«Қош келдіңдер, балдырғандар!»



бет3/6
Дата25.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#7748
1   2   3   4   5   6
«Теңіз патшасы»

Жетінші күніміз әдеттегідей балаларды қабылдағаннан соң бой жазу жаттығуларын орындаумен басталды.

Қонаққа медбике апай келіп, жұқпалы аурулар туралы әңгіме жүргізді.Медбике балаларға қағаздар таратып, тапсырмалар орындатты. Дәрістен кейін балалар далаға шығып, асфальт үстіне түрлі –түсті бормен сурет салды. Кезек «Теңіз патшасы» ойынына беріліп, қимыл ойындарымен жалғасты.

8-күн «Ерте, ерте, ертеде»

Сегізінші күніміз әдеттегідей балаларды қабылдағаннан соң бой жазу жаттығуларын орындаумен басталды.

Балаларға «Спид – ғасыр дерті» туралы үйге тапсырма берілген болатын. Балалар шағын кітапшалар жасап, суреттер салып әкелді.Әр бала өз жұмысын қорғады.



«Менің Отбасым» атты тақырыбына өлеңдер шығарып, оқыды. Ең үздік өлең шығарған бала марапатталды. Келесі кезең ертегі еліне саяхат.

Ертегі кейіпкеріне ене отырып, көрініс көрсетілді. Балалар өздеріне ұнайтын кейіпкерлерді көрсетті. Одан кейін «Алдар Көсе» туралы ертегілерді көрді. Таза ауада әр түрлі ойындар ойнады. Ермексаздан ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндеді.   



  

9-күн. «Топсеруен»


  Күніміз әдеттегідей балаларды қабылдағаннан соң бой жазу жаттығуларын орындаумен басталды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты сабақ өтті. Оған барлық оқушылар қатысты. Өз ойларын ортаға салды. Өлеңдер оқылды. Суреттер салынды, оны қорғады. Одан кейін әр бала түймелерден рамка жасап өз суреттерін жапсырды. Сыныпта көрме ұйымдастырылды. Кейін «Жылы сөз айтқанда...» тренинг жүргізілді.

Таза ауаға топсеруенге шығып, мектеп ауласындағы орманда қимылды ойындар ойнап демалдық.


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет