Қош келдің, әз Наурыз!



Дата06.04.2023
өлшемі13,22 Kb.
#173851
Байланысты:
наурыз раз.


Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның ол лақтырып.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директорына береміз.
Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет