарту, ал XVIII ғасырдың аяғынан бастап, шалып жазыла­тын әріптердің жойылуы сөздерді байланыстырып жазу, тексті қатаң ереже бойынша, сөздер мен сөз тіркестеріне бөлу және бас әріптерді қолдану (XVIII—XIX ғасырлардағы жедел жазу графикасы қосымшаның 5-таблицасында келтірілген.)

Ұлы Октябрь социалистік революциясы орыс графикасын да­мытуда жаңа кезең ашты. Қалың халық бұқарасының сауат ашу­ға тілек-талабына жауап бере отырып Совет үкіметі, 1918 жылдың өзінде-ақ, орыс жазу ережесінің кең реформасын жүргізді. Алфавиттен көптен бері-ақ дербес маңызынан айрылған і, ь, о (фита), v (ижица) әріптері алынып тасталды. Бірқатар әріптердің жазылуында күш пен уақытты үнемдеу мақсаты байқалды. Бұл әріптерді қолбыратқан және олардыц оқылуын қиындатқан барлық артық элементтерді жоюдан көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген тенденциялардың бәрі осы заманғы жедел жазуда онан әрі дамытыла түсті. Егер де бұл кезеңде гра­фика оңайлай түссе, оның есесіне қол жазуының жеке түрлері саналуан да күрделі бола түседі. Мұның үстіне тексті бейнелеудің жаңа тәсілдері стенография, машинаға басу түрлері пайда болды. Бұлар негізделген принциптерді оқып үйрену біздің ғылыми пәніміздің міндетіне кіреді.

Россияда стенографиялық жазбалар жүргізудің алғашқы әрекеттері XVIII ғасырдың аяғында-ақ жасалды. Сөздерді, баяндамаларды т. б. дәл жазып алуға қажеттіктің өсуімен байланысты капитализм заманында стенография кең өріс алды. Қазіргі кезде 120-ға таяу стенографиялық жүйе бар. Бұлардың негізінде екі принцип: 1) талшық сызықтардың көмегімен қосылатын кәдуілгі жазу элементтерінен тұратын сопақша болып келіп, оның бөліктері тік сызықпен ұштасқан курсивтік (графикалық) және 2) геометриялық фигуралардан тұратын (дөңгелек пен оның бөліктерінің әр түрлі көлбеулердің тікшесімен қосылуы) және қосқыш талшық сызықтары жоқ геометриялық принциптен тұрады. Сте­нография сиетемасымен танысу үшін мына кітап ең жақсы құрал болып саналады: Н. Н. Соколов. Теоретические основы, государ­ственной единой системы стенографии. М., 1949.

Стенографиялық жазба ажыратылып оқылғаннан кейін және тексті автор түзеткеннен кейін дұрыс деп табылады. Стеногра­фия мен оны ажырату методтары туралы мына кітапта толық айтылады: С. А. Рейсер. Палеография и текстология нового вре­мени. М., 1970, 43—54-беттер.

Алғашқы жазу машиналары Россияда XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды, бірақ ол кезде кеңінен тарамаған еді. Іс жүзінде, олар XX ғасырдың басынан қолданыла бастады.

Жазу машиналарында басылған текстерді зерттей отырып, мұны автордың өзі жазған ба немесе машинистка жазған ба, осыны алдын ала анықтау қажет. Егер автордың түзетулері болса онда бұларды оның қашан жасағанын анықтау қажет. Автор түзетіп, қол қойған, машинкаға басылған текст автограф болып саналады. Бұл арада әр түрлі машинкаларда басылған айнымаған бірдей екі текстің болмайтындығын еске алған жөн. Осыдан келіп тексті жасаған орын мен уақытты, автордың аты-жөнін, басқа мәселелерді де анықтап алу үшін кең мүмкіндіктер ашылады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Григориан күнтізбесін 1582 ж қай елде пайда болды

  2. Біздің ата бабаларымыз араб жазуын қанша уақыт қолданған

  3. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. С. А. Рейсер.. Палеография и текстология нового времени. М., 1970, 39—43-Сеттер.

  2. М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет)

  3. Н. Н. Соколов. Теоретические основы, государ­ственной единой системы стенографии. М., 1949.

  4. С. А. Рейсер. Палеография и текстология нового вре­мени. М., 1970, 43—54-беттер.

6 лекция. Хронология. Хронологияның қалыптасып, дамуы



Сабақтың мақсаты: Хронология пәні мақсаты мен қазақша жыл қайыру ерекшеліктері мен орыс хронологиясымен танысу.

  1. Хронология пәні мақсаты. Математикалық және техникалық хронология.

  2. Уақыт есебінің шығуы және астрономия ғылымының дамуымен байланысы.

  3. Уақыт өлшемінің негізгі бірліктері. Ертедегі сағат түрлері.

  4. Хронологияның ғылым ретінде қалыптасуы Хронологияның басқа тарихи арнаулы пәндермен байланысы.

  5. Қазақсша жыл қайыру ерекшеліктері. Орыс хронологиясы.

Хронология уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «xpovos» — «уақыт» және «лоvоs» — «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалық (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.

Тарихи хронология өз алдына екі міндетті теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.

"Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да болсын кесегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардық жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.

Уақыт есебі туралы мәселені бір мемлекет шеңберінде қарастыруға әрекеттену, әдетте, елеулі қиыншылықтарға кездестіретінін ескерген жөн. Халықтардың көп ғасырлық қатар өмір сүруі, экономикалық, саяси және мәдени байланыстар каленьдарлық жүйеде көптеген элементтердің араласып, өзара алмасуына алып келді. Бұның үстіне көп ұлтты мемлекеттерде уақыт есебі әр ұлттарда әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, біздің елімізде халық-тардың бірінің календарьлық жүйесі уақыттың Күн есебі дейтінмен жүргізілсе, ал екінші біреулері уақыт есебін Айға қарап жүргізді. Екі тәсіл де алғашқы ежелгі шығыс календарьларынан шыққан. Сондықтан да СССР тарихшысы бүкіл дүние жүзі халықтарының уақыт есебінің пайда болып, даму процесімен және ең ежелгі заманнан бастап осы уақытқа дейінгі календарьлардың негізгі жүйелерімен таныс болуға тиіс.

Уақыт ішінде белгілі бір жүйелілікпен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниенің сонау алғашқы тарихшылары да білген. Осы принциптің өзі орта ғасырлар тарихи шығармалары орыс жылнамалары мен Батыс Европа мемлекеттері хроникаларының негізіне алынды. Хронология проблемалары бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да ерте пайда болды. Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты бірқатар мәселелерді шешудің қажеттілігінен ежелгі Русьте, XII ғасырдың өзінде-ақ, хронологиялық мәселелерге арналған новгородтық Кириктің еңбегі шықты

Бұдан былай да Орыс мемлекеттерінде православие шіркеуінің қажеті үшін календарьлық анықтағыштарды шығару жұмыстары талай рет жүргізілді. Бұл жұмыстар, әсіресе XV ғасырдың аяғынан бастап белсенді түрде жүргізіле басталды, өйткені «дүниенің жаралуынан» (бұдан былай «СМ» (сотворения мира) деп алынады) бастап есептелген жыл санауда жетінші мыңдық бітті (1492+5508), пасхалийді келесі мың жылдыққа құрастыру қажеттігі туды.

XVIXVII ғасырларда хронология мәселелеріне ынта қою Россияда кейбір практикалық қажеттіктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пән ретінде XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Россияда хронологияға ғылыми тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызды кезең XX ғасырдың басына жатады. Ол (юлиан календары реформасын әзірлеуге байланысты болды.Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан, ең алдымен Н.В. Степанов пен Д.О. Святскийдің еңбектерін атауға болады.

Алайда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін хронология ғылым ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді.Құнды бақылаулармен және қорытындылармен қатар көптеген еңбектерде хронологиялық ұғымдарды шатастырулар, оқиғаларға дата қоюда қателер жиі ұшырайды. Бұл ғылыми пән бойынша жинақталған еңбектер болмады.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін хронология қосалқы тарихи пән болып түпкілікті қалыптасты. 20-жылдары мұнымен А.М. Большаков, И.Ф. Полак, Г.П. Саар, С.Н. Быков­ский, ал 30-жылдары В.А. Россовская, В.К. Никольский және басқалар шұғылданады. 1939 жылы (қолжазба күйінде) хроно­логия жөнінде Н.В. Устюговтың лекциялар курсы, ал 1944 жы­лы Л.В. Черепиннің оқу құралы пайда болды.

Ұлы Отан соғысынан кейін тарихи ғылымның жалпы өрлеуімен байланысты хронологияға, оның ішінен тарихи хронологияғa ынта қою едәуір өсті. Жалпы хронология жөнінде С.И. Селешниковтың, жылнама жөнінде Н.Г. Бережковтың, А.Г. Кузьминнің еңбектері, сондай-ақ мұсылман, түрік-монғол және жыл санаудың басқа да жүйелері бойынша бірқатар жұмыстар жарияланды. 1967 жылы университеттердің студенттеріне арналған хронология жөніндегі Е.И. Каменцеваның оқу құралы басылып шықты.

Птоломейдің еңбегі. Э.Бикерманың хронологияға қосқан үлесі. Бируни, Баласағұн, қашқари еңбектеріндегі астрономиялық мағлұматтар. Ұлықбектің «Астрономиялық жаңа кестесі».



Бекіту сұрақтары:

  1. Уақыт есебінің жуйесі

  2. Жаз, яғни көне Русьтегі мезгіл ауысымының толық айналымы неге тең

  3. Қозғалмайтын жұлдыздарға қатысты аспандағы күннің көрінетін бір айналымына тең, ол 365,2564 күн тәулігіне тең

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қайдаров Э. Түркітануға кіріспе. А, 1992

  2. Каменцева Е.И. Русская сфрагистика и геральдикаМ, 1974

  3. Монтьева Г.А, Кобрин В.В. Ключи к тайнам. М, 1992

7 лекция. Календарь тарихы



Сабақтың мақсаты: Күнтізбе түрлері, оның қолданылуымен танысу Ежелгі шығыс елдерінің күнтізбесімен танысу.

  1. Күнтізбе түрлері, қолданылуы. Табиғи күнтізбелер.

  2. Ежелгі Египет, үнді. Вьетнам, грек, рим күнтізбелері.

  3. Славян халықтарының күнтізбелері. Жойылып кеткен күнтізбелер.

  4. Юлиан және григориан күнтізбелері.

  5. Қазақ күнтізбесі. Сағаттық белдеулер. Уақыт түрлері.



Уақыт санаудың табиғат берген есептеу бірліктері тәуліктер, ай және жыл ең ежелгі календарьлардың негізіне алынды.

«Календарь» сөзі латынша calendae, яғни «әр айдың бірінші күні» деген сөзден шыққан, бірақ табиғаттың кезеңді құбылыстарына негізделген уақыт санау жүйесінің өзі едәуір ертеде шыққан.

Календарьды алғашқы құрастырушылар үлкен қиыншылықтарға ұшырады, өйткені жоғарыда аталған уақытты есептеу бірліктері өлшем болып шықпады. Синодистік айдың тәулік саны бірдей болмады, ал астрономиялық жылды ай мен тәуліктің бірдей санына бөлуге болмады. Бұл жағдай адамдарды берілген бірліктердің келісілген деректерін іздеуге мәжбүр етті, бұл бірнеше календарьлық жүйені тудырды. Бұлардың ең көп тарағандары айлық жүйе, мұнда тәуліктер аймен үйлестірілді, айлық-күндік, мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестірілді және күндік, мұнда жыл мен тәулік үйлестірілетін еді.

Айлық календарьлар біздің эрамызға дейінгі үшінші мың жылдықтың ортасында ежелгі Вавилонда пайда болды. Бұларды ертедегі еврейлер, қытайлар, гректер, римдіктер пайдаланды. Қазіргі уақытта ай календары Шығыс елдерінде Түркияда, Ауғанстанда, Пакистанда т.б. таралған.

Айлық календарь бойынша жаңа айдан бастап әрбір ай ауыспалы түрде 29 және 30 тәулікке созылады. 12 ай айлық жылды құрайды, бұл 354 тәулікке тең болады. Іс жүзіндегі тәуліктер календарьлықтан біраз көп болғандықтан, синодистік ай да календарьлық айдан біраз (44 минут 2,9 секундқа) артық еді. Бұл қайсыбір жылдар саны өткеннен кейін календарьлық жылға бір жыл қосуды керек етті.

Айлық календарьдың жылына қосымша күн енгізудің екі системасы.бар. Бұлардың бірі бойынша сегіз жылдық кезең алынған, осы уақыт ішінде астрономиялық ай жылдары жай ай жылдарынан үш тәулікке жуық озып кетеді. Сондықтан да айлық календарьлық жыл санауды айлық астрономиялық жыл санаумен теңестіру үшін 8 жылда 3 қосымша күн қосылып отырды. Екінші система бұдан неғұрлым дәлірек еді. Бұл 30 жай айлық жыл 30 астрономиялық жылдан 11 тәулік озып кететіндігіне негізделген. Осы 11 тәулік әр 30 жылда қосылып отырды.

Айлық календарь бойынша жыл 354 (кейде 355) күн болғандықтан, оның басталуы күндік календарь жылынан әр жолы 11 тәулікке озып отырды. Демек, жылдың басы мен оның бөліктері маусыммен үйлеспеді, бір маусымнан екіншісіне үнемі., алмасып отырды. Мұндай календарь бойынша ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің болжауын жасау іс жүзінде мүмкін емес еді. Сондықтан да айлық календарь егіншілікке көшкен халықтар үшін қолайсыз болып шықты, сөйтіп олардың айлық-күндік календарьға бірте-бірте көшуі тегін емес еді. Мұсылман халықтарында ғана (діни пайымдау бойынша) айлық календарь осы уақытқа дейін сақталып келеді.

Ай фазасының ауысуын Күннің жылдық қозғалысымен үйлестіруге ұмтылу айлық-күндік календарьдың пайда болуынан көрінді, осы мақсатпен қосымша ай оқтын-оқтын енгізіліп отырды. Қосымша айы бар осындай календарь тұңғыш рет Қытайда біздің эрамызға дейінгі үш мың жыл ішінде жасалды, содан соң бұған байланыссыз Хаммурапи патшаның бұйрығы бойынша біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырда Вавилонда енгізілді.

Мың жыл өткеннен кейін бұл Ассирияда содан кейін Иудейде, Ежелгі Римде және ежелгі Грецияда таратылды. Әрбір 8 жыл сайын ежелгі Грецияда біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда үш қосымша ай енгізудің қатаң тәртібі орнатылды, ал 100 жылдан кейін ежелгі грек философы Метон неғұрлым дәл 19 жылдық циклды анықтады, осының ішінде он үшінші ай 7 рет енгізілуге тиіс болды. Қазіргі кезде айлық-күндік календарь еврей діни мерекелерін есептеу үшін ғана қолданылады.

Айлық календарь пайда болудан бұрын-ақ шамамен біздің эрамызға дейінгі төрт мыңжылдың ар жағында ежелгі Египетте күн календары пайда болды. Ол барлық календарьдан қолайлырақ болып шықты да, дүние жүзінің көп елдеріне бірте - бірте тарады. Күн календары Күннің көрінетін жылдық қозғалысына негізделген. Египетте жыл 365 күн тәулігінен тұрды, ал астроно­миялық жылда 365 күн 5 сағат 48 минут және 46 секунд болғандықтан, календарьлық жыл таза тропикалық жылдан шамамен -------- тәулік озып отырды.

Ежелгі Египеттің өзінде-ақ жылды 30 күннен 12 айға тең бөлетін еді. Бұл 360 күн құрады. Мұндай жылды астрономиялық жылмен теңестіру үшін біраз уақыттан кейін соңғы айға Египет даналарына арнап тағы да 5 күннен қосып отырды. Мұндай календарьлық жыл тропикалық жылдың ұзақтығына өте жақын болып шықты. Бұларды АРЕ христиандары, коптылар мен эфиоптар әлі күнге дейін қолданады. Айларға бөлінумен қатар әрбір жыл үш маусымға бөлінді. Бұлардың басталуы Нилдің тасуы, егін себу мен жинау арқылы анықталды. Өз кезегінде әрбір ай 10 күндік үш үлкен аптадан, немесе 5 күндік 6 шағын аптадан тұрды.

Юлий Цезарь тұсындағы календарь реформасы. Римде ежелгі заманда айлық календарьлар қолданылды. Ол бойынша жыл 1 марттан басталды да 12 айға бөлінген 155 күннен тұрды. Мұндай клендарьды маусым алмасуымен үйлестіруге болмағандықтан б.э.д. VII ғасырда 22 күннен тұратын қосымша ай енгізілді, бұл календарьға 2 жылда бір рет қосылатын еді.

Жаңа календарьда 365 тәуліктен тұратын жылдың египеттік ұзақтығы қабылданды.Тәулікті ең қысқа ай – февральға қоса бастайды.Бұл ой жорасы бойынша оларды февральдың ақырғы күні жайдан-жай қоса қоюға болмады, осы айдың қатардағы күндерінің арасына апарып «жасыратын» болды. Февральда екі жиырма төртінші сан осылай шықты. Ал ішіндегі тәуліктердің есебін римдіктер кері тәртіпте жүргізді, яғни белгілі бір моментке дейін қанша күн қалғандығын есептеді. Мұндай моменттер: әр айдың бірі (календы), 30 күндік айдың бесі немесе 31 күндік айдың жетісі (ноны), қысқа айдың он үші немесе ұзын айдың он бесі (-----) болып саналады. 24 февраль март айының біріне дейінгі (календыға дейін) алтыншы күн болғандықтан, қосымша күн (екінші 24), екінші алтыншы күн деп аталды («биссекстус»), осыдан барып орыстың «високосный» деген сөзі шығады.

Созиген реформасы бойынша жылдың басы 1 январьға көшірілді, өйткені осы күннен бастап жаңадан сайланған Рим консулдары мен басқа да магистраттар өзінің міндеттеріне кіріседі. Осыған байланысты айлардың бұрынғы рет санының енді орны ауысты (мәселен, сегізінші октябрь оныншы болды). Басқа «айларға жаңа аттар берілді: төртеуі құдайлардың құрметіне Янус, Марс, Майи, Юнон деп аталды, квинтилис Юлий Цезарьдың құрметіне июль болып аталды, ал біраз кейініректе секстилис император Августың құрметіне — Август деп аталды. Сонымен бір мезетте жеке айлардың ұзақтығы біраз өзгерді және календарь бізге жақсы мәлім түрге келді, өйткені оның сырттай қарағанда қазіргіден ешқандай айырмашылығы жоқ еді.

Осы уақыттан бастап юлиан календары деп атала бастаған календарь Римде біздің эрамызға дейінгі 46 жылы 1 январьда енгізілді. Бұл күндік жылмен сәйкес болуы үшін өткен жылға екі қосымша ай енгізілді. Тарихта бұл жыл шатасқан немесе конфузды жыл деп аталды.

Біздің эрамыздың 325 жылы Никей әлемдік соборы бүкіл христиан дүниесі үшін юлиан календарын қабылдады, бұдан кейін ол Европаның көп елдеріне бірте-бірте тарады.



Календарьлардың түпкі нүктелері. Бірыңғай календарьлар мен қатар халықтар жыл санағын жүргізуге болатындай ортақ түпкі нүктені керек етті. Ежелгі Римде мұны эра деп атады.

Жылдарды санау үшін бірыңғай түпкі нүктенің қажеттігі туралы түсінік бірден тұжырымдалған жоқ. Цивилизацияның бастапқы кезінде және одан соң көптеген ғасырлар бойында әр халықта, әдетте уақыт санаудың өзінің түпкі нүктелері болды. Бұлардың қайсыбірі билеушінің таққа отыруынан жыл санауды бастады. Мәселен, Вавилондықтарда Набонассардың таққа отыруы біздің эрамызға дейін 747 жылы, ал Үндістанда Ұлы монғолдар династиясынан Акбар патшаның таққа отыруы (біздің эрамыздың 1550 жылы) уақытты санаудың түпкі нүктесіне алынды. Екінші бір жағдайларда эраның басталуы қайсыбір елеулі тарихи оқиғалармен байланыстырылды. Ежелгі Грецияда жыл санау алғашқы олимпиададан (біздің эрамызға дейінгі 776 жылы), ежелгі Римде — осы қаланың негізі қалануынан (біздің эраға дейінгі 753 жылы), ал араб елдерінде хиджрадан яғни Мұхамедтің Меккадан Мединаға қашуынан (біздің эрамыздың 622 жылы) бастап жүргізілді.

Ежелгі заманда «дүниенің жаралуынан» бастап эра сана өте көп тараған: Византия православиясы біздің эрамызға дейінгі 5508 жылды, католик діні біздің эрамызға дейінгі 4004 жылды, иудей діні біздің эрамызға дейінгі 3761 жылды санады. Тарих не бары екі жүздей эраны біледі.

Қай эра болсын шартты маңызы болатындығын ескерген жөн. Алайда жыл санаудың дәлдігі мен жүйелілігі бұдан бұзылмайды. Тек түрлі эралардың өзара байланысын біліп, тарихи оқиғаларды оқып үйренгенде оны еске алудың маңызы зор.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «Христың туғанынан» бастаған халықаралық эра (бұдан әрі «рождества Христова» - «РХ») Рим монахы Дионисий Малыйдың ұсынысы бойынша VІ ғасырда енгізілген. Оның тұсында жылдарды санау «Диоклетиан эрасы» бойынша жүргізілді. Бірақ христиандар оны өзінің аса жауыз дұшпаны деп санады. Сондықтан да Дионисийге христиан мерекелерінің жаңа есебін құрауды тапсырғанда ол бұлардың есебін басқа эра «РХ»-дан бастап жүргізуді ұсынады.

Бұл дата белгісіз болғандықтан, Дионисий оны схоластикалық пайымдаулар жолымен «шығарады». Ол әрбір 28 жыл сайын ай күндері сол бір апта күндеріне келетінін білді. Бұл Күн шеңбері деп аталды. Оған Ай шеңбері де мәлім еді, яғни осындай 19 жылдық кезең болатын, соның ішінде Айдың біркелкі фазалары айдың белгілі бір күніне келетін-ді. Бұл сандарды біріне-бірін (28 х 19) көбейткенде шіркеу мерекелері оның ұзына бойында (532) сол бір күндерге сай келетін болып шықты.

Сөйтіп жаңа пасхалия «Диоклетиан эрасының» 248 жылынан басталуға тиіс болды, ал Дионисийдің пікірі бойынша Христың туған күні бұған дейінгі 532 жылдың ар жағында яғни «Диоклетиан эрасы» басталғанға дейінгі 284 жылдың ар жағында ғана бола алатын еді. «Дионисий эрасы» (Мұны әдетте жаңа эра—б.э. деп атайды.) басқа эралар сияқты шартты болғанымен шіркеу мерекелерін есептеу үшін өте қолайлы болып шықты, ол бүкіл христиан дүниесінде, ал содан кейін жер шарының көп елдерінде бірте-бірте таралды.

Григориан календарының жасалуы мен оның таралуы. Юлиан календары сол замандағы календарьлармен салыстырғанда едәуір дәлірек болды, бірақ қалайда оның жылы астрономиялық жылмен үйлеспеді, одан 11 минут 14 секунд ұзақ болды. Алғаш қарағанда байқалмайтын бұл алшақтық 128 жылда Юлиан жы- лының шынайы жылдан бір тәулікке, ал XVI ғасырдың аяғына қарай тіпті 10 тәулікке артта қалуына әкеліп соқты.

Шіркеу салты бойынша пасха, мерекесі күннің теңелуінен кейін алғашқы көктемгі ай толысуының іле-шала алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін болды. Ал Никей соборы кезінде көктемгі күн теңесуі 21 мартқа тура келгендіктен, собор пасханы тек осы сәттен ғана атап өтуді белгіледі. XVI ғасырда шынайы күн теңесуі енді 11 мартта болғанымен, шіркеушілерге пасханы юлиан календары бойынша 21 марттан кейін мерекелеуден, яғни оны жазға жақын көшіруден басқа ештеңе қалмады.

Юлиан календарының дәл еместігі оны қабылдағаннан кейін бірнеше жүз жылдан соң барып байқалды. XIV ғасырдан бастап оны жетілдіруге әрекет жасалып бақты, бірақ 1582 жылы ғaн­a Рим папасы XIII Григорийдің инициативасы бойынша реформа жүзеге асырылды.

Жаңа календарь негізіне итальян ғалымы Луиджи Лилионың жобасы алынды. Бұл Никей соборының шешімін мызғытпай қалдыруға сол себепті көктемнің басталуын, біріншіден, 21 мартқа қайтаруға, әрі, екіншіден, мұндай алшақтықтың көрінуін бұдан арғы жерде болдырмауға тиіс болды. Бірінші мәселе Рим папасы Григорийдің декретімен шешілді: 1581 жылғы 4 октябрьден соң 5 емес, 15 октябрь болып саналсын, делінді. Екінші мәселені жүзеге асыру үшін әрбір 400 жылдан кейін озып кеткен үш тәулікті календарьдан алып тастап отыруға ұйғарылды; Бұл үшін ең қолайлысы жүз жылдықтың аяқталатын жылдары болып табылды: бұлардың ішінен високосныйы алғашқы екі цифры 4-ке бөлінетіндері болып қалды. (мысалы, Юлиан календары бойынша 1600 жыл високосный да, ал 1700, 1800 ж2не 1900 жылдар високосный болмай шықты.)

Жаңа календарь Юлиан календарынан едәуір дәлірек еді. Мұнда жыл астрономиялық жылдан 26 секунд ғана қалып қойды, ал тәулікке қалып қою 3300 жылдан кейін ғана болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл Европаның католик елдерінде, XVIII ғасырда протестанттық, XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Жапонияда және Европаның бірқатар православие елдерінде қабылданды. XX ғасырдың 20-жылдарында оны Греция, Түркия, Египет қабылдады. Қазіргі кезде жаңа календарь халықаралық календарь болып саналады.

Басқа егінші халықтар сияқты, шығыс славяндар да сонау ежегі заманнан бері жыл мерзімінің алмасуын қадағалады. Сондықтан да уақыттың ең ерте есебі маусымдық есеп болды. Маусым мен пұтқа табынушылықтың мерекелері байланысты болды, кейіннен бұл христиан дінінде де сақталды. Мәселен, масленица – көктемнің басталу мерекесі; купала Күннің қысқа қарай бұрылуымен байланысты еді; ал күн ұзаруының басталуымен байланысты қыста коляда мерекеленді.

Маусымдардың айналым шеңбері уақыттың неғұрлым ірі бірлігі «жазды» құрады, өйткені жыл уақытының толық ауысуы жаңа жазға оралу деген сөз еді. Жаңа «жаздың» есебі сірә көктем мерекесінен, марттан басталған болуы керек.

Жазу-сызудың ең ежелгі ескерткіштеріне қарағанда, мысалы, Остромиров евангелиясына қарағанда славяндар жылды айға бөлуді білген. Бұлардың аттары табиғат құбылыстарымен және біздің ата-бабаларымыздың шаруашылығымен байланысты болған. Бұдан славяндарда бір уақыттарда айлық-күндік календарь болды деп қорытынды шығаруға болады. Бұл атаулар ішінара қазіргі украин, белорус және басқа славян тілдерінде сақталып отыр. Алайда басқа бір ежелгі документтер, мысалы, Олегтің гректермен жасасқан шарты Русьте ежелгі рим календарындаәы ай атауларымен де таныс болған деп пайымдауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған Остромиров евангелиясына «еноуар» (январь) деген сөзді кездестіруге болады.

Русьте айды төрт аптаға, ал аптаны 7 тәулікке бөлу сонау ертеден қабылданған. Тек ежелгі календарьда қабылданғандай күндер планета-құдай атауларымен аталмаған. Демалыс күні жексенбі апта деп аталған, содан кейін дүйсенбі, сейсенбі т.б. болады. 988 жылы Русьте христиан діні қабылданады, ал сонымен бірге сонау Никей әлем соборы бекіткен юлиан календарында қабылданады. Түпкі нүкте ретінде «СМ»-дан басталатын («РХ»-ға дейінгі 5508 жыл) Византия эрасы мойындалды. Византиядан жыл басының жаңа датасы — сентябрь қабылданды. Алайда тұрмыста дәстүр бойынша жыл басы 1 март болып ұзақ сақталып келді.

«СМ»-ның 7208 жылы 19 декабрьде І Петр календарь реформасы туралы указға қол қойды. Европа елдерінің көпшілігінде қабылданып та қойылған «РХ»-дан басталатын жаңа эра енгізілді, ал осымен бірге жаңа жыл 1 январьдан басталатын болып белгіленді. Не бары 4 айға созылған қысқа 7208 жылдан кейін сентябрьден 31 декабрьге дейін) . Москвада жаңа жылдың не жаңа ғасырдың басы ретінде 1700 жылдың 1 январы салтанатпен аталып өтілді. Шіркеумен қатынасты шиеленістіріп алмау үшін I Петр күндерді есептеудің юлиан жүйесін сақтады. 30 жылы енгізілген календарь Россияда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін өмір сүрді.

Дегенмен XVIII ғасырдың орта кезінің өзінде Европа елдері-
нің көпшілігі григориан календары бойынша өмір сүрді. Бұның өзі елдер арасындағы қатынастарда үлкен қиыншылықтарға
ұшыратты.Сондықтан
да Россияда жаңа календарь жүйесіне көшуге
деген әрекет жасалды, бірақ бұдан ұзақ уақыт ештеңе шық-
пады.


1918 жылғы 25 январьдағы Халық Комиссарлары Советінің декреті бойынша біздің еліміз жаңа стильге көшті. Осы уақытқа қарай григориан календары юлиан календарынан 13 күнге озып кеткендіктен, 31 январьдағы сәрсенбіден кейін 1 февраль емес, 14 февраль деп саналу белгіленді.

Бірінші бесжылдық жылдарындағы халық шаруашылығының тез дамуы календарь реформасын жүргізу қажеттігін тудырды. 1929 жылы үздіксіз жұмыс аптасына көшумен байланысты 1930 жылы мартта СССР-де өндірістік табель-календарь енгізілді, мұнда жыл 72 бес күндікке бөлінді. 1931 жылдын 1 декабрінен еліміз 6 күннен тұратын үздіксіз жұмыс аптасына көшті. 1940 жылғы 26 июньнен бастап қазіргі кезде де қолданылып отырған жеті күндік апта қалпына келтірілді. Жексенбіден басқа ұлттық не интернациональдық мереке күндері — 1 январь, 8 март, 1,2 және 9 май, 7 және 8 ноябрь және 5 декабрь жұмыс істелмейтін деп танылды (енді 5 декабрь мерекесі 7 октябрьге көшті).

Қолданылып жүрген григориан календарының кемшіліктерімен байланысты СССР-де жаңа календарь жүйесін жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Совет Одағының өкілдері Бүкіл дүние жүзілік календарь жасау идеясын қуаттап отыр, бұл өмірдің қазіргі ғылыми және экономикалық дәрежесіне сай келіп, жер шары халықтарының жақындаса түсуіне жәрдем етеді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Қазіргі кезде мұсылман елінде қандай кунтізбе қолданылады?

  2. Григориан күнтізбесі кімнің есімімен байланысты?

  3. Біздің ата бабаларымыз араб жазуын қанша уақыт қолданған?

  4. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті. А, 1991

  1. Ермолаев И.П. Историческая хронология. К, 1980

  2. Кобрин В.В. ВИД. М, 1984

8 дәріс. Тарихи география және топонимика




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет