«Қош бол, алтын ұя мектебім»
атты сынып сағаты
Өтетін күні: 29.05.2023
Өтетін уақыты; 9:30
Өтетін жері: Акт залы
Барысы;
(Фанфара беріледі)
1 жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші;Таусылмаса жүректегі асқақ әнім,
Тек биікте самғатам жыр қыранын.
Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз! – деп,
Шырқайық ұлы Отанның әнұранын.
(әнұран шырқалады)
1-жүргізуші: Мектеп деген ата-анаңдай әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға көмектесетін алтын ұя.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, "мектеп – кеме, білім – теңіз" деп қазақ атам бекер айтпаған ғой. Олай болса, баршаңызға арналған мектеппен қоштасу кешін және 11Ә сынып оқушыларының соңғы сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
(оқушылар бір жақтан шығады )
Бүгін - «Мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.(Яна)
Бүгін әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн(Сулу)
Бүгін анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн (О.Нурсултан)
Бүгін ұстазыңның жолында шәкірт болып соңғы рет топталған күн(Дана)
Бүгін арман қуып алысқа аттанған күн (Ақмарал)
Бұл күн мектеп тарихында , түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.(Н.Нурсултан)
1 жүргізуші; Бізді үйретті біліп - жеңуге,
Достыққа сеніп, жігер - күшіңе!
Ешқашан да ұмыта алмаймыз
Мұғалімнің жылы, айқын жүзін- дей келе назарларыңызды ортаға аударсақ
( интерактивный доскадан слайд класспен бірге мектептегі)
2 жүргізуші; Сұлтанға лайық көркі бар
Сымбатты бізде жігіт бар.
Болашақта елімнің,
Иесі осы ұғып ал. Ортаға Нұрылдаев Нұрсұлтанның орындауында Мектеп әнін қарсы алыңыздар.
1 жүргізуші; Мектебім, саған рахмет!
Сенім, махаббат - үмітіңе!
Өшпессің жүрегімде
Мектебім мақтан үнемі бізбен
Лаура: Мектебім, ыстықсың алтын ұям,
Ұшатын кез келді қалай қиям?!.
Оң - солды танитын болдық бүгін,
Бала едік бір кезде, нәзік ұяң.
Азамат: Бағыт сілтеп арманға,
Қанат бердің, ұшырдың.
Өмір сырын ғажайып,
Сенде алғаш түсіндім.
Аделя: Болашаққа жетелеп, алда арман,
Балалық шақ бүгінде артта қалған.
Самғаймыз біз сан тарау тараптарға,
Бата алып қадірлі ұстаздардан.
Алуа: О, мектебім, махаббатым, мақтанышым,
Сенде өтті ең бақытты бар шақтарым.
Өзің берген күш қуаттан нәр алып,
Мен өмірдің өрлеріне аттармын.
Акмарал: Шаттықпенен шайқалтқанбыз, аспанды,
Сол күнді аңсап қара көзден жас тамды.
Бір ананың баласындай тел өскен,
Қоштасуға қимай тұрмыз достарды.
Балжан:Мектебім алғаш қаққан есігін,
Тек өзіңнен жаңа сөздер естідім.
Білім нәрін құйған бойымызға,
Ұмытпаймын мұғалімдер есімін.
2 жүргізуші Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
Сіздерді өз биімен тамсандырған.
Хорезм биімен ортаға 11Ә сынып қыздарын шақырамыз
2 жүргізуші; Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір
(Видео слайд мұғалімдерге)
1 жүргізуші; Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен
Өздеріңе алғысымызды айта тұрып
2 жүргізуші; Арманыңда, жаныңда жалын ән бар, Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені, Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар – ортаға дей келе,
балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміздің атынан сөз кезегі Ертайқызы Балжанға беріледі.
1 жүргізуші; Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалай тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе 11Ә сынып оқушыларынан музыкалық номерді қарсы алыңыздар (хор ПОПУРРИ )
2 жүргізуші; Қыран болып ұшайық,
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келейік біздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке келіп тұрайық. 1 жүргізуші; Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын -.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз. Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол алтын ұя мектебім» атты соңғы сынып сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |