«Қош бол, әліппе!» Мақсаты


Почта хатындағы тапсырмалар /Сөз құрау/



бет3/3
Дата24.06.2024
өлшемі21,21 Kb.
#203462
1   2   3
Байланысты:
1-4 Тәрбие сағаты

Почта хатындағы тапсырмалар /Сөз құрау/
Мұғалім: - Балалар, біздің әліппеге арнап жаттаған тағы кімнің тақпағы , биі бар, кәне ортаға салайық.
Мөлдір:
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Дінасыл:
Жаттап алсаң әріпті,
Саналы өмір сүресің.
Бұрынғы өткен тарихты,
Әріппен оқып білесің.


Әліппе:


Би: «Балапан»
Сурет құрастыру
Мұғалім:
-Балалар, әліппемен қош айтыстық ,ендігі сендердің әрі қарай жалғастырып, оқитын оқулықтарың ана тілі /Ана тілін, сыйлықтарын табыс ету/.
Мұғалім:
Тек жүректен арналған сөзіміз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіміз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз
Құттықтау сөзді Қайнарлы негізгі орта мектебінің директоры Алинова Қарлығаш Бахтиярқызына береміз.


Қорытынды:
Қымбатты балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың, еңбексүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарың арқасында жеткен алғашқы жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың -«Әліппе» бойынша оқуды үйрендіңдер. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның беттері сендерді бір-бірлеріңмен тату, дос болуға, адамгершілікке үйретті, мектеп ережелерімен таныстырды. Білім баспалдағына өрлеген сапарларыңыз сәтті болсын!


Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар бүгінгі салтанатты кешімізгі қатысқандарыңызға үлкен рахметімізді айтамыз, келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет