Қош келдіңіз! Сіз Homebank kz интернет-банкингіне қосылғаныңызға қуаныштымыз. Homebank қаржы порталы қызметтерін пайдалануға қосылу шартымен танысуыңызды сұраймыз. Homebank қаржы порталының қызметтерін пайдалануға


Тараптардың құқықтары және міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата11.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#180674
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
interconnection agreement-kk

3. Тараптардың құқықтары және міндеттері 
3.1. Клиенттің құқықтары: 

Шартта қарастырылған талаптар бойынша Homebank арқылы операцияларды орындау; 

Банктен Шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындауын талап ету; 

Клиент осы Шарттың талаптары бойынша Банк тарапынан оған талаптар болмағанда, 
Шарттан Банкке жазбаша өтінім беру арқылы бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда Клиент 
Банкке өкімдерді құруды және жолдауды, электрондық төлем қызметтеріне жататын басқа 
да операцияларды орындауды тоқтатады. Бұл ретте Клиенттің бұрын қосылған барлық 
өтінімдері мен өкімдерін, егер ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және 
Шарттың талаптарына сәйкес кедергі болмаса, Банк қалыпты режимде орындайды. 
3.2. Клиенттің міндеттері: 

операциялардың орындалуы үшін комиссиялық сыйақыны төлеу күніндегі әрекеттегі Банк 
тарифтеріне сәйкес төлеу; 

төлем жүргізу қажеттілігі болғанда, банктік шотта төлем, аударым және төлем жүргізу үшін 
жеткілікті ақша сомасын және Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссиялық 
сыйақы сомасын қамтамасыз ету; 

өзінің авторизациялау параметрлері (Сенімді нөмір, пароль, бір реттік SMS-пароль) туралы 
ақпаратты басқа тұлғаларға жария етпеу/бермеу. Бұл ретте Клиенттің басқа тұлғаларға 
өзінің авторизациялау параметрлері, банкоматтан қолма-қол ақшаны картасыз шешіп алу 
үшін код туралы ақпаратты жария етуге/беруге қатысты орын алуы мүмкін барлық 
шығыстар мен зияндарды Клиент өз бетінше көтереді және Банктен олардың орнын 
толтырылуын талап етуге құқылы емес; 

Homebank және Мобильдік қосымша арқылы Клиенттің банктік шоттарына рұқсат 
етілмеген қол жеткізу анықталғанда немесе күдік болғанда, Банктің операцияларды 
орындауға қол жеткізуді бұғаттауы мақсатында Банкке шұғыл ақпарат беру; 



Homebank және Мобильдік қосымшаның қауіпсіз жұмысы жөнінде нұсқауларды және 
пайдалану қағидаларын сақтау, әрбір жұмыс сеансынан кейін интернет желісімен 
қосылудың барлық сессияларының жабылуын қамтамасыз ету; 

Клиенттің кәсіпкерлік қызметті орындаумен байланысты төлемдерді және (немесе) 
аударымдарды, жүйелі түрде пайда табуға немесе табысты жасыруға бағытталған 
операцияларды, сондай-ақ тіркеу куәлігін, хабарландыру туралы куәлікті және 
келісімшарттың тіркеу нөмірін беру туралы куәлікті алуды талап ететін валюталық 
операцияларды жүргізбеу. Клиент кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе тіркеу 
қағидаларын бұза отырып, лицензиялық талаптар мен шарттарды бұза отырып, сондай-ақ 
ҚР заңнамасы талаптарын бұза отырып жүзеге асыру үшін қылмыстық және әкімшілік 
жауапкершілік туралы біледі. 

Клиентке Homebank жүйесі арқылы қызмет көрсеткенде, Банктің Клиент туралы кез келген 
ақпаратты, оның дербес деректерін қоса, Банктің ішкі қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес 
кез келген әдіспен жинауына және өңдеуіне (оның ішінде жинақтау, сақтау, өзгерту, 
толықтыру, қолдану, тарату және жою) Банкке сөзсіз келісімін беру; 

Клиентпен байланысу үшін Банкке шынайы ақпарат ұсыну, ол өзгерген жағдайда, шұғыл 
түрде жаңартылған ақпаратты ұсыну. Клиентке заңнамада көзделген хабарламаларды 
жолдау бойынша Банктің міндеті, Клиентпен байланысу үшін Банктегі ақпаратқа сәйкес 
хабарлама жолданғанда, орындалған болып саналады. 
3.3. Банктің құқықтары: 

Клиенттерге алды ала хабар берусіз қызметтердің құрамын бір жақты тәртіпте өзгерту
және Қызмет көрсетуге шектеулер қою; 

Клиентке өзгерістер туралы Банк Сайтында хабарлау арқылы бір жақты тәртіпте 
Тарифтерді өзгерту. Бұл жағдайда Клиент Банк тарапынан рұқсат алусыз Шарттан бас 
тартуға құқылы; 

алаяқтық операцияларды алдын алу және шотқа рұқсат етілмеген қол жеткізуден Клиентті 
қорғау мақсатында үшінші тұлғалар пайдасына ақша аударымдарына және Сауда/сервис 
кәсіпорындары пайдасына сомасы бойынша шектеу қою және Homebank жүйесінде 
осындай операцияларды растау үшін аутентификациялау әдістерін өз бетінше анықтау; 

бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 
Homebank жүйесі жұмысын уақытша тоқтату; 

Банк Мобильдік қосымшада және/немесе Банктің Сайтында тиісті хабарлама арқылы, 
соның ішінде Клиент іс-қимылының заңдылығы жөнінде негізді күмән пайда болған 
жағдайда, Клиенттің Өкімін Homebank-ті қолдана отырып орындаудан бас тарту құқығын 
өзіне қалдырады. Бұл ретте Банк Клиенттен: Клиентті сәйкестендіретін деректер 
көрсетілген құжаттарды ұсынуды, Клиенттің қызметі туралы қосымша ақпаратты ұсынуды 
талап етуге құқылы. Осындай ақпаратты ұсынудан бас тартылған жағдайда, Банк Есептік 
жазбаны бұғаттауы мүмкін; 

Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында көзделген 
тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент 
іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) 
немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған 
жағдайда клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту; 

егер мұндай бас тарту немесе тоқтатуды Банк Қазақстан Республикасының «Қылмыстық 
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға 
қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарына сәйкес, сондай-ақ кез келген елдің (мысалы, 
OFAC) немесе халықаралық ұйымның (ФАТФ және БҰҰ-ды қоса, бірақ шектелмей) заңдық 
құзыретіне сәйкес салынған, олардың әрекеті Банккке және Клиентке таралатын 
санкцияларына сәйкес жүзеге асырса, Клиенттің кез келген операциясын жүргізуден бас 
тарту немесе жүргізілуін тоқтату. Бұл ретте Банк жоғарыда көрсетілген санкцияларға 
байланысты Клиенттің төлем нұсқаулықтарын орындаудан бас тарту немесе тоқтату 


салдарынан келтірілген Клиенттің шығындары үшін Банк ешқандай жауапкершілік 
арқаламайды; 

Егер Банктің пікірі бойынша, Homebank жүйесінің қауіпсіздік рәсімін бұзу немесе бұзу 
амалы орын алса, Клиенттің кез келген операциясын жүргізуден бас тарту немесе тоқтату; 

жүргізілген төлем және (немесе) аударым туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына 
және Ұлттық Банкке олардың талабы бойынша ұсыну; 

Клиент осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген басқа да негіздемелер бойынша Банк Клиентке Homebank-ті 
пайдалануды ұсынбауға құқылы; 

Банктің веб-сайтында осындай өзгертулерді және (немесе) толықтыруларды қамтитын осы 
Келісімнің мәтінін олар енгізілген күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей 
жариялау арқылы Шартқа біржақты және соттан тыс өзгерістер енгізуге; күш, сондай-ақ 
Банк тарапынан іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Банктің Клиенттен Шартқа 
енгізілген өзгертулермен және (немесе) түзетулермен келіспеуіне байланысты Шартты одан 
әрі орындаудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны алмауы Клиенттің Шарттың жаңа 
(өзгертілген) редакциясына келісімін білдіреді, және Келісімге осындай түзетулер, 
түзетулер Банктің жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл жағдайда Шартқа 
қосымша келісім жасалмайды, Клиенттің келісімін басқа жазбаша растау қажет емес; 

Клиент осы Шартта қарастырылған мінждеттемелерін бұзған жағдайда, Клиенттің 
Homebank-ті пайдалануға қол жеткізуін Клиент орын алған бұзушылықты жою мерзіміне, 
Банктің сұрау салуы бойынша құжаттарды және/немесе жеке ақпаратты ұсынуды қоса, 
бірақ мұнымен шектелмей, бұғаттауға. 

Шартты орындаудан біржақты бас тарту жолымен Клиентпен іскерлік қатынастарды мына 
жағдайларда тоқтату: 
- операцияларды зерттеу процесінде Клиент іскерлік қатынастарды Қылмыстық жолмен 
алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында 
пайдаланатыны туралы күдік пайда болу; 
- банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуден бірнеше рет бас тарту немесе 
клиенттің банктік шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтата тұру; 
- кез келген елдің (мысалы, OFAC) немесе халықаралық ұйымның (FATF және БҰҰ-ны 
қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) юрисдикциясына сәйкес салынған клиентке 
қатысты санкциялардың болуы); 

банкте клиенттің операциялары Халықаралық экономикалық санкциялардың 
қолданысына түседі немесе халықаралық экономикалық санкциялардан жалтаруға 
бағытталған деп пайымдауға негіз болған жағдайда; 
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді 
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы банктің ішкі нормативтік құжаттарында және 
рәсімдерінде көзделген. 
3.4. Банктің міндеттері: 

Клиентті Homebank-те тіркегеннен кейін оған олар арқылы қызметтер ұсынылатын Банк 
Сайты мен мобильдік қосымшасының тиісті түрде жұмыс жасауын қамтамасыз ету; 

Клиентке Homebank-ке қол жеткізуді болдырмауы немесе операцияларды орындауына 
кедергі болуы мүмкін, жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстар туралы Банк Сайтында 
тиісті ақпаратты ораналастыру арқылы Клиентке хабарлау; 

Клиент шарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы 
талаптарын сақтағанда, Клиенттің өкімдерін орындау; 

Клиент операциялары бойынша құпияны сақтау және олар бойынша мәліметттерді үшінші 
тұлғаларға тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Шартта 
көзделген жағдайларда және шегінде ұсыну. 
3.5. Тараптар өздеріне Homebank арқылы заңсыз қаржы операцияларды, заңсыз сауданы, 
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру бойынша 


операцияларды және де Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын кез келген басқа 
операцияларды да жүзеге асырмау бойынша міндеттеме қабылдайды. 
3.6. Клиент Банктің серверлерінде сақталуға жататын және Клиент тиісті операцияны жүргізу 
кезінде пайдаланатын негізгі ақпаратты тасымалдаушыға тіркеу куәліктерін жазуды жүзеге 
асыратынына келіседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет