«Қош бол, әліппе!» Мақсаты



бет1/3
Дата24.06.2024
өлшемі21,21 Kb.
#203462
  1   2   3
Байланысты:
1-4 Тәрбие сағаты


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош бол, әліппе!»
Мақсаты:

  1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан-жақты білімдерін ата – аналарға көрсету.

  2. Өз ойларын ашық,еркін айту,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

  3. Адамгершілікке,ұқыптылыққа,бір – бірін сыйлауға,өзін – өзі дұрыс ұстауға,ұжымшылдыққа,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.



Безендірілуі:
Тақырыпқа жазылған плакаттар,мазмұнды суреттер,әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер,нақыл сөздер,шарлар,гүлдер,кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері.
Мұғалім:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ата-аналар.Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамы құтты болсын!
Бүгінгі біздің 1 – сынып оқушылары әзірлеген «Қош бол, әліппе!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Салтанатты кешіміздің иелері 1-сынып оқушылары Жалғасұлы Дінасыл, Сабыржанқызы Мөлдір және Дидарұлы Нұртайды қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достассаң.
Әліппемен қоштаспақ.
Кешіміздің иелері,яғни 1- сынып оқушылары 4 ай бойы 42 әріппен танысты,осы қысқа мерзімде алған білімдерін сіздерге көрсетпек,олар өздері оқи да,жаза да,жұмбақ та шеше алады.
Мұғалім:__Балалар_мен_сендерге_сұрақ_қоямын:__Іші_толы_әріпке,_Білімдегі_жарық_не._Оқушылар_хормен'>Мұғалім:

  • Балалар мен сендерге сұрақ қоямын:

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не.
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар
Ол – сүйікті әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе
Әліппе ортаға шығады:
Ән: 1-сынып оқушылары «Менің атым,Әліппе» әні
Әліппе:
Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет