5- күн «Биле, биле»
Бесінші күніміз әдеттегідей балаларды қабылдағаннан соң бой жазу жаттығуларын орындаумен басталды.
Лагерьге медбике апайымыз келіп, «Тазалықты сүйеміз» атты әңгіме жүргізді.
Келесі кезең «Достық деген не?» тренинг өткізілді. Кезек ұлттық билер өнеріне келді. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, биін биледі. Мысалы, өзбек , қазақ, испан, қытай, үнді, орыс, грузин билері. Балалар қызығушылық білдіре отырып, бар ынтасымен қатысты.
Әдеттегідей таза ауа ойындарына кезек берілді.
6-күн «Қазына іздеу»
Алтыншы күніміз әдеттегідей балаларды қабылдағаннан соң бой жазу жаттығуларын орындаумен басталды.
Балаларға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізілді. Балалар оқығандары мен білгендерімен бөлісті.
Балалардың байқағыштық қабілеттерін білу мақсатында «Қазына іздеу» атты ойын өткіздік. Бұл іс-шарада 9 кезеңнен құрылды. 1-кезең «Топтың атын табу» Кері жазылған сөзді оқу арқылы балалар топтың атын тапты. Екінші кезең «Тайпа басшыларымен би билеу» Бұл жерде балалар тайпа биін билеп, отқа табынды. Үшінші кезең «Карта құрастыру» Қиылған қиындылардан жол көрсететін карта құрастырылды. Төртінші кезең «Батпақты дала» балалар батпақтан секіріп өтті. Бесінші кезең «Жасырылған затты табу» Алтыншы кезең «Сынық көпірден өту» Балалар сынық көпірден өтті. Өте алмаған бала ойыннан шығарылды. Жетінші кезең «Балық аулау» Балалар өздері қармақ жасап, «балық аулады». Сегізінші кезең «Үңгірден өту» Үңгірдегі улы жыландарды оятпай өту керек болды. Тоғызыншы кезең «Орман перілері» Ағаш ішіндегі жасырынған қағазды тауып орман перілерінен құтылып, қазынаның қайда екенін табуға бағдар аламыз.Балалар тапсырмаларды орындап жасырылған қазынаны іздеп тапты. Осыдан кейін ойын алаңында «Кім жылдам» ойыны ойнатылды. Содан соң түрлі түсті қағаздан ашықхаттар жасалды. Жасалған ашықхаттардан көрме ұйымдастырылды. Ең әдемі ашықхат балалар ұсынысы бойынша таңдап алынды.
7-күн
Достарыңызбен бөлісу: |