Мұғалім: Құрметті әліппе жоғары шығыңыз, бүгін балалар өнерін, сабақты қалай меңгергенін сізге тарту етпек ,отырып тамашалаңыз.
Балалар, өнер – білімнің барлығы да мектептен басталады.
Мұғалім: Біздің білім алатын ордамыз – мектеп.
«Мектеп-кеме,Білім-теңіз».
Мектеп – екінші үйіміз,себебі,біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді,бір аптаның бес күні мектепте өтеді.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның да үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Балалар, біз 42 әріпті білеміз иә,кане,айта қойыңдаршы алфавит қандай әріптен басталады?
Нұртай: Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадыңба, Б тұрады үшінші.
Ал,осының сыры неде түсінші
А деген ол-аналарғой ардақты,
Ә деген ол- әкелерғой салмақты,
Б деген ол-балаларғой әдемі,
Біздің елде,үшеуіде кәделі!
Мұғалім: Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда болыпты.
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
(42)
. У дыбысы қандай дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз да)
2 дыбыстан тұратын әріптерді ата
(ю,я,ё)
Дыбыс бермейтін әріптер
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
Дыбыстар неше түрі бар?
(дауысты, дауыссыз дыбыстар
Сөз неден құралады?
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
Жарайсыңдар балалар, 42 әріпті меңгердіңдер. Енді сендер дауысты , дауыссыз дыбыстарды білесіңдер, ендеше екі үйге мына дыбытар мен әріптерді тиісіне сала қойыңдар. /Оқушылар әріптерді ажыратып салады/ Мұғалім: -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам-ол кім? Ол сенің анаң. Әкеміздің анасы, біздің әжеміз! /Плакаттағы тапсырмалар орындайды/Бұлар біз үшін ең ардақты адамдар. Оларды сыйлау біздің парызымыз.
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың,ағаларымыздың, апаларымыздың үлесі бар.
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай Нұртайдың орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.