Рассолиморефлексі - ІІ,ІІІ,ІV, V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы анықтады.
7
Бехтерев І рефлексі – аяқ ұшының үстін 4-ші бақай тұсында соғу арқылы анықтады.
8
Бехтерев ІІ рефлексі – неврологиялық балғамен өкшені немесе басбармақтың томпағын соққанда анықтады.
9
Жуковский рефлексі – табанның саусақтарға жақын тұстарын балғашықпен соғу арқылы анықтады.
10
Флексорлық тангенсиальды табан рефлексін зерттеу үшін – табанды дәрігер алақанымен серіппелі жанастыру арқылы анықтады.
Жұп нервтерді зерттеу (І, ІІ, ІІІ, ІV, VІ)
№
Іс-әрекет алгоритмі
1
Иіс сезуіннақты әтір, спирт т.б. тұрмыста кездесетін иісті заттар арқылы әр танауын бөлек, бірін жауып екіншісін жеке-жеке тексерді. Иіс сезудің гипосмия, аносмия не гиперосмия бар екенін анықтады.
2
Көру өткірлігін Сивцов таблицасындағы әртүрлі мөлшерлердегі таңбаларды (әріптерді, цифраларды, балалар үшін ойыншық фигураларды т.б.) көру мүмкіндігі.Таблица үлгі бойынша 12 қатарға орналастырылған. Көру өткірлігінің төмендегенін (амблиопия) анықтады.
3
Көру аумағын периметр арқылы әр көз жеке-жеке зерттеледі. Периметр жарты шеңбер тәрізді 0-ден 180 градус дейін белгілі межелерге (шкалаларға) бөлінген доға. Зерттелуші ортасындағы ақ нүктеге бір көзін ешқайда аудармай қарап отырады да, доғаның ішкі бетімен жылжып келе жатқан диаметрі 5 мм ақ не қызыл түсті көре бастаған жері мен әрі қарай қозғалыс барысында көрінбеген жерлері белгіленеді. Битемпоральды, биназальды, оң жақтық не сол жақтық гемианопсияны анықтады.