Науқасты қатты, тегіс тақтайға жатқызып, ауыз қуысындағы алмалы протезді немесе басқа да бөгде заттарды алып тастады
2
Басын барынша шалқайта отырып, денесінің төменгі жағын көтеріңкі етіп жатқызды
3
Вена ішіне 1мг адреналин, 120 mg преднизолон енгізді
4
Қолды бір бірінің үстіне қойып, алақанның негізін ортаңғы сызық бойымен, төстің семсер тәрізді өсіндісінен 2-саусаққа жоғары, төстің үстіне орналастырды.
5
Қолды бүкпестен, төске 4-5см.тереңдікке қысым жасай отырып, массаж жасады.
6
Пауза кезінде қолды төс аймағынан алмады
7
Өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізу үшін, науқастың басын шалқайтып, төменгі жағын алға қарай жылжытып, аузын барынша ашты.
8
Науқастың ауызына немесе ауа өткізгіштікке, науқастың мұрнын қыса отырып, маска арқылы ауа үрледі (бір ғана көмек көрсетуші дәрігер болған жағдайда, 18 секундта 30 массаж жүргізіледі , сонан соң 2-үрлеу)
9
Тыныс жолдарының өткізгіштігін
( тыныс алу кезінде кеуде клеткасының экскурсиясына, тыныс шығару кезіндегі пайда болған дыбысқа) үнемі бақылап отырды.
10
Асқазан сөлінің регургитациясы кезінде, науқастың басын бірнеше секундқа бүйіріне бұрып, ауыз қуысындағы сұйықтықты сорғыштың көмегімен немесе тампонмен алып тастады.
11
Реанимациялық шараның нәтижелігін үнемі бақылап отырды,тері жамылғысының, шырышты қабатының түсінің қалпына келуі
12.
Көз қарашығының тарылуы және жарыққа реакцияның пайда болуын тексерді Ұйқы артериясында пульстің пайда болуын тексерді. Артериялық қан қысымын және ЖСЖ-н өлшеді
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин Максимальді ұпай саны: 24 (100%) жинаған ұпай саны:______________________ Критерийді бағалаған оқытушының аты – жөні, қолы _______________________
№
Анафилактикалық шок
жоқ
Ия, бірақ әлі жетідіру керек
ия
0
1
2
1
Науқасты Тренделенбург қалпына келтіреміз
( горизонтальді бағытта қоямыз, аяқ ұшын жоғары көтереміз, басын жанға қаратамыз, төменгі жақты жоғары қаратамыз, тіс протездерін алып тастаймыз)
2
Таза ауаға жол ашамыз ( терезені ашамыз немесе оттегі береміз)
3
Аллергеннің түсуін жоямыз: бөлмені ауаландырамыз, енгізіліп жатқан препаратты тоқтатамыз, инекция орнынан немесе тістелген жерден жоғары жгут саламыз, жараны антисептикпен өңдейміз
4
Ине салған жерге 0,1% 1 мл адреналинді тері астына енгізді немесе 0,1%-0,5 мл адреналинді 5 мл физ.ерітіндімен араластырып көктамырға жіберді.
5
Антигистаминдік препараттарды енгіземіз (1,0- 2,0 мл димедрол немесе супрастин/тавегил)
6
Инфузионды терапия ( к/т , 0,9% нартий хлор ерітіндісі көлемі 1 л ден кем емес) АҚ - ды бақылау жасай отырып
7
Глюкокортикостероидтар (преднизолон 90-150 мг көк тамырға )
8
Антигипотензивті терапия ( допамин 4-10 мкг/кг/мин жылдамдықта көк тамырға тамшылатып)
9
Госпитализация ( реанимация бөліміне және интенсивті терапия )
№
Гипертониялық кризде шұғыл көмек көрсету
Бағалау критерий
Жоқ
Ия, бірақ әлі жетілдіру керек
Ия
0
1
2
1
Криздың нейровегетативты формасында :физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету,басын жоғары қалыпта жатқызу
2
Артериялық қысымды өлшеу
3
Тіл астына нифедипин 10 мг (1-2 таблетка) немесе каптоприл 1,25 мг (1-2таблетка) .
Эффективтілігі болмаған жағдайда эбрантил (урапидил)25мг - 50 мг к/т баяу енгіземіз
7
Криздың тұзды-сулы (ісіну) формасында : 2-6 мл 1% фуросемид ертіндісін к/т енгізу
8
10-20 мл 25 % магний сульфат ертіндісін к/т енгізу
9
Криздың тырысу формасында : 2-6 мл 0,5 % диазепам ертіндісін,10 мл 0,9 % натрий хлорид ертіндісіне араластырып к/т енгізу
10
Гипотензивты препараттарды және диуретиктерді артериялық қысымды бақылауымен енгізу.
11
15 минут сайын ЖСС және А/Қ бақылау
12
20-30 мин ішінде гипотензивты эффект болмаған жағдайда, ми қан айналымының жедел бұзылысы, жүрек астмасы, стенокардияда көпсалалы стационарға госпитализациялау қажет.
№
Бас-сүйек ми жарақаттарында шұғыл көмек көрсету
Бағалау критерийі
Жоқ
Ия, бірақ әлі жетілдіру керек
Ия
0
1
2
1
Науқастың жағдайын бағалаңыз
2
Науқасты зембілге жатқызып, бас жағын көтеріңкі етіп, жұмсақ «ойық тоқаш» жақтаумен бекітіңіз.
Премедикация ретінде психомоторлы қозу, тырысу кезінде: - 0,5-1,0 мл 0,1 % атропин ертіндісін т/а;
- к/т пропофол 1-2 мг/кг, немесе тиопентал натрий 3-5 мг/кг, немесе 2-4 мл 0,5 % седуксен, немесе 15-20 мл 20 % натрий оксибутират, немесе дормикум 0,1-0,2 мг/кг;
6
Бас ми ішілік гипертензионды синдромда:
-2-4 мл 1 % фуросемид (лазикс) к/т (қосарланған жарақатта декомпенсацияланған қан кетуде лазикс салуға болмайды !);
7
Ауырсыну синдромында: б/е (немесе к/т баяу) 30мг-1,0 кеторолак және 2 мл 1-2 % димедрол және (немесе) 2-4 мл (200-400 мг) 0,5 % трамал
8
К/т 40% глюкоза ертіндісі 20 мл немесе 25% сульфат магний 10 мл б/е ( төмен А/Қ, сульфат магний салуға болмайды!).
9
Басқа мұз қою
10
Естен танған кезде тілдің ішке кетуін алдын-алу керек.Құсық қалдықтарының аспирациясы кезінде, басты солға бұрып , салфеткамен ауыз қуысына жиналған сұйықтықты тазартып , тілін тарту.
Өкпе түбіріне сипаттама берді (кеңейген, құрылымды немесе құрылымсыз, лимфа түйіндері: ұлғайған немесе ұлғаймаған)
9
Патологиялық синдромдарға сипаттама берді: орналасуы (сегмент аралық, бөлікаралық), көлемі, пішіні,(сопақ, көпқырлы , домалақ пішінді), контурлары (анық, анық емес, тегіс, тегіс емес), интенсивтілігі (күшті, орташа, әлсіз), тығыздығы (әктенген немесе қатайған), құрылымы ( біркелкі және біркелкі емес).
10
Патологиялы өзгерістердің басқа тіндерге қатынасына сипаттама берді (ошақтың таралуы, түбірге қарай жолақ болуы,ағаруы,көкірек аралықтың ауытқуы)
Дәл жоғарыдағыдай етіп, тағы бір қабырға аралыққа төмен түсіп, симметриялы нүктелерге аускультация жүргізді
23
Аускультация нәтижесіне сипаттама берді («өкпеде везикулалық тыныс, қосымша шулар естілмеді» немесе патологиялық жағдайларда тыныс пен қосымша шуларды сипаттайды )
Құзіреттілік
№
Жатырды бимануалды компрессиялау
Балл түріндегі баға
Жоқ
Ия, бірақ әлі де жетілдіру керек
Ия
0
1
2
Б2.1
1
Қолды инструкцияға сай жуды
2
Стерильді қолғаптарды стерилдігін қатаң сақтай отырып киді
3
Қолды қынапқа енгізіп, жұдырықтады
Б2.2
4
Жұдырықталған қолды қынаптың алдыңғы күмбезіне орналастырды
5
Қынапқа енгізілген қолмен жатырдың алдыңғы қабырғасына қарай қысым жасады
6
Екінші қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына орналастырды
7
Құрсақ қабырғасы арқылы қынаптағы қолға бағыттай отырып, жатырдың артқы қабырғасына қысым жасай отырып басты
8
Қысым жасап басуды қат кету тоқтағанша және жатыр жиырылғанша жалғастырды
9
Қолғапарды шешті
10
Қолын инструкцияға сай жуды
Құзіреттілік
№
Қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау
Б2.Дәрігер-клиницист
Б2.2. Медициналық процедуралар
1
Инструкцияға сәйкес қолды мұқият жуды.
2
Қажет құралдарды дайындап алды: пинцет, оқтық қышқаш, қасық тәрізді айна 2 дана, Петри табақшасы, шприц 10 мл, ине ұзындығы 10-12см, салфетка, корнцанг, асептикалық ерітінді, стерильді қолғап.
3
Стерильді қолғаптарды стерильдігін қатаң сақтай отырып киді.
4
Сыртқы жыныс еріндерін және қынапты асептикалық ерітіндімен өңдеді.
5
Қасық тәрізді айналарды қынапқа енгізді. Жатыр мойнын және қынап қабырғасын асептикалық ерітіндімен өңдеді.
6
Жатыр мойнының артқы ернеуін оқтық қысқашпен қысып ұстап, алға қарай тартты. Алдыңғы айнаны шығарды.
7
Жатыр мойны астындағы кеңістікке (флюктуация анықталған жерге) ортаңғы сызық бойымен инені енгізді (инені жатырдың артқы қабырғасына паралелль бағытта, Дуглас кеңістігіне 1-1,5см тереңдікке енгізді).
8
Кеңістіктегі сұйықтықты шприц поршенін тарту арқылы шприцке сорып алды.
Оқтық қысқашты алды, қынаптан айналарды шығарды. Қолданылған құралдарды дез ерітіндіге салды.
11
Қолғаптарды шешіп, қолын жуды.
12
Операция барысын ауру тарихына жазды.
Құзіреттілік
№
Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізу
Б2. Дәрігер-клиницист
Б2.3. Медициналық процедуралар
1
Қолын инструкцияға сай өңдеді
2
Қажетті құрал-жабдықтарды дайындады: стерильді қолғап, қысқыш 2 дана, шприц 2мл, окситоцин 2 мл 2 ампула, спирт, мақта, өлшеуіш ыдыс.
3
Стерильдікті сақтай отырып резеңке қолғаптарды киді.
4
Жатырды пальпациялады
5
Алғашқы минутта әйелге ескертіп санының жоғарғы үштен бір латеральды бөлігіне 2 мл (10ЕД) окситоцин екті.
6
Кіндік баудағы қысқашты вульварлы сақинаға жақындатты және бір қолмен қысқашты ұстады
7
Бір қолды қасаға үстіне қойып, жатырдың жиырылуын күтті.
8
Жатыр жиырылған кезде жатырды қасағадан кері итеріп , екінші қолмен қысқаштан ұстап күш салмай , кіндікті байыппен төмен тартты (тракция)
9
Бала жолдасы вульварлы сақинадан көрінгенде, 2 қолмен ұстап бұрамалы түрде тудырды.
10
. Плацента туылған соң ұрықтық бетін және аналық бетін мұқият тексерді
11
. Жатырдың сыртқы массажын жасады
12
Босану жолдарын қарады.
13
Қан шығынын өлшеді.
14
Қолғаптарды шешіп,арнайы контейнерге тастады
15
Қолды жуды.
Құзіреттілік
№
Жамбаспен босанудағы классикалық қолмен жәрдем беру
Б2. Дәрігер -клиницист
Б2.2. Науқасты жүргізу
1
Қолды инструкцияға сай жуды.
2
Стерильді қолғаптарды стерильдігін қатаң сақтай отырып киді
3
Нәрестенің екі аяғынан позициясына қарама қарсы қолмен ұстап, анасының шап иіліміне алға және жанына қарай көтерді
4
Нәрестенің артқы қолын тудыру үшін екінші қолының II және III саусағымен нәрестенің арқасы, жауырын және иығы арқылы шынтақ буынына дейін барып қолды кеудеден ажыратпай, «бетін жуғандай» қимылмен босатып алды..
5
Артқы қолды босатқан соң, алдыңғы қолды босату үшін оны артқа ауыстырады. Нәресте кеудесінен туылған қолымен бірге екі қолмен ұстап, нәресте басының шүйде ойығын симфиздің төменгі қыры арқылы өткізе отырып нәресте денесін 180 С бұрды
6
Нәрестенің артқы қолын тудыру үшін бос қолдың II және III саусағын нәрестенің арқасы, жауырын және иығы арқылы шынтақ буынына дейін барып қолды кеудеден ажыратпай, «бетін жуғандай» қимылмен босатып алды.
7
Нәрестенің басын босату үшін, нәрестені төменгі қолдың білегінің алдыңғы бетіне орнықтырып, ІІ және ІІІ саусақтарын қынаптың артқы қабырғасы арқылы қынапқа енгізді. ІІ және ІІІ саусақпен жоғарғы иекті басып, басты төмен қарай иді.
8
Жоғарғы қолдың ІІ және ІV саусағын нәресте иығына, ал ІІІ саусағын нәресте шүйдесіне қойып, бастың иілуіне көмектеседі.
9
Нәрестенің басын ие отырып төмен бағыттады Шүйде ойығы қасағаға тірелгенде, нәресте кеудесін анасының кіндігіне қарай бағыттап жоғары көтерді. Нәрестенің аузы, беті, маңдайы, шүйдесі туылды
10
Нәресте кіндігіне қысқаш салып, денесін құрғатып, анасының кеудесіне жатқызды.
11
Кіндіктің пульсациясы тоқтаған соң, кіндікті екі қысқаш арасында кесті.
12
Жатырды палпациялады.
13
Қолғаптарын шешті Қолын жуды.
4
Құзіреттілік
№
Онкоцитологияға жатыр мойнынан жағынды алу
Б2. Дәрігер-клиницист
Б2.3. Медициналық процедуралар
1
Қолын инструкцияға сай жуды.
2
Қажетті құрал-жабдықтарды дайындады: қосжақтаулы Куско айнасы, Эйр шпателі, стерильді қолғап, науқастың жеке жаялығы, құрғақ таза майсыздандырылған шыны, мақталы тампон, пинцет, лабораторияға жолдама бланкі.
Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашты. Оң қолмен қынапқа Куско айнасын бүйірімен енгізіп, бұрады жатыр мойнына жетпей айнаны ашты. Жатыр мойнын артық шырыштан тампон арқылы тазартты.
Екi қолдың алақанын жатырдың түбiне орналастырды, саусақтардың ұштары бiр-бiрiне бағытталған, бiрақ түйiспейдi, жатыр түбiнiң биiктiгiн және онда орналасқан нәресте бөлігін анықтады.
6
Екі қолын жатыр түбінен жатыр бүйірлеріне жылжытты. Саусақтардың алақан бетiмен жатырдың бүйірлерін кезек-кезек пальпациялады. Нәрестенің орналасуы, позициясы мен түрін анықтады.
7
Оң қолдың алақанын қасағаға қойды, ал қолдың саусақтарымен жатқан бөлiктi ұстап, нәрестенің төменгі жатқан бөлiгiн анықтады (нәрестенің басы немесе жамбасы).
8
Жүкті әйелдің аяғына қарап тұрды, екі қолын жатырдың төменгі бөлігіне қойып, саусақтарын қасаға сүйектерiнiң горизонталды тармақтарының үстiнен ортаңғы сызығынан латералды орналастырды. Бiртiндеп қолдарды жатқан бөлiктiң және кiшi жамбастың кiру жазықтығының арасына қарай жылжыта отырып,нәрестенің төменгі бөлігінің кіші жамбас қуысына қатынасын анықтады.
9
Нәрестенің жүрек тондарын 1 минут бойы тыңдады. Стетоскопты нәрестенің позициясы мен жатқан бөлiгiнiң сипатына қарай орналастырды. Басымен жатуында кiндiктен төмен, жамбаспен жатуында – жоғары орналастырды. I позицияда – сол жақта, ал II позицияда – оң жақта. Жүректiң жиырылу жиiлiгiн анықтады (қалыпты жағдайда 110-160 соғу/мин, анық, ырғақты).
10
Қолғаптарды шешті және қоқыс жәшігіне тастады.
11
Қолын жуды.
Құзіреттілік
№
Ауыр дәрежелі преэклампсия. Жедел көмек.
Бағалау критерийі
Жоқ
Ия, бірақ әлі де жетілдіру керек
Ия
0
1
2
Б2. Дәрігер-клиницист Б2.2. Науқастарды жүргізу
1
Жүкті әйелдің жағдайын бағалады: АҚҚ өлшеді, ісіктерді анықтады
Жүкті әйелдің және ұрықтың жағдайын бағалады: АҚҚ және ҰЖС сипаттама берді
9
Магнезиальды терапияны үздіксіз 12-24 сағат бойы тағайындауға кеңес берді (сағатына 1 г)
10
Емдеу парағына қолданылған дәрілік заттарды тіркеді
Құзіреттілік
№
Арнайы гинекологиялық тексеру
Б.2. Дәрігер-клиницист
Б.2.3. Медициналық процедуралар
1
Креслоға жаялық салып пациенттің жатуын сұрады. Қолды инструкцияға сай жуды.
2
Қажетті құралдарды дайынды: қасық тәрізді айна, стерильді қолғап.
3
Стерильді қолғаптарды стерилдігін сақтай отырып киді
4
Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда түктену түріне, үлкен және кіші жыныс еріндеріне, аралық жағдайына және қынап сағасының қалпына баға берді.
5
Екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашып, қынап сағасын, қынап қабырғаларын, шырышты қабаттың түсін, бөлініс сипатын, сыртқы зәр шығару каналының жағдайын, парауретралды және кіреберіс үлкен бездерінің шығару өзектерін қарады.
6
Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасық тәрізді айнаны алдымен артқы айнаны бүйірімен енгізіп, төмен қарай бұрады және аралықты төмен тартты, содан соң алдыңғы айнаны дәл осылай бүйірімен енгізіп жоғары көтерді.
7
Айнада қынап қабырғасын және жатыр мойнының қалпын бағалады (конус тәрізді, цилиндрлі, деформацияланған). Шырышты қабатының түсін қарады. Жатыр мойнындағы патологиялық процессттерді жыртылу, эрозиялар, қабыну үрдістерін анықтады.
8
Қынаптан айналарды (алдымен жоғарғы, содан соң төменгі) шығарды.
9
Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ерiндерiн ашып, қынапқа оң қолдың 2 саусағын енгiздi. Екінші қолмен құрсақтың алдыңғы қабырғасы арқылы жатырды пальпациялап тексерді, оның орналасу қалпын,пішінін, консистенциясын, қозғалғыштығын, ауру сезімін анықтады.
10
Оң жақтағы қосалқыларды тексергенде қынаптағы қолды оң күмбезге, ал сыртқы қолды оң мықын аймағына, ал сол жақ қосалқыларды тексергенде қолдарды сол жаққа ауыстыру арқылы қосалқылардың орналасуын, көлемін, консистенциясын, формасын, қозғалуын, ауру сезімін анықтады.
11
Қынаптың артқы күмбезінің ерекшелігін (тегістелуі, тығыздалуы, шығып кетуі, ауру сезімі, флюктуация) анықтады. Қараудан кейін қынаптан саусақтарды шығарып бөлінділердің сипатын бағалап, оларды қарады (қан аралас, іріңді-шырышты).
12
Айналарды дез. ертіндіге салды. Қолғапты шешіп арнайы контейнерге салды. Қолды жуды, құрғатты.
13
Амбулаторлық картаға немесе ауру тарихына тексеру нәтижесін жазды.
Құзіреттілік
№
Қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға жағынды алу
Б2. Дәрігер-клиницист
Б2.3. Медициналық процедуралар
1
Қолын инструкцияға сай жуды.
2
Қажетті құрал-жабдықтарды дайындады: қосжақтаулы Куско айнасы, Фолькман қасығы-2дана, стерильді қолғап, науқастың жеке жаялығы, құрғақ таза майсыздандырылған шыны, стеклограф, лабораторияға жолдама бланкі.
Зәр шығару каналына 0,5 см тереңдікте Фолькман қасығын енгізді. Зәр шығару каналынан жағынды алып шынының U (уретра) әріпімен белгіленген бөлігіне дөңгелек түрінде жақты.
6
Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашты. Оң қолмен қынапқа Куско айнасын бүйірімен енгізіп, бұрады жатыр мойнына жетпей айнаны ашты.
7
Фолькман қасығының екінші жағымен цервикальды каналдан жағынды алып, шынының С (жатыр мойны) әріпімен белгіленген бөлігіне штрих түрінде жақты.
8
Фолькман қасығымен қынаптың артқы күмбезінен жағынды алып, шынының– V (қынап) әріпімен белгіленген бөлігіне штрих түрінде жақты.
9
Қынаптан ақырындап айнаны жауып шығарды. Қолданған құрал-саймандарды дез ертіндіге батырып салып қойды. Қолғаптарды шешіп, арнайы контейнерлерге тастады. Қолды сабындап жуды.
10
Клиникалық лабораторияға жолдама жазды: пациенттің аты-жөні, жасы, мекен жайы, диагноз, алынған күні, аймақтық дәрігер мен акушерканың аты-жөні.