Би: «Флешмог»
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек оң қолыңызды көтеріп жауап бересіздер. Ой ұшқырлығына құрылған есептер
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар
1. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар: Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4. Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? ( 1 тауық, 2 бұзау)
7. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
Мұғалім:Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар!
Аршын: «Мен кішкентай баламын»
Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде
Үйде ойнап қаламын.
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап
Қызық ойын бастаймын.
Қарындашты аламын,
Қағазға сурет саламын
Мұғалім: Осымен «Қош бол, құтты Әліппе, Армысың Ана тілі» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз. (Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.)
Куәлікті тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі